Мұнайлы ауданы аумағын абаттандыру Ережесін бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Мұнайлы ауданы аумағын абаттандыру Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 және 387 баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Мұнайлы ауданы аумағын абаттандыру ережесі» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы,
автомобиль жолдары мекемесінің бастығы
Қ. Чаркатбаев
10.10.2007 жыл
Басқа 3
Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 11 қазандағы
№2/28 шешімімен бекітілген
Мұнайлы ауданы аумағын абаттандыру
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Осы ереже Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленді, аумақты кемелге келтіру. санитарлық тазарту, тазалықты сақтау саласында жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігін белгілейді және қарым-қатынасын реттейді.
Тарау 2. 2. ТАЗАРТУ, КӨГАЛДАНДЫРУ МЕН КЕМЕЛДЕНДІРУ ҮШІН АУДАННЫҢ АУМАҒЫН ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРГЕ БЕКІТУ ЖӘНЕ ҚАЛДЫҚТАРДЫ АЛЫП КЕТУМЕН ЖОЮ
2. ТАЗАРТУ, КӨГАЛДАНДЫРУ МЕН КЕМЕЛДЕНДІРУ ҮШІН АУДАННЫҢ АУМАҒЫН ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРГЕ БЕКІТУ ЖӘНЕ ҚАЛДЫҚТАРДЫ АЛЫП КЕТУМЕН ЖОЮ
Тармақ 1
1. Жер бөлу кесімімен айқындалған, шағын аудандар ішілік (аулалық) аумақтарды тазарту, көгалдандыру мен кемелге келтіру пәтер иелерінің тұтыну кооперативтеріне (ПИТК) немесе басқа да тұрғын жері бойынша басқару органдарына жүктеледі, Қазақстан Республикасының заңымен айқындалған, магистральды көшелерді, жасыл көшет аймақтарын, бақша, саяжай жолдарын, тарихи және мәдени ескерткіштерді, табиғи және табиғат ландшафты мен ортақ колданыстағы басқа да жерлерді тазарту, көгалдандыру мен кемелге келтіру мамандандырылған кәсіпорындарға жүктеледі.
Тармақ 2
2. Жеке аумақты және офистердің, палаткалардың, киоскілердің, ларектердің, сондай-ақ шағын және орта бизнестің басқа да объектілерін, оқу орындарының, мектеп жасына дейінгі мекемелердің, өнеркәсіп пен басқа да кәсіпорындарын, құрылыс алаңдарының, қоймалардың, базарлардың және олардың подьездерінің маңайьндағы аумақты тазарту және сыпыру жөніндегі жұмыстарды осы объектілердің иелері қамтамасыз етеді, бұл жұмыстарды өз күштерімен, қаражаттарымен немесе мердігерлік ұйымдардың шарты бойынша жүргізеді, өзге аумақтың (стадиондар, базарлар, ашық автомобиль тұрақтары, гараж құрылыс кооперативтері 10 метр радиус маңайындағы аумақтар) тазалағын сақтауға жауапкершілік-тиісті жер пайдаланушыларға жүктеледі.
Топырақ қабатына нұсқан келуіне байланысты өнеркәсіпті немесе өзге құрылысты жүзеге асырушы құрылыс және басқа да ұйымдар топырақтың құнарлы қабатын ағаштар отырғызу үшін алуға және сақтауға, сондай-ақ жұмыс өндірісі кезінде бүлдірген жер учаскелері мен көшеттерді құрылыс аяқталған бой да жедел өз есебінен қалпына келтіруге міндетті.
Тармақ 3
3. Қатты және сұйық заттарды залалсыздандыру арнайы бөлінген учаскелерде немесе тараптарда, «Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТБ) үшін полигондарды ұстау және орнату» деген санитарлық ережелер мен нормаларда (СемН) жазылған залалсыздандыру, өңдеу жөніндегі құрылғыларда жүргізіледі, қалдықтарды бұл үшін тағайындалған басқа жерлерге алып кетуге, сондай-ақ ауьш шаруашылық даласына (жайылымдарға) көмуге және өртеуге тыйым салынады.
Тарау 3. 3. ОРТАҚ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҮСТАУ
3. ОРТАҚ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҮСТАУ
Тармақ 4
4. Саяжайлардың, жағажай демалыс аймақтарының, жаппай қыдырыс орындарының және басқа да ортақ қолданыстағы жерлердің аумақтары 1 бөлімде белгіленген талаптарға сәйкес ұсталады.
