О контроле за движением акций открытых акционерных обществ, приобретенных закрытым способом Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ашық акционерлік қоғамдардың жабық тәсілмен сатып алынған акцияларының қозғалысына бақылау жасау туралы "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңы 26-бабының 5-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ашық акционерлік қоғамның жабық тәсілмен сатып алынатын акцияларын одан әрі өткізу олардың эмиссияларын мемлекеттік тіркеу талап етілмейтін мынадай жағдайлар айқындалсын:
Тармақша 1
1) оларды ашық акционерлік қоғамның құрылтайшылары арасында бастапқы орналастыру кезінде сатып алынған бастапқы эмиссияның акцияларын қоғамның бір құрылтайшысынан басқасына өткізу;
Тармақша 2
2) оларды тұлғалардың алдын-ала айқындалған шеңбері арасында орналастыру кезінде сатып алынған келесі эмиссиялардың акцияларын осындай тұлғалардың бірінен басқасына өткізу;
Тармақша 3
3) оларды тұлғалардың алдын-ала айқындалған шеңбері арасында орналастыру кезінде сатып алынған келесі эмиссиялардың акцияларын осы акцияларды оларды жоғарыда аталған заңның 28-бабының шарттарын сақтаумен қоғам сатып алған кезде эмиссиялаған осындай тұлғалардан қоғамға өткізу;
Тармақша 4
4) акцияларды осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілмеген үшінші тұлғаларға айрықша мына жағдайларда: мұрагерлікке қалдыру кезінде; соттың шешімі бойынша; акциялардың меншік иесі - заңды тұлғаның құқықтық мирасқорына(ларына) оны қайта ұйымдастыру кезінде; акциялардың меншік иесі - заңды тұлға таратылған кезде; жекешелендіру туралы заңдарға сәйкес акциялардың мемлекеттік пакеттерін сату кезінде. Ескерту: 1-тармақтың 4-тармақшасына өзгеріс енгізілді және 6-бөлікпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының 1999 жылғы 14 қазандағы N 454 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, Қазақстан Тізілім ұстаушылары Қауымдастығының (оларға осы Қаулыны өзінің мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Тармақ 5
5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтік қаржылар басқармасы және Заң басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) өздері эмиссиялаған акцияларды ұстаушылардың тізілімін жүргізуді дербес жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың назарына жеткізу жөнінде барлық ықтимал шараларды қабылдасын.