О наложении ограничительных мероприятий на Селетинский сельский округ Қолданыста
Басқа 0
Сілеті ауылдық округінде шектеу шараларын енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағы 9) тармақшасына сәйкес, ірі қара малдың алдын ала емдеу жұмысы мақсатында, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі Ертіс аудандық аумақтық инспекциясының (бұдан әрі – ҚР АШМ ЕААИ) бас мемлекеттік инспекторының ұсынысы бойынша, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сілеті ауылдық округінде ірі қара малдың бруцеллез аруы бойынша шектеу шаралары енгізілсін.
Тармақ 2
2. 2008 жылы Сілеті ауылдық округінде ірі қара малдың бруцеллез ауруының алдың алу және жою үшін қосымша кешенді жоспары мақұлдансын.
Тармақ 3
3. ҚР АШМ ЕААИ ветеринарлық қадағалау бөлімі (келісім бойынша) және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлімі (бұдан әрі – МСЭҚДБ) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Ірі қара малдың бруцеллез індетіне байланысты алдын ала іс-шараларын жүргізсін;
Тармақша 2
2) 2004 жылдағы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің № 632 бұйрығымен бекітілген жануарлардың бруцеллезбен күресу жөніндегі көрсетілген жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурудың (бруцеллез) алдын-алу және олармен күресу бойынша ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережелеріне сәйкес шек қою аяқталғанына дейін қажетті шаралар қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылғаннан қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
ҚР АШМ ЕААИ бастығы
Қ. Қозыбаев
2007 жыл 29 қараша
Келісілді
МСЭҚДБ бастығы
З. Дүйсебина
2007 жыл 29 қараша