Об определении мест для выездной торговли в поселке Карабалык Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарабалық кентінде көшпелі сауда үшін орындарды анықтау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, 31-бабының негізінде, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 «Сауда қызметін рет еу туралы» Заңының 8, 27-бабына, сауда қызметіне жайлы жағдайларды құру мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарабалық кентінің ішінде көшпелі сауда үшін орындар анықталсын. Космонавтар көшесінде Орталық нарығы қасында аймағы; Черемушки ауданшығында № 1 және № 2 үйлер арасында асфальтты алаңы; Ленин көшесінде аудандық мәдениет Үй ғимаратының алдында автотұрағының аймағы.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.