Об утверждении Соглашения о Совете по гуманитарному сотрудничеству государств-участников Содружества Независимых Государств Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 28 қарашада Минск қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі туралы келісім бекітілсін.
Тармақ 2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі туралы КЕЛІСІМ
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі туралы КЕЛІСІМ Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, 2005 жылғы 26 тамыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісіміне қатысушы мемлекеттер - осы Келісімге қатысушылар, өзара гуманитарлық ынтымақтастықты бұдан әрі дамытуға ұмтыла отырып, мұндай ынтымақтастықты дамыту өз елдерінің мүддесіне сай екенін біле отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық бойынша кеңесін (бұдан әрі - Кеңес) құру көзделген 2005 жылғы 26 тамыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімінің 10-бабының ережелеріне сүйене отырып, төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап Кеңес өз қызметін осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің ережесі (қоса беріліп отыр) негізінде жүзеге асырады.
Бап 2. 2-бап
2-бап Осы Келісім оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші жазбаша хабарламаны депозитарийге тапсырған күннен бастап күшіне енеді. Мемлекетішілік рәсімдерді кеш орындаған Тараптар үшін осы Келісім тиісті хабарламаны депозитарийге тапсырған күннен бастап күшіне енеді.
Бап 3. 3-бап
3-бап Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің 2-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Бап 4. 4-бап
4-бап Осы Келісім, оның ережесіне ортақтасатын және осы Келісімнен туындайтын міндеттемелерді өзіне қабылдауға дайын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қосылуы үшін ашық. Қосылатын мемлекет үшін Келісім қосылу туралы құжаттарын депозитарийге өткізу күнінен бастап күшіне енеді.
Бап 5. 5-бап
5-бап Әр Тарап шығу күніне дейін 6 айдан бұрын кешіктірмей депозитарийге сондай ниеті туралы хабарлама жолдап, осы Келісімнен шыға алады. Минск қаласында 2006 жылғы 28 қарашада бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Осы Келісімге қол қойған әр мемлекетке оның куәландырылған көшірмесі жолданып, түпнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады. Әзірбайжан Республикасы үшін Армения Республикасы үшін Беларусь Республикасы үшін Грузия үшін Қазақстан Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін Молдова Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін Тәжікстан Республикасы үшін Түркменстан үшін Өзбекстан Республикасы үшін Украина үшін
Басқа 8. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
2006 жылғы 28 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі туралы келісіміне қосымша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 9. І. Жалпы ережелер
І. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) 2005 жылғы 26 тамыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімін іске асыру, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің мәдениет, білім, ғылым, мұрағат ісі, ақпарат және бұқаралық коммуникациялар, спорт, туризм және жастармен жұмыс саласында көпжақты өзара іс-қимылды үйлестіру үшін құрылады.
Тармақ 1.2
1.2. Кеңестің негізгі міндеттері ұлттық мәдениеттерді өзара байыту және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі жинақталған ғылыми-білімдік әлеует негізінде мәдениет, білім, ғылым, мұрағат ісі, ақпарат және бұқаралық коммуникациялар, спорт, туризм және жастармен жұмыс саласында ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру және дамыту, әр тұлғаның, тұратын еліне қарамастан, қабілеті мен дарынын іске асыру үшін үйлесімді жағдайлар қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 1.3
1.3. Кеңес өз қызметінде жалпыға ортақ халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізін қалаушы құжаттарды және Достастық шеңберінде мәдениет, білім, ғылым, мұрағат ісі, ақпарат және бұқаралық коммуникациялар, спорт, туризм және жастармен жұмыс саласында қабылданған басқа да шарттарды, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекеттер басшылары кеңесінің және Үкіметтер басшылары кеңесінің шешімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау ii. II. Кеңестің функциялары
II. Кеңестің функциялары Кеңес келесі функцияларды атқарады: 2.1 ТМД-ның гуманитарлық саладағы салалық органдарының, Достастыққа қатысушы мемлекеттердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым форумдарының, мәдениет, білім, ғылым, мұрағат ісі, ақпарат және бұқаралық коммуникациялар, спорт, туризм және жастармен жұмыс саласында қызмет атқаратын қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың ұсыныстарын есепке алып, Келісімге қатысушы мемлекеттер гуманитарлық ынтымақтастығының тұжырымдамалық және практикалық мәселелерін қарау.
Тармақ 2.2
2.2. Гуманитарлық саладағы басым бағыттарды және ынтымақтастық нысандарын анықтау, гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимыл жасау және бірлескен іс-әрекеттерді үйлестіру үшін ұсыныстар дайындау.
Тармақ 2.3
2.3. Келісімге қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы басым мемлекетаралық іс-шараларының екі жылдық жоспарын әзірлеу.
Тармақ 2.4
2.4. Гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы халықаралық-құқықтық құжаттар жобаларын жасау.
Тармақ 2.5
2.5. ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, соның ішінде мәдениет, білім, ғылым, мұрағат ісі, ақпарат және бұқаралық коммуникациялар, спорт, туризм және жастармен жұмыс саласындағы бірлескен халықаралық бағдарламалар, жобалар және іс-шараларды дайындау және іске асыруды қамтамасыз ету.
