Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» қаулысын, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашасындағы №107 «Әкімшілік рәсімдері туралы» Заңының 9-1 бабына және Атырау облыстық әкімиятының 2007 жылғы 10 қазандағы №224 «Атырау облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламентін бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы от 21.11.2007 г. № 398 (Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы)
1. Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің «Лизингке техника, сатып алу үшін анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қаулы мүдделі жақтарға жолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Арыстанға жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Махамбет аудандық
әкімиятының
2007 жылғы «21» қараша
№398 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы. Шаруа қожалықтары, құрылымдар мен кәсіпкерлерге қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы сұраған орындарға аудандық ауылшаруашылығы бөлімі атынан анықтама.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің (заңнамалық акт, Қазақстан Республикасы Президентінің актісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі) атауы, бабы (тармағы) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы.
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы:
Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі
Мекен жайы: Махамбет селосы, Абай көшесі №16
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны: (нәтижесі)
Анықтама
(анықтама, рұқсат, лицензия, сертификат, куәлік және т.б.)
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты.
Шаруа қожалықтары, құрылымдар мен кәсіпкерлер
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері. Жоқ.
1) Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген сәттен, талон алынғаннан бастап т.с.с.) электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: Бір апта
2) Қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезде және т.с.с.) кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 15 күн
3) Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды кезек күтуге рұқсат берілген ұзақ уақыт, файылдың рұқсат берілген жоғары мөлшері: 15 күн
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін немесе тегіндігін көрсету. Ақылы болған жағдайда құнын, төлеу нысанын, мемлекеттік қызметтін күнін (алым, төлем) төлеу кезінде толтырылуы талап етілетін құжаттың қажетті нысандары (түбіртегі).
Ақысыз
9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру түрін көрсету. Бұл стандартты ресми жариялау кезінде, мемлекеттік органның, мемлекеттік мекемесінің немесе мемлекеттік қызмет көрсететін өзге де субъектінің сайтына немесе мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайларына сілтеме болуға тиіс.
10. Жұмыс кестесін (күндер, сағаттар,үзілістер) көрсету, қызметті алу үшін алдын-ала жазылуға бола ма (шарттары мен талаптарын көрсету), жедел қызметтер көрсету бар ма (шарттары мен талаптарын көрсету) Аптаның жұмыс күндері және сенбі күні сағ 12-ге дейін.
11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттарын көрсету. Қабылдау бөлмесінде үлгі тақтасы бар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін Қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі.
1) Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі Анықтама
Аптаның жұмыс күндері мен сенбі күні сағат 12-ге дейін Махамбет селосы Абай көшесі-16 1 қабат №4 кабинет тел: 2-10-22
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет сайтқа сілтемені не бланк берілетін орын (өтініш нысандары және т.с.с.) Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажет сайтқа сілтемені не толтырылған бланкілерді өтініштерді, нысандарды және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жайы және кабинетінің нөмірі. Махамбет селосы, Абай көшесі-16 Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі 1 қабат №4 кабинет тел:2-10-22
15. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздерді. Негіз жоқ.
3. Жұмыс қағидаттары
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау (сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат тұтынушы құжаттардың мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету). Осы қағидаттар сақталады.
4. Жұмыс нәтижелері
17. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымша сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштермен өлшенеді.
18. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
19. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын, шақыруларды өңдеу орталықтарының (call-орталықтар) телефон нөмірлерін не лауазымды адам кабинетінің нөмірі:
Махамбет селосы, Абай көшесі-16, Ауыл шаруашылығы бөлімі 1 қатар №4 кабинет тел: 2-10-22
20. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын не лауазымды адам кабинетінің нөмірі:
Махамбет селосы, Абай көшесі-16, Ауыл шаруашылығы бөлімі 1 қатар №4 кабинет тел: 2-10-22
21. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері. Арыз-шағым тіркеу журналы, тел.2-10-22.
6. Байланыс ақпараты
22. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, мекеме немесе өзге де субъект басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы-С.Төленов. Махамбет селосы, Абай көшесі, тел.2-13-75. Жұмыс орны-Махамбет селосы, Абай көшесі-16, Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, жұмыс күндері.
25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат (шақыруларды өңдеу орталықтарының телефондары, қосымша қызметтер туралы ақпарат және т.б.) Жоқ.
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштің нормативтік мәні
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні
1
2
3
4
1.Уақыттылығы
1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % үлесі
100 %
90 %
90 %
1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % үлесі
80 %
80 %
90 %
2.Сапасы
2.1. қызметті ұсыну үрдесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
90 %
90 %
90 %
2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б % үлесі
100 %
90 %
90 %
3.Қол жетімділік
3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
90 %
90 %
90 %
3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % үлесі
80 %
70 %
90 %
3.3. интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % үлесі
50 %
50 %
50 %
4.Шағымдану үдерісі
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % үлесі
0,5 %
6 %
90 %
4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % үлесі
100 %
80 %
90 %
4.3. шағымдардың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанылған тұтынушылардың % үлесі
90 %
80 %
90 %
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
90 %
80 %
90 %
5.Сыпайылық
5.1. қызметкерлердің сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
90 %
90 %
90 %