Лубен селолық округі бойынша ірі қара малы арасындағы бруцеллез ауруына салынған шектеуді алу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Лубен селолық округі бойынша ірі қара малы арасындағы бруцеллез ауруына салынған шектеуді алу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып Шыңғырлау ауданы, Лубен селолық округінің ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының тоқтағанына ескере отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 201 «Лубен селолық округі бойынша ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты шектеу салу туралы» қаулысымен Шыңғырлау ауданы Лубен селолық округінің ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты салынған шектеу алынсын.
Тармақ 2
2. Лубен селолық округінің әкімі (Қосмағамбетов) Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясымен (Досқазиев), Шыңғырлау аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен (Сабиров) және Шыңғырлау аудандық аумақтық медицина бірлестігімен (Қалмен) бірлесе отырып, осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме қалдырмын.