Тармақ 2.6
2.6. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорымен өзара іс-қимыл жасасу.
Тармақ 2.7
2.7. ТМД Мемлекеттер басшылары кеңесі және Үкіметтер басшылары кеңесінің отырыстарына гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу.
Тарау iii. III. Кеңестің құқықтары
III. Кеңестің құқықтары Кеңес өз функцияларын орындау үшін құқылы:
Тармақ 3.1
3.1. Белгіленген тәртіппен өз құзырындағы мәселелер бойынша Келісімге қатысушы мемлекеттер мен ТМД салалық ынтымақтастық органдарынан ақпарат сұратуға.
Тармақ 3.2
3.2. Белгіленген тәртіппен Достастықтың жоғарғы органдарының қарауына гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері бойынша шешімдерінің орындалғаны туралы ақпаратты енгізуге.
Тармақ 3.3
3.3. Белгіленген тәртіппен Достастықтың жоғарғы органдарының қарауына Кеңес әзірлеген құжаттар жобаларын, оған қоса мемлекетаралық жобалар мен бағдарламалардың қаржыландыру көлемі және көздері бойынша ұсыныстар енгізуге.
Тармақ 3.4
3.4. Кеңес алдында тұрған міндеттерді орындау үшін қажет жағдайда тұрақты және уақытша жұмыс топтарын құруға.
Тармақ 3.5
3.5. Құзырындағы басқа да мәселелерді шешуге.
Тарау iv. IV. Кеңесті құру тәртібі
IV. Кеңесті құру тәртібі
Тармақ 4.1
4.1. Кеңестің мүшелері Келісімге қатысушы мемлекеттердің өкілетті өкілдері (әр мемлекеттен бір адамнан) болып табылады.
Тармақ 4.2
4.2. Кеңесте төрағалық ету кезекпен ротация принципі негізінде, бір жылдан аспайтын мерзімде Келісімге қатысушы әр мемлекеттің өкілімен жүзеге асырылады.
Тарау v. V. Жұмысты ұйымдастыру
V. Жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 5.1
5.1. Кеңес отырыстары қажеттілік бойынша, бірақ, жылына екі реттен сирек емес өткізіледі және оған Кеңес мүшелерінің үштен екісі қатысқанда өкілетті деп саналады. Кеңестің кезектен тыс отырыстары Төраға бастамасымен немесе Кеңестің үштен аз емес мүшелерінің бастамасымен шақырылады. Кеңес мүшесі отырысқа қатыспаған жағдайда, оның құқықтары Келісімге қатысушы мемлекет уәкіл еткен басқа тұлғаға тапсырылуы мүмкін.
Тармақ 5.2
5.2. Отырыстар өткізу орны Кеңес мүшелерінің алдын ала келісімі бойынша анықталады.
Тармақ 5.3
5.3. Кеңес отырысына кеңесу дауысына иелік құқығымен гуманитарлық саладағы ТМД салалық ынтымақтастық органдарының және ТМД Атқарушы комитетінің басшылары қатыса алады.
Тармақ 5.4
5.4. Әр нақты жағдайда қабылданатын Кеңес шешімі бойынша, оның отырыстарына байқаушылар ретінде гуманитарлық салада қызмет атқаратын халықаралық және ұлттық ұйымдар өкілдері қатыса алады.
Тармақ 5.5
5.5. Кеңес өзгені белгілемесе, Кеңес шешімдері отырысқа қатысып отырған оның мүшелерінің жәй көпшілік дауыстарымен қабылданады. Кеңестің кез келген мүшесі қандай да бір мәселе бойынша бейтараптығы туралы мәлімдей алады, бұл шешімді қабылдауға кедергі ретінде қаралмауы керек. Шешіммен келіспеген Кеңес мүшелері айрықша пікірін білдіре алады, ол отырыс хаттамасына енгізіледі.
Тармақ 5.6
5.6. Кеңес шешімдері хаттамалармен ресімделіп, оған Кеңес Төрағасы қол қояды.
Тармақ 5.7
5.7. Кеңес өз қызметінің ішкі ұйымдастыру мәселелері бойынша шешім қабылдайды.
Тармақ 5.8
5.8. Кеңестің жұмыс аппараты функциясын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі атқарады.
Тарау vi. VI. Қаржыландыру
VI. Қаржыландыру Кеңес отырыстарын өткізу бойынша шығыстарды аумағында Кеңес отырысы өткізілетін Келісімге қатысушы мемлекет көтереді. Кеңес мүшелерінің іссапары бойынша шығыстарды оларды жіберуші мемлекет көтереді. Осымен, қоса берілген мәтіннің 2006 жылғы 28 қарашада Минск қаласында болып өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің мәжілісінде қабылданған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі туралы келісімнің түпнұсқа көшірмесі екендігін растаймын. Жоғарыда аталған Келісімнің түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады. Осымен, бұл мәтіннің Минск қаласында 2006 жылғы 28 қарашада қол қойылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі туралы келісімнің орыс тілінен аудармасы екендігін растаймын.