Қолданыстағы ред. 22.11.2007

Ямышев селолық округінің «Сыздықов атындағы агрофирма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жылқылардың індетті лимфангоит ауруы бойынша карантинді салу туралы от 22.11.2007 г. № 228/11 (Ямышев селолық округінің «Сыздықов атындағы агрофирма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жылқылардың індетті лимфангоит ауруы бойынша карантинді салу туралы)

0

Ямышев селолық округінің «Сыздықов атындағы агрофирма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жылқылардың індетті лимфангоит ауруы бойынша карантинді салу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18 тармақшасына 2002 жылғы 10 маусымдағы «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9 тармақшасына және 27 бабына сәйкес Лебяжі ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының ұсынысы негізінде, жылқылардың індетті лимфангоит ауруын жою мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Лебяжі ауданының Ямышев селолық округінің Шарбақты ауылына ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеу салынсын.

2

2. Ямышев селолық округінің әкімі:
ауыл шаруашылығы малдарын басқа аймаққа айдау, жеткізу, әкелу, әкетуге;
сүт өнімдерін әзірлеу, сату және ауылдан шығаруға;
басқа шаруашылықтарға шығару үшін шөп және басқа дақылдарды дайындауға;
ауыл шаруашылығы көрмелері мен жәрмеңкелерін өткізуге шектеу салу бойынша шаралар қабылдансын.

3

3. Мемлекеттік ветеринарлық инспекторы (келісім бойынша) селолық округ әкімімен бірлесе ауру малдарды жекелеу шараларын қабылдансын және карантин қадағалау орындарындағы құрал – жабдықтарға үнемі бақылау жүргізсін.

4

4. Лебяжі ауданы бойынша мемлекеттік санитарлы – эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басқармасы (келісім бойынша) селолық округ тұрғындары арасында сарыпты ескерту және оның алдын алу шараларын қамтамасыз етсін.

5

5. Бұл қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енсін.

6

6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.В. Дубовицкийге жүктелсін.