Қала көшелеріне және селолық округтердегі көшелердің атауларын өзгерту және жаңадан құрылған көшелерге атаулар беру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қала көшелеріне және селолық округтердегі көшелердің атауларын өзгерту және жаңадан құрылған көшелерге атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабының 4 тармағына сәйкес және қалалық ономастикалық комиссиясының 2007 жылғы 9 қазандағы қорытындысы негізінде Атырау қалалық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау қаласындағы, Балықшы пәселкесінде қарасты Құрсай ауылының оңтүстік бетіндегі жанадан бой көтерген көшеге, Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек сіңірген ұстаз – Құбаш Мұқашұлының есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Атырау селолық округіне қарасты бұрынғы Ленин көшесіне еңбек ардагері – Қуанәлі Құрмашевтің есімі берілсін.
Тармақ 3
3. «Алмагүл» мөлтек ауданындағы жаңадан салынған № 4 көшеге медицина саласының үздік қызметкері – Керей Ишанғалиұлы Исмагуловтың есімі берілсін.
Тармақ 4
4. Атырау қаласындағы бұрынғы «Дружба» көшесіне «Достық» атауы берілсін.
Тармақ 5
5. Геолог селолық округіне қарасты елді-мекені мен мөлтек ауданы бойынша орналасқан көшелерге және өткелдерге төмендегіше атаулар берілсін:
Тармақша 1
1) «Бірлік» елді-мекені бойынша: №5 көшеге «Тұмар ханым» есімі берілсін.
Тармақша 2
2) «Мирас» мөлтек ауданы бойынша:
Тармақша 1
1) жаңадан құрылған көшелерге төмендегідей атаулар берілсін: №2 көшеге – Бейбітшілік; №3 көшеге – Мұнайшылар; №6 көшеге – Жеңіс.
Тармақша 2
2) жаңадан құрылған өткелдерге төмендегідей атаулар берілсін: №3 өткелге – Нарын; №4 өткелге – Шұғыла; №5 өткелге – Наурыз; №6 өткелге – Арай.
Тармақ 6
6. Осы шешім Атырау қалалық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 7
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.