Об оказании социальной поддержки студентам из малообеспеченных семей Күшін жойған
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген отбасы студенттеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы, 1 тармағы, (14 тармақшысына) сәйкес, жоғары кәсіптік білім алуға аз қамтамасыз етілген отбасы студенттеріне әлеуметтік қолдау көрсету үшін, Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылатын, Қызылжар ауданында тұрақты тұратын және мемлекеттік жалпы білімдік гранттар мен несиелердің иегері бола алмаған, аз қамтамасыз етілген отбасы студенттеріне әлеуметтік қолдау осы мақсатқа аудан бюджетінде көзделген қаражат көлемінде көрсетілсің.
Тармақ 2
2. «Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жыл сайын және уақтылы Солтүстік Қазақстан облысының жоғары оку орындарында оқу мерзімінде әлеуметтік қолдау алуға аз қамтамасыз етілген отбасы студенттерін іріктеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. 451-007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша көмек қажет ететін жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек» бағдарламасының әкімшісі ретінде «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталсын.
Тармақ 4
4. Аз қамтамасыз етілген отбасы студенттеріне әлеуметтік көмек көрсету үшін комиссия құрылсын:
комиссия төрағасы - Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары
комиссия мүшелері
- «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
- «Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
комиссия хатшысы - «Қызылжар аудандық жұмыспен және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы
Тармақ 5
5. «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі көмек алушылардан құжаттардың толық топтамасы түскеннен кейін бес кун ішінде іс түзеду, әлеуметтік көмекті тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешімгің жобасын әлеуметтік көмек алу құқығын аныктау комиссиясына жолдайды комиссия он күн ішінде ұсынылған құжаттарды қарап әлеуметтік көмек тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады. Істерді және комиссия отырысы хаттамасының үзіндісін бөлімге жолдайды. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік себептерін көрсетіп өтінушіге кұжаттарын қайтарады. Көмек көрсетуден бас тартудың негізі: ЖОО түсу туралы жалған мәлімет, құжаттарды бермеу немесе құжаттардағы мәліметтердің анық еместігі.
Тармақ 6
6. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес заңсыз төленген сома кінәлі тұлғалардың есебінен қалпына келтірілуге тиісті.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бакьшау аудан әкімінің орынбасары Е.Қадыровқа жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он кун өткеннен кейін күшіне енеді.