Майқарағай селолық округінде ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуді салу туралы Қолданыста
Басқа 0
Майқарағай селолық округінде ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуді салу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18 тармақшасына 2002 жылғы 10 маусымдағы «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9 тармақшасына және 27 бабына сәйкес Лебяжі ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының ұсынысы негізінде, ірі қара малдың сарып ауруын жою мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Лебяжі ауданының Майқарағай селолық округінде ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеу салынсын.
Тармақ 2
2. Майқарағай селолық округінің әкімі:
ауыл шаруашылығы малдарын басқа аймаққа айдау, жеткізу, әкелу, әкетуге;
сүт өнімдерін әзірлеу, сату және ауылдан шығаруға;
басқа шаруашылықтарға шығару үшін шөп және басқа дақылдарды дайындауға;
ауыл шаруашылығы көрмелері мен жәрмеңкелерін өткізуге шектеу салу бойынша шаралар қабылдансын.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік ветеринарлық инспекторы (келісім бойынша) селолық округ әкімімен бірлесе ауру малдарды жекелеу шараларын қабылдансын және карантин қадағалау орындарындағы құрал – жабдықтарға үнемі бақылау жүргізсін.
Тармақ 4
4. Лебяжі ауданы бойынша мемлекеттік санитарлы – эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басқармасы (келісім бойынша) селолық округ тұрғындары арасында сарыпты ескерту және оның алдын алу шараларын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Бұл қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.В. Дубовицкийге жүктелсін.