Об оказании социальной помощи малообеспеченным гражданам Күшін жойған
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармакшасына, «2007 жылғы аудандық бюджет туралы» 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 32/1 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 13 қазандағы № 2/1 аудандық мәслихатының шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жан басына шаққанда орташа айлық табысы облыста белгіленген кедейлік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген азаматтарға және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, 3 топтағы жұмыс істемейтін мүгедектерге, жас бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушы зейнеткерлерге, 4 және кәмелетке толмаған көп баласы бар аналарға айлық есептік көрсеткіштің елу пайызы мөлшеріңде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қосубаев Е.Қ.) 2007 жылғы желтоқсан үстінде көрсетілген азаматтар санаттарына әлеуметтік көмекті төлеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудандық қаржы бөлімі (Береская Т.В.) «Жергілікті өкілеттік органдары шешімі бойынша мұқтажды азаматтардың санаттарына әлеуметтік көмек» 451-007-000 бағдарлама бойынша көмек көрсетуге арналған шығыстарды уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.В.Циммерманға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми басылған күнінен бастап қызметке етеді.