Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекетік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекетік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» қаулысын, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашасындағы №107 «Әкімшілік рәсімдері туралы» Заңының 9-1 бабына және Атырау облыстық әкімиятының 2007 жылғы 10 қазандағы №224 «Атырау облысында мемлекетік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламентін бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаулы мүдделі жақтарға жолдансын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Арыстанға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Басқа 5. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою
Қызметтің атауы
Аудандық әкімияттың
2007 жылғы «21» қараша
№394 қаулысымен бекітілген
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі СТАНДАРТЫ
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою
Қызметтің атауы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою.
Тармақ 2
2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: Автоматтандырылмаған
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық акті: 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 35-бабы.
Тармақ 4
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы: Аудандық автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 5
5. Тұтынушы алатын көрсетілетн мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке азаматтар.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері.
Тармақша 1
1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап және т.с.с.) электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1 апта ішінде
Тармақша 2
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезде және т.с.с. кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақт): қабылдау кезінде уақытылы қызмет көрсету-1 сағатқа дейін
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файылдық рұқсат берілген жоғары мөлшері: қабылдау кезінде уақытылы қызмет көрсету-1 сағатқа дейін
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орнын көрсету. Бұл стандартты ресми жариялау көзіне, мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік қызмет көрсететін өзге де субъектінің сайтына немесе мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайларына сілтеме болуға тиіс.
Тармақ 10
10. Жұмыс кестесі: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 13:00-дан 14:00-ге дейін. Күнделікті қабылдау. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
Тармақ 11
11. Қызмет көрсетілетін орын: Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет селосы, Абай көшесі №16.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекетік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі: 1. Арызы, 2. Жанұясы туралы анықтамасы, 3. Жеке куәлігі, 4. СТН, 5. Селолық округтегі үйге мұқтажығы туралы берген анықтамасы
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет сайтқа сілтемені бланк берілетін орыны: Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті толтырылған өтініштерді және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адам: аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы С.Қожрақов, Махамбет селосы, Абай көшесі №16, тел: 2-14-16 қызметтік; 2-16-46 үй телефоны;
Тармақ 15
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық қажетті құжаттарды ресми растайтын анықтама беріледі.
Тармақ 16
16. Электрондық почта, сайт арқылы, жеке бару, курьер және т.с.с. Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін беретін сайтқа сілтемені, бас маман С.Қожарақов, Махамбет селосы, Абай көшесі №16, тел: 2-14-16.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздері:
1. Қажетті құжаттардың толық болмауы;
2. Құжаттардағы түзетулер немесе дұрыс толтырмаса.
Тарау 3. 3. Жұмыс қағидаттары
3. Жұмыс қағидаттары
Тармақ 18
18. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі беретін қызмет көрсетуде тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары: (сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуді).
Тарау 4. 4. Жұмыс нәтижесі
4. Жұмыс нәтижесі
Тармақ 19
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Үлгі стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен
Тарау 5. 5. Шағымдану тәртібі
5. Шағымдану тәртібі
Тармақ 21
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне)
Тармақша 1
1) Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және селосы, әкімият үйі, Абай көшесі №16, тел: 2-14-16.
Тармақша 2
2) Аудан әкімінің орынбасары С.Шотпақов әкімият үйі, Абай көшесі №16, тел:2-12-34.
Тармақ 22
22. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап 1 апта ішінде және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығынан жұмыс күнінде білуге болады. Аудандық әкімият үйі, Абай көшесі №16, каб №5, тел: 2-14-16.
Тарау 6. 6. Байланыс ақпараты
6. Байланыс ақпараты
Тармақ 23
23. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, Махамбет селосы, Абай көшесі №16, аудандық әкімият үйі, тел: 2-14-16.
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштің нормативтік мәні
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні
1
2
3
4
1.Уақыттылығы
1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % үлесі
100%
90%
90%
1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % үлесі
80%
80%
90%
2.Сапасы
2.1. қызметті ұсыну үрдесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
90%
75%
90%
2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б % үлесі
100%
85%
90%
3.Қол жетімділік
3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
90%
70%
90%
3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % үлесі
80%
70%
90%
3.3. интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % үлесі
50%
50%
50%
4.Шағымдану үдерісі
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % үлесі
0,5%
6%
90%
4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % үлесі
100%
80%
90%
4.3. шағымдардың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанылған тұтынушылардың % үлесі
90%
80%
90%
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
90%
80%
90%
5.Сыпайылық
5.1. қызметкерлердің сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
90%
90%
90%