О реорганизации республиканских государственных казенных предприятий Комитета по государственному контролю за чрезвычайными ситуациями и промышленной безопасностью Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации республиканских государственных казенных предприятий Комитета по государственному контролю за чрезвычайными ситуациями и промышленной безопасностью Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1154
- Қабылданған күні
- 30.11.2007
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 35977_55985.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070001154_
- ЭКБ идентификаторы
- 35977
- Редакция идентификаторы
- 35977_55985
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:44
0 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі жұмысты жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің "Ақ Берен", "Құтқарушы", "Көмір" әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі", "Кен" әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары оларды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің орталық штабы" (бұдан әрі - кәсіпорын) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару жұмыстарын, сондай-ақ өрттерді сөндіруге және алғашқы медициналық көмек көрсетуге байланысты жұмыстарды әрі төтенше және авариялық жағдайларда жүргізілетін басқа да арнайы жұмыстарды, сондай-ақ алдын алу жұмыстарын орындау болып белгіленсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бір ай мерзімде кәсіпорын жарғысын бекітуге ұсыныс;
2 2) әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2 2) "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483 қаулысында :
көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіндегі "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 94, 98, 99, 102-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 105-1-жолмен толықтырылсын:
"105-1. "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің орталық штабы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.".