О внесении изменений и дополнения в некоторые акты Президента Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілер жинағында жариялануы тиіс ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі N 140 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 25, 254-құжат; 2007 ж., N 11, 119-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде: 19-тармақтағы "шартты-мерзімінен бұрын босатылған," және ", сондай-ақ жазасын өтеген адамның" деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 19-1 және 19-2-тармақтармен толықтырылсын: "19-1. Шартты-мерзімнен бұрын босатылған адамдардың кешірім жасау туралы өтініштері Қазақстан Республикасының Президентіне тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдары арқылы жіберіледі. 19-2. Сот тағайындаған жазаны өтеген адамдарға кешірім жасау туралы өтініштерді Қазақстан Республикасы Президентінің атына олар өз бетінше жібереді."; 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "26. Кешірім жасау туралы өтінішке қоса берілген және түзеу мекемелері, ішкі істер органдары арқылы жіберілген материалдарды тиісінше осы мекемелердің әкімшілігі (қолбасшылығы), тиісті ішкі істер органдарының басшылығы куәландырады."; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін: Шәкіров - Қазақстан Республикасындағы Адам Асқар Оразалыұлы құқықтары жөніндегі уәкіл; мына жолдар: "Байқадамов - Қазақстан Республикасындағы Адам Болат Кенжекешұлы құқықтары жөніндегі уәкіл", "Самақова - Қазақстан Республикасы Президентінің Айткүл Байғазықызы кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы" тиісінше мынадай редакцияда жазылсын: "Байқадамов - Қазақстан Республикасы Президентінің Болат Кенжекешұлы жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия Хатшылығының меңгерушісі", "Самақова - Қазақстан Республикасы Парламенті Айткүл Байғазықызы Мәжілісінің депутаты"; көрсетілген Комиссия құрамынан С.П.Нұғыманов шығарылсын; 2) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы N 303 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 44-құжат; N 39, 396-құжат; 2003 ж., N 18, 180-құжат; 2004 ж., N 4, 50-құжат; N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 44, 578-құжат; 2006 ж., N 7, 51-құжат; 2007 ж., N 5, 62-құжат; N 26, 299-құжат): жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамына мыналар енгізілсін: Шәкіров - Қазақстан Республикасындағы Адам Асқар Оразұлы құқықтары жөніндегі уәкіл; көрсетілген Комиссия құрамынан Б.К.Байқадамов шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.