О внесении дополнений в Регламент Сената Парламента Республики Казахстан Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 2-тармағына және Парламент Сенаты Регламентінің 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламенті мынадай мазмұндағы 81-1, 81-2 және 81-3-тармақтармен толықтырылсын: "Әлеуметтік-экономикалық блок министрлері қызметтеріне кандидатураларды алдын ала талқылау 81-1. Премьер-Министрдің әлеуметтік-экономикалық блок министрінің кандидатурасы жөніндегі ұсынымын Сенаттың тиісті бейіндік комитеті өзінің отырысында қарайды. 81-2. Әлеуметтік-экономикалық блок министрі қызметіне кандидатура жөніндегі ұсыным Парламент Сенатына жазбаша нысанда енгізіледі. 81-3. Мәселені комитет отырысында қараған кезде кандидатураны қызметке Премьер-Министр немесе ол уәкілдік берген лауазымды адам ұсынады. Ұсынылған кандидатура жөнінде комитеттің қорытындысы қабылданады, ол Премьер-Министрге жіберіледі.".