Мұнайлы ауданы мен аудан жанындағы елді мекендердегі жасыл көшеттерді ұстау мен қорғаудың ережесі туралы Күшін жойған
Басқа 0
Мұнайлы ауданы мен аудан жанындағы елді мекендердегі жасыл көшеттерді ұстау мен қорғаудың ережесі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 2 - тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Мұнайлы ауданы мен аудан жанындағы елді мекендердегі жасыл көшеттерді ұстау мен қорғаудың ережесі» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылыр көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі мекемесінің бастығы
Қ. Чаркатбаев
10 қазан 2007 жыл
Басқа 3
Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 11 қазандағы
№2/26 шешімімен бекітілген
Мұнайлы ауданы мен аудан жанындағы елді мекендердегі жасыл көшеттерді ұстау мен қорғаудың ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Осы ереже адамдарды қоршаған ортаньщ жәйлі де жақсы болуыньщ негізгі компоненттерінің бірі ретінде Мұнайлы ауданы және аудан жанындағы елді мекендері аумағында көлемі, құрамы және орналасуы жағынан ұтымды тал, бұта және шөп дақылдарының қорын жасау мен сақтау мақсатында жасақталды.
Осы ереже Қазақстан Республикасының «Әкімшілік қүқық бұзушылық туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі және Қазақстан Республикасьшьщ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
Тарау 2. 2. Өсімдік корынын жағлайына жане сақталуына жауапкершілік
2. Өсімдік корынын жағлайына жане сақталуына жауапкершілік
Тармақ 1
1. Жасыл желектердің жағдайы мен сақталуына мыналар жауапты:
Тармақша 1
1)орман-бақтарда, саябақдарда, скверлерде, автомобиль жолдарының адам жүретін бөлігінде - көгалдандыруды жүзеге асыратын ұйымдар;
Тармақша 2
2)ұйымдардың, кәсіпорындардың, оқу орындардың, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің аумағында - осы шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары; шағын аудандар аумағында- пәтер иелері тұтыну кооперативтерінің басшылары; аудан жанындағы поселкелердің аумағында - жасыл көшеттерге күтім жасауды жүзеге асыратын, коммуналды кәсіпорындардың басшылары; бау-бақша серіктестіктерінің (одан әрі ББС деп аталады)аумағында - басқарма басшылары;
Тармақша 3
3)жасыл көшеттерге жеткіншектер зақым келтірген кезде - олардың ата-аналары, үй жануарларымен бүлінген жағдайда - олардың иелері;
Тармақша 4
4)тұрғын үйлерде орналасқан орта және шағын бизнес объектілері мен офистерінің иелері жасыл көшеттерді сақтауға, оның айналысын көгалдандыруға сауапты.
Тарау 3. 3. Осы Ережемен тыйым салынған іс-әрекеттер
3. Осы Ережемен тыйым салынған іс-әрекеттер
Тармақ 2
2. Мьшаларға тыйым салынады:
Тармақша 1
1)талдарды, бұталарды, бұтақтарды кесуге және сындыруға, газон дар мен клумбалардан гүлдерді жұлуға, ағаштардан сөл алуға, оларды кесуге, онда жазу жазуға, шегеқағуға, сым орауға, көшеттерге және басқа да жарақаттар жасауға;
Тармақша 2
2)қоршалған жасыл бұталар көшетіне, талдарға бекітілген жіптерге жуылған кірді кептіруге;
Тармақша 3
3)жасьш көшеттер аумағына ағынды суды, жанар-жағар майларды, химиялық, құрылыс қалдықтарын және басқа да қалдықтарды төгуге;
Тармақша 4
4)газондар мен клумбаларға, саябақтар мен скверлерге сауда ларектарын, киоскілерді, столдарды, балмұздақ тіркемелерін орналастыруға;
Тармақша 5
5)автокөлік құралдарын жақын жерден арнайы бөлінген жерлерден басқа жерлерге, яғни саябақтар мен скверлерге, газондарға, көшеттер отырғызылған басқа да жерлерге қоюға;
Тармақша 6
6)гүлдерді, ағаштардың екпе көшетін, бұталарды баданасымен және тамырымен алып алуға;
Тармақша 7
7)үй жануарларын газондар мен клумбаларда қыдыртуға; жасыл көшеттерді ауыл шаруашылық және үй жануарларына таптатуға, бүлдіртуге.
Тарау 4. 4. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАНДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ОСЫ ЕРЕЖЕНІ БҰРМАЛАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
4. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАНДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ОСЫ ЕРЕЖЕНІ БҰРМАЛАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Тармақ 3
3. Осы Ережені бұрмалаған кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік кұқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес тартылады.