Об утверждении категории рынков области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстағы базарлардың санатын бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 05.10.2001 № 211 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 шiлдедегi № 955 "Қазақстан Республикасының базарларында сату құқығы үшiн алым туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Їкiметiнiң 1996 жылғы 23 ақпандағы № 234 "Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 шiлдедегi № 955 қаулысына өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы" қаулысына сәйкес:
Тармақ 1
1. Облыстың қала және аудан әкiмдерi:
- қосымшаға сәйкес базарлардың, шағын базарлардың және сауда
сөрелерiнiң санаттарын белгiлесiн;
- базарлардың санаттарына қарай қала, аудан базарларында тауар сату
құқығы үшiн оның мөлшерiн анықтасын және бекiтсiн.
Тармақ 2
2. Облыс Әкiмi бiрiншi орынбасарының 1995 жылғы 31 шiлдедегi № 2-141ө
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 шiлдедегi
№ 955 Қаулысын жүзеге асыру туралы" өкiмi күшiн жойды деп есептелсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары Қ.С.
Iзбасхановқа жүктелсiн.
Басқа 4. Облыс базарларының санаты
Облыс Әкiмiнiң 1996 жылғы
24 сәуiрдегі № 79
шешiмiне
қосымша
Облыс базарларының санаты
-----------------------------------------------------------------------
: Базарлардың санаты
-----------------------------------------------------------------------
1. Алаңы 100 шаршы метр және
100 орыннан асатын базарлар III
2. Алаңы 100 шаршы метрден аспайтын Санатқа
және 100 орындық шағын базарлар жатпайды