Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру ұйымының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру ұйымының мамандарына әлеуметтік көмек беру туралы Қазақстан Республикасы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауданының ауылдық жерлерде тұратын мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету және жалғыз басты қарттармен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің қызметкерлеріне 2007 жылғы бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін (5460 теңге) 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек төленсін.
Тармақ 2
2. Аудандық қаржы бөлімі (Сансызбаев Дулат Муратұлы) әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қарымбаев Жақсылық Сұлтанұлы ) әлеуметтік көмектің төлеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Далабаев Жандарбек Ермекұлына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.