Тармақ 5
5. Барлық алаңдар мен көшелерде, саяжайларда, вокзалдарда, базарларда, қалалық көлік аялдамаларында және басқа да жерлерде жеткілікті санда урналар қойылуға тиіс. Урналардың арақашықтықтарын магистралды (аумақты) пайдаланудың интенсивтігіне қарамай коммуналдық щаруашылық органдары айқындайды, адам көп көшелерде - 50 метрден көп емес, адам аз көшелерде - 100 метр. Аудан көлігінің аялдамасы болған жерлерде міндетті түрде урналар қойылуы керек. Урналардың орнаталуы мен ұсталуына, тазалығына осы аумаққа бекітілген тазартуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер жауапты.
Тармақ 6
6. Өз үйлері мен офистерінің, сауда орындарының, палаткалардың, ларектердің, павильондардың жанына скверлерге, парктерге, бульварларға, жағажайларға қалдықтар (жиналған қатты тұрмыстық қалдықтардың көлеміне қарай контейнерлер қойылады) үшін урнаны иелерінің өздері қояды.
Тармақ 7
7. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында, ашық алаңдарда, кәуап пісіретін жерлерде, киоскілерде, сауда павильондарында келушілер мен адамдар үшін стационарлық дәретхана орнату міндетті шарт.
Тармақ 8
8. Көлік құралдарын пайдалану және жөндеуге байланысты ауданның аумағын ластауға, балалар алаңында, тұрмыстық қалдықтарды әкетуге кедергі жасайтын аула аумақтарыньщ адам өтетін бөлігінде көлік құралын қоюға және механикалық тазарту жасауға, сондай-ақ тұрғын үйлердің жанында сағат 23-тен таңғы 7-ге дейін көлік, ыдыратылған көлік құралдарын қоюға тыйым салынады.
Тарау 4. 4. АЙРЫҚША АУМАҚ ОБЪЕКТІЛЕРІН ТАЗАРТУ
4. АЙРЫҚША АУМАҚ ОБЪЕКТІЛЕРІН ТАЗАРТУ
Тармақ 9
9. Айрықша аумақ объекгілерінде (базарлар, жағажайлар, саяжайлар, емдеу алдын-алу
мекемелері) санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың келісімінсіз санитарлық қондырғыларды салуға, қайта жабдықтауға, жууға, ыдыстар
мен ағаштарды олар үшін бөлінбеген жерлерге қоюға тыйым салынады.
Тармақ 10
10. Жағажайдың техникалық қызметкері ол жабылғаннан кейін жағалауды, дәретханаларды, шешінетін жерлерді, жасыл аймақтарды тазартуға, дәретханаларды дезинфекциялауға, ыдыстарды (тараларды) жууға тиіс.
Жиналған қалдықгарды алып кетуге таңғы сағат 8-ге дейін рұқсат етіледі. Урналарды көшеттер жолағынан 3-5 метр қашықтықга, су ағатын жерлерде 10 метр қашықтықта қою қажет. Жағдай аумағының 1600 шаршы метріне кем дегенде 1 урнадан қойылуға тиіс, олардың арасындағы қашықтық 40 метрден аспауы қажет.
Ашық және жабық шешінетін жерлер, шешінуге арналған павильондар, гардеробтар дезинфекция жасайтын сұйықты қолдана отырып тазалау жүргізілуі тиіс.
Суға түсуге арналған жерлерде кір жууға және жануарларды жуындыруға тыйым салынады.
Тармақ 11
11. Базарлар.
Базар (соның ішінде шаруашылық жүргізілетін алаңдар, кірме жолдар) алаңының, еріген және жаңбырдың суын ағуды қамтамасыз ететіндей, еңіс қатты қабаты (асфальт, булыжниктер) болуға тиіс.
Базарлар айрықша аумақтарға орналастырылуға, құрылыс нормалары мен ережелерін және басқа да нормативті қүжаттарды ескере отырып, түрғын үй қүрылысынан кем дегенде 50 метр қашықтықта болуға тиіс. Базар аумағында канализация және су құбыры болуы керек.
Урналар мен контейнерлер санитарлық нормаларға сай орналастырылуы тиіс.
Базарлардың көлемі 0,2 және одан да астам гектар алаңдарында жиналған қалдықтарды сыйымдылығы 0,75 текше метрлік контейнерлерде сақтау қажет.
Тармақ 12
12. Саяжайлар мен скверлер.
Шаруашылық аймағы ( маусымды қоқыс жинағышты орнату үшін бөлінген учаскелермен) демалушылардың жаппай жиналатын жеріне (би алаңдары және басқалар) 50 метрден жақын орналаспауға тиіс.
Дем алушылардың жаппай жиналатын жерінен аулақ жерлердегі қалдықтарды жинаудың қолайлығы үшін қалдықтарды уақытша сақтауға арналған қоқыс жинау урналарын кондыру керек.
Шаруашылық алаңдары үшін контейнерлердің саны 3 күндегі қалдықтардың жиналуына қарай қойылуы тиіс.
Қоғамдық дәретханалар санитарлық нормаларға сай орналастырылуы тиіс.
Тарау 5. 5. АУДАН АВТОЖОЛДАРЫН (ӨТКЕЛЕКТЕРДІ) ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ
5. АУДАН АВТОЖОЛДАРЫН (ӨТКЕЛЕКТЕРДІ) ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ
Тармақ 13
13. Жолдың жазғы тазартылуы сәуірдің 15-мен қарашаның 15 аралығы кезеңінде су шашу машинасының көмегімен, жол төсемдеріне жуу, сыпырып тазарту арқылы жүргізіледі. Жууды 2 тәулікте кем дегенде 1 рет түнгі сағат 23-тен таңғы сағат 7-ге дейін жүргізу қажет. Күніне 1 рет сағат 7-ден 21-ге дейін міндетті түрде су шашып, сыпыру керек.
Тармақ 14
14. Үй төбелеріндегі қарларды тазарту, мұздан пайда болған шашақтарды алу құрылыс иелерінің міндетіне жатады және ол сақтық шараларын (кезекші бөлу, тротуарларды қорғау) сақтай отырып жүргізілуге тиіс. Үй төбелерінен лақтырьлған қар сол бойда бір жерге үйіліп, қажет болған жағдайда алып кетілуі керек.
Тарау 6. 6. ҮЙ ИЕЛІГІН ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ
6. ҮЙ ИЕЛІГІН ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ
Тармақ 15
15. Ведомстволық бағынысына, меншік нысанына қарамастан үй иелігі тұрақты түрде, жоспар бойынша, қандай болсын тапсырыс алмай-ақ тұрмыстық қалдықтардан тазартылып тұруға тиіс, және осы мақсаттарға арналған арнайы көлікпен жүргізілуі керек.
Тармақ 16
16. Үй иелігінің аумағында көлік баруға қолайлы контейнерлер орнату үшін арнайы алаң бөлінуі тиіс, алаң ашық, су жібермейтін қабаты болуы, жасыл көшеттермен қоршалуы керек.
Тармақ 17
17. Тұрғындарды шуылмен алаңдатпауды қамтамасыз ету үшін тұрмыстық қалдықтар үй иелігінен таңғы 7-ден қалдырмай кешкі 23-ке дейін алынуы тиіс.
Тармақ 18
18. Әрбір елді мекенде қатты тұрмыстық қалдықты жоқ қылуды тиісті коммуналдық қызмет белгілейді және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жергілікті мекемелерімен келіседі.
Тармақ 19
19. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін кемелденген тұрғын үй қорында стандартты метал контейнерлерін (0,75 текше метр) қолдану керек. Канализациясы жоқ үй иеліктерінде ағаш немесе металлдан жасалған қоқыс жинағыштарын санитарлық нормаларға сәйкес қолдануға болады.
Тармақ 20
20. Контейнерлер орнатуға арналған алаңдар тұрғын, қоғамдық үйлерден, спорт алаптарынан, халық демалатын жерлерден кем дегенде 20 метр қашықтықта болуы керек. Алаңдардың көлемі контейнерлерді қоюдың қажет санына қарай есептелуі керек, бірақ 5-тен көп емес.
Қалдықтарды, әсіресе тұрғын үй аумағындағы, уақытша сақтау орнын мүдделі органдармен келісу керек.
Аула дәретханасын қондырудьң, қалдықтарды уақытша сақтау орындарын белгілеудің мүмкіндігі жоқ құрылыс салынып жатқан аудандарда, кейбір жағдайда бұл қашықтықты комиссия белгілейді (сәулетшінің тұрғын үй пайдалану ұйымының санитарлық дәрігердің қатысуымен). Жеке үй иелігінің аумағында қоқыс салғышты, аула дәретханасын
және жуынды құятын шұқырды орналастыратын жерді үй иелерінің өздері айқындауға тиіс, қашықтық 8-10 метрге дейін қысқаруы мүмкін. Даулы жағдайда бұл мәселені СЭС, сәулет бөлімінің және жергілікті әкімдіктің өкілдерімен комиссия қарайды.
Тармақ 21
21. Жазғы кезеңде қалдық салғыштар санитарлық нормаларға сәйкес қолданылуы
керек.
Тармақ 22
22. Қалдық салғыштан, қоқыс таситын көліктен тамақ қалдықтарын және қайталама шикізаттарды (мата, банкі, бөтелкі және басқа да заттар) алуға болмайды.
Тармақ 23
23. Қоқыс құбырының камерасының есігі үй мен басқа да орын жайлардан оқшаулануы қажет. Камераның едені асфальтталған, подъездің деңгейімен бірдей болуы керек. Қоқыс құбырына тұрмыстық қалдықтарды қоқыс қабылдайтын камераның еденіне лақтыруға тыйым салынады, қоқыс қабылдау камерасында арнайы тара (ыдыс) болуы керек.
Тармақ 24
24. Қоқыс құбыры, қоқыс құбырының камерасы ақаусыз болуы тиіс. Баспалдақ алаңындағы қоқыс құбырларының клапандарының қақпағы мықты болуға тиіс, герметизациялау және шуылды басу мақсатында резина прокладкалармен қамтылуы керек. Қоқыс құбыры бар тұрғын үйлерде санитарлық нормаларға сай қоқыс құбырының ұңғысын дезинфекциялау үшін жағдай жасалуы керек. Бұл үшін ұңғылар тиісті қондырғылармен жабдықталады.
Тармақ 25
25. Ірі қалдықтарды алып кету мен жоқ қылуды аптасына кем дегенде 1 рет, жиналғанына қарай орын жайдың меншік иесі (үй мен ғимараттың иелері) жүргізеді.
Тармақ 26
26. Камераны қоқыс құбырын, қоқыс салғышты, камерадан қалдықтарды тиейтін жердің маңайын сақтаудың жауапкершілігі сол үй бағынатын ұйымға жүктеледі.
Тармақ 27
27. Канализациясы жоқ үй иеліктерінен сұйық қалдықтарды жинау үшін жуынды құятын кұдық орнатылады. Оның қабырғалары ылғалды жайылтпауға, жердің бетінде және қақпағы қатты қалдықтарды бөлу үшін құдықтың торы, үстіңгі қабырғасы алмалы- салмалы болуға тиіс.
Тармақ 28
28. Канализациясы жоқ ауладағы қоғамдық дәретханалар тұрмыстық және қоғамдық үйлерден, балалар ойнайтын және халық дем алатын алаңдардан кем дегенде 20 метр және 100 метр қашықтықта болуы тиіс.
Тармақ 29
29. Аула дәретханаларының орын жәйлары таза сақталуға тиіс, оларды күн сайын тазарту керек. Санитарлық нормаларға сай аптасына кем дегенде 1 рет орын жайды дезинфекция жасайтын құралдармен жуу кажет.
Тармақ 30
30. Тері венерологиялық, жұқпалы және туберкулез ауруханаларының, сондай-ақ жұқпалы аурулармен ауырғанды сауықтыру жөніндегі арнайы санаториялардың асханаларынан, ресторандар мен аэропорт кафелерінен, халықаралық линияларға қызмет жасаушы поездардан ас қалдықтарын жинауға тиым салынады.
Тармақ 31
31. Алып кеткенге дейінгі тамақ қалдықтарын уақытша сақтау оның азуы мен, адамдардың жағдайына кері әсер етпеуі үшін тәуліктен аспауға тиіс.
Тармақ 32
32. Сауда және қоғамдық тамақтандыру объектілеріндегі тамақ қалдықтары, олардьщ бағынысы мен меншік нысанына қарамастан, тек қана салқын орын жайларда уақытша сақталуы керек.
Тарау 7. 7. ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ АУМАҒЫНДА ШАҒЫН СӘУЛЕТ НЫСАНЫН ОРНАТУ МЕН ҰСТАУДЫҢ РЕТІ
7. ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ АУМАҒЫНДА ШАҒЫН СӘУЛЕТ НЫСАНЫН ОРНАТУ МЕН ҰСТАУДЫҢ РЕТІ
Тармақ 33
33. Ішкі кемелге келтірудің барлық элементтері, соның ішінде фасадтарды әрлеу аумақтың құрылысын реттеуді айқындайтын ережелерге сәйкес орындалуға тиіс.
Тармақ 34
34. Қоршаулардың, дуалдардың, киоскілердің, палаткалардың, павильондардың, ларектердің, жарнама стендтерінің құрылысын салуға, олардың маңдайшаларын, әртүрлі көрнекі және басқа да қондырғыларды безендіруге, саяжайға отырғыштар орнатуға, белгіленген ретте келісілгеннен соң ғана жол беріледі.
Тармақ 35
35. Тұрғын үй қызметтік, өндірістік және өзге үйлер мен құрылғылардың иелері үйлердің нөмір белгілерін, көшелердің көрсеткіштерін, сондай-ақ маңдайшаларды ақаусыз жағдайда ұстауға міндетті, олар «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңына сәйкес жазылуға тиіс.
Тарау 8. 8. ОСЫ ЕРЕЖЕМЕН ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ІС-ӘРЕКЕТТЕР
8. ОСЫ ЕРЕЖЕМЕН ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ІС-ӘРЕКЕТТЕР
Тармақ 36
36. Мыналарға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) көшелерде, тротуарларда, газондарда, қоқыс салғыштарда (контейнерлерде) сондай- ақ үйлердің фасадтарында ағаш, көмір, пішен, сабан, улы химикаттар, металл сынықтарын, минералды тыңайтқыштар және басқа да материалдарды жинауға;
Тармақша 2
2) балкондардың (лоджиялардың) сыртына жуылған кір, кілем, матрацтарды жаюға және олардан қоқыстарды шашуға;
Тармақша 3
3) көшенің адамдар жүретін бөлігіне, құрылыстан бос аймақтарға, теңіз жағалауына, көшеттер аумағына және ортақ қолданыстағы басқа да жерлерге қоқыстар, тұрмыс қалдықтарын (темекінің тұқылы, бөтелкелерді, қағаздарды) лақтыруға;
Тармақша 4
4) тұрғын үйлер жанында, санаториялар аймағында көлік құралдарын жууға, кір жууға, жануарларды шомылдыруға;
Тармақша 5
5) жолдың және тротуарлардың адамдар жүретін бөлігінде қоршалмаған газ люктерінің, канализацияға, су құбырына, жаңбыр суына арналған құдықтардың қақпағын ашық тастауға болмайды;
Тармақша 6
6) көшелерде, бақшаларда, саяжайларда, стадиондарда, мектеп жанындағы учаскелерде және ортақ қолданыстағы басқа да жерлерде мал бағуға, айдауға, кұс бағуға;
Тармақша 7
7) қаланың көшелерімен трактор табанды көліктің жүруіне;
Тармақша 8
8) ортақ қолданыстағы жасыл көшеттер аумағында көкөніс және ауылшаруашылық дақылдарын егуге;
Тармақша 9
9) сусымалы және сұйық жүктерді автомашиналарда, ақаулы астауларда, жабдықталмаған тіркеулерде бетін жаппай тасуға;
Тармақша 10
10)жерге байланысты жұмыстарды жүргізгенде құрылғыларды (жол төселімдері, бордюрлер, қоршаулар, люктер, құдықтар, су ағатын торлар, лотоктар, юоветтер, су ағар құбырлар, дренаждар т.б), жасыл көшеттерді бүлдіруге, сондай-ақ оларды құммен көмуге;
Тармақша 11
11)жылу, сумен қамту және канализация жүйелерінің ақауын жөндеу жөніндегі авариялық жұмыстарды жүргізген шақты суды тротуарларға, газондарға, көшенің адамдар жүретін бөлігіне төгуге;
Тармақша 12
12)кәсіпорындардың, ұйымдардың аумақтарында көшелерде, газондарға, тұрғьш кварталында жеке меншік учаскелерде қоқыстарды, жапырақтарды өртеуге;
Тармақша 13
13)хабарландыруларды, жарнамаларды, афишаларды жэне т.б өз бетімен ілуге.
Тарау 9. 9. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ОСЫ ЕРЕЖЕНІ БҰРМАЛАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
9. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ОСЫ ЕРЕЖЕНІ БҰРМАЛАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Тармақ 37
37. Осы Ережені бұрмалаған кінәлі жеке және
заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»
Кодексіне сәйкес жауапқа
тартылады.