Об утверждении Правил о порядке и размерах предоставления жилищного пособия малообеспеченным семьям (гражданам) по Теректинскому району Күшін жойған
Басқа 0
Теректі ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңына, 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97- бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Теректі ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережесі бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 25 қыркүйектегі № 4-2-1 «Теректі ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға), Ұлы. Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызметтердің өтемақысын төлеуге берілетін тұрғын үй жәрдемақысының тәртібі мен мөлшері туралы Ережесін» бекіту туралы» шешімі жойылсын.
Басқа 3. Теректі ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға /азаматтарға/ тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы ЕРЕЖЕ
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 қарашадағы №3-2 сессияның шешіміне қосымша
Теректі ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға /азаматтарға/ тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Тұрғын үй жәрдемақысы
1. Тұрғын үй жәрдемақысы
1.1 Тұрғын үй жәрдемақысы - аз қамтамасыз етілген отбасыларға /азаматтарға/ тұрғын жайдың меншік нысанына, арнайы мемлекеттік жәрдемақы түрлеріне, сондай - ақ әлеуметтік қорғаудың басқа түрлеріне қарамай берілетін, тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызмет ақысын төлеу шығындарын өтеуге арналған өтемақы.
Тармақ 1.2
1.2. Тұрғын үй жәрдемақысы Теректі ауданы аумағында тұрақты тұратын жай иелеріне немесе меншігінде тұрғын жайы жоқ жалдаушы Қазақстан Республикасының азаматтарына тағайындалады.
Тармақ 1.3
1.3. Тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметті пайдалану ақысын төлеудің шекті шығын көлемі егерде отбасы құрамында бірге тұратын зейнеткерлер, барлық топтағы мүгедектер және оларды күтетін азаматтар; жасы 50 - ден асқан жұмыссыз әйелрдер, жасы 55 - тен асқан жұмыссыз ерлер, тұл жетім балалар, асыраушысынан айырылғандар немесе баланы жалғыз ілікті тәрбиелеп отырған азаматшалар болса және жалғызбасты немесе ерлі - зайыпты жұптар үшін, ата - анасыз қалған балалармен бірге тұратын немесе үш жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған баласымен бірге тұратын зейнеткерлер үшін отбасының жиынтық табысының 15% көлемінде белгіленсін, ал басқа санаттағы азаматтарға отбасының жиынтық табысының 30% көлемінде белгіленсін.
Тармақ 1.4
1.4. ҰОС мүгедектері мен қатысушыларымен бірге тұратын отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы табысы есепке алынбай жүзеге асырылады және жылына бір рет тағайындалады. Аталған санаттағы азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау .үшін ҰОС мүгедегі мен қатысушы атынан өтініш, жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, ҰОС қатысушы немесе мүгедегі болып табылатыны жөніндегі куәлігінің көшірмесі және тұрғылықты жерінен отбасы құрамын растайтын анықтаманы тиісті орынға тапсыру қажет.Тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну үшін төлемақы, тұрғын жай иесі немесе жалдаушы екендігіне қарамастан ҰОС мүгедегіне немесе қатысушыға төленеді. ҰОС мүгедектері мен ардагерлеріне жылына 1 рет тұрғын үй жәрдемақысы 30000 теңге көлемінде беріледі.
Тармақ 1.5
1.5. Тұрғын үй жәрдемақысының көлемі тұрғын жай иесінің /жалдаушы/ өтемақы төлеу шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну үшін төлейтін нақты төлемақы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсай алатын ең жоғары шығын деңгейінің арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
Тармақ 1.6
1.6. Тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысы сомасының
құрамына мыналар енеді: суға, газ баллонға, электр жарығына, қысқы мерзім кезінде үйді жылыту үшін отын ретінде қолданылған көмір, ағашқа жұмсалған шығын қаражаттары.
Тармақ 1.7
1.7. Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалану нормативі төменде көрсетілгендей болып белгіленсін:
су құбырынан алынатын ауыз су мөлшері адам басына шаққанда көшеде орнатылған су құбырынан 1 куб.м. 1 айға 64 теңге, әр отбасына айына газ баллон нормасы 11 киллограмдық 1 баллон, құны - 1500 теңге , жылыту кезеңі есебінде әр отбасының тұрғын үйінің 1 шаршы метр пайдалы алаңына 72,8 кг. көмір, кұны 6500 теңге , ағаш отыны әр отбасының пайдалы алаңына 10 шаршы метрге ағаш шығыны 1 куб.метр, 1 куб. метр ағаштың құны - 3500 теңге, электрқуаты мөлшерлемесі 1 кв.сағ. - 4,96 теңге, 100 квт. артық көрсетілген шығын есептелмейді.
Белгіленген тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалану нормативі өзгерген жағдайда тұрғын үй көмегі өзгеріске сай есептеледі.
Тармақ 1.8
1.8. Тұрғын жай алаңының төлемақы шараларымен қамтылатын көлемінің әлеуметтік нормасы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 75 - бабына сәйкес әр адамға 18 шаршы метр пайдалы алаң болып белгіленсін, бірақ бір бөлмелік пәтерден кем емес.
Тармақ 1.9
1.9. Тұрғын үй көмегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы ұсынылады.
Тармақ 1.10
1.10. Мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан артық емделіп жатқан тұлғалар,сондай-ақ мүгедектерді және ҮОС қатысушыларын күтетін тұлғаларды,
7 жасқа дейінгі бала күтуші аналарды, жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ деген дәрігерлік - кеңестік комиссияның қортындысы бар- туберкулезбен ауыратын азаматтарды, баланы жалғыз ілікті тәрбиелеп отырған әйелдерді немесе асыраушысынан айырылған отбасыларды, зейнеткерлерді, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған тұлғаларды және барлық топ мүгедектерді қоспағанда, еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, күндізгі оқу нысанында оқымайтын , әскери қызмет атқармайтын, жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшесі бар отбасылар тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ.
Жұмыспен қамту меншіктенушіге (пайдаланушыға) тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғаларға, тұрғын үй жәрдемақысы жұмыссыз статусы берілген сәттен бастап тағайындалады.
Жеке меншігінде бір тұрғын жай бірлігінен артық тұрғын жайы немесе тұрғын үйі бар тұлға тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады.
Тармақ 1.11
1.11. Тұрғын үй жәрдемақысы ақшалай төлем түрінде белгіленеді және тұрғын жай пайдалану үшін есептелген сомамен салыстырғанда төлемақының азаюы ретінде аударым арқылы ұсынылады және тұрғын жай меншіктенушінің немесе пайдаланушының жеке есеп шотына аударылады.Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын жай ұстау және коммуналды қызметтерді пайдалану үшін белгіленген нормаларға сәйкес есептелген нақты төлемақы сомасынан аспауы тиіс.
Тармақ 1.12
1.12. Тұрғын үй жәрдемақысы Қазақстан ұлттық банкісінің келісімімен Қаржы министрлігі тізімін бекіткен екінші дәрежелі банктер арқылы, жергілікті бюджеттен осы мақсаттарға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бөлінген қаржы есебінен азаматтардың жеке шоттарына аудару жолымен төленетін болып белгіленеді.Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу тәртібі мен шарттары аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, банктер және алушы аралығында жасалған үшжақты келісіммен белгіленеді.
Тармақ 1.13
1.13. Тұрғын үй жәрдемақысы жарты жылдық бойынша алты ай мерзімге тағайындалады. Бірінші жартыжылдықта 1 тоқсан жылу мерзімі, 2 тоқсан жазғы мерзім, екінші жартыжылдықта 3 тоқсан жазғы мерзім, 4 тоқсан жылу мерзімі болып есептеледі. Жаңа мерзімге жәрдемақы алғашқы процедураға сәйкес рәсімделеді. Отбасының тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалