Малыбай селолық округінде ірі қара малдың сарып ауруы ойынша шектеуді алу туралы Қолданыста
Басқа 0
Малыбай селолық округінде ірі қара малдың сарып ауруы ойынша шектеуді алу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18 тармақшасына, 2002 жылғы 10 маусымдағы ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 10 тармақшасына сәйкес Лебяжі ауданының бас мемлекеттік мал дәрігері инспекторының ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Лебяжі ауданының Малыбай селолық округінде ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеу алынсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 12 маусымдағы «Малыбай селолық округінде ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеу салу туралы» № 182/6 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Бұл қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.В. Дубовицкийге жүктелсін.