О сборе средств дорожного фонда Күшін жойған
Басқа 0
Жол қорының қаражаттарын жинау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 05.10.2001 № 211 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы "Жол қоры туралы" № 2701 заң күшi бар Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 ақпандағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Жол қоры туралы" Жарлығын жүзеге асыру туралы" қаулысымен республикалық және облыстық жер қорларының қаражаттарын қалыптастыру тәртiбi мен көздерi анықталған.
Жол қорына қаражат жинау бойынша iс-жүзiндегi жұмысты мейлiнше жақсарту жолдық-жөндеу жұмыстардың көлемiн кеңейту, жалпы пайдаланудағы автомобильдiк жолдардың техникалық жағдайын нығайту мақсатында:
Тармақ 1
1. "Шымкентавтожол" қазыналық автомобильдiк жолдарының кәсiпорны /Момынбеков/:
- бензин мен дизель отынын бөлшек сауда арқылы сататын барлық заңды және жеке тұлғалардан Жол қорына түсетiн қаражаттарды толық мөлшерде жинап алуды қамтамасыз етсiн;
- әрбiр қала, аудандағы автомобиль майын құю стансалары мен жылжымалы құралдарды есепке алып, олардан бөлшек сауда арқылы бензин мен дизель отынын сатуды бақылау белгiленсiн;
- меншiк нысанына қарамастан барлық автомобиль майын құю стансалары және жылжымалы құралдардың иелерiнiң Жол қорына төлейтiн төлемдерiнiң дұрыстығын анықтау үшiн есептiк құжаттардың /тауарлық, қазыналық кiтаптардың және т.б./ нақтылығын тексерсiн.
Тармақ 2
2. "Шымкент мұнай оргсинтез" АҚ /Бауман/, "Шымкент мұнай өнiмдерi" /Төлеметов/ АҚ, "Ақ таң" АҚ /Тұранбаев/, "Шымкентпромстрой" АҚ /Клугман/, мұнай өнiмдерiн өндiру және сатумен айналысатын басқа заңды және жеке тұлғаларға "Шымкентавтожол" қазыналық кәсiпорнымен Жол қорына қаражат жинау құқығы туралы келiсiм-шарттар жасау ұсынылсын. Бұл кәсiпорын төлемшiлердiң тапсырмалары бойынша әр литрi 3 теңгеден тұратын бензин мен дизель отынын бөлшек саудаға босату кезiнде дұрыс есептеудi және сол қаражаттардың республикалық және облыстық Жол қорларының тиiстi шоттарына аударуды қамтамасыз етедi.
Тармақ 3
3. Облыстық салық инспекциясы /Крипулевич/ "Шымкентавтожол" қазыналық кәсiпорнына Жол қорын төлемшiлердiң санын анықтауда және Жол қорына қаражаттардың уақтылы және толық түсiруiне ықпал жасасын.
Тармақ 4
4. Көлiк инспекциясына /Мәкембаев/, iшкi iстер басқармасына /Сұлтанов/ "Шымкентавтожол" қазыналық кәсiпорны бөлшек сауда арқылы бензин және дизель отынын сату кезiндегi төлемдердi толық және дер кезiнде жинап алу бойынша келiсiмдiк шарттарда өткiзiлетiн тексерулерге қатысу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Облыстық кеден комитетi /Алдығараев/, темiр жол бөлiмшесi /Салықбаев/ ай сайын облысқа кiргiзiлетiн бензин және дизель отынының мөлшерi туралы ақпаратты "Шымкентавтожол" қазыналық кәсiпорнына берiп тұрсын.
Тармақ 6
6. Қала, аудан әкiмдері:
- бөлшек сауда арқылы бензин және дизель отынын лицензиясыз, рұқсатсыз сатуға тиым салсын;
- бензин және дизель отынын қатаң сол үшiн бөлiнген қауiпсiз орындарда сатуды бақылауды белгiлесiн;
- "Шымкентавтожол" қазыналық кәсiпорнының өкiлдерiне жергiлiктi жерлерде Жол қорына қаражат жинауды жүзеге асыруға ықпал жасасын.
Тармақ 7
7. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары Қ.С. Iзбасхановқа жүктелсiн.