О переименовании улицы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көше атын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, 31-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) және 5) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының ғылымына, мәдениетіне, әдебиетіне елеулі үлес қосқан, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерінің есімін мәңгі есте сақтау туралы 2007 жылгы 3 шілдедегі қалалық ономастикалық комиссия қорытындысының негізінде қалалық мәслихат ШЕШТІ және Семей каласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Семилетка көшесі Әбіш (Әбусагит) Жиреншин болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Көшенің атын өзгертуге байланысты жұмыстар бастамашылардың көмегімен қаржыландырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің көше аншлагтарын стандартты ресімдеу бөлігінің орындалуына бақылау сәулет және қала құрылысы бөліміне (Қ.У.Кокиланов) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім мен қаулы алгаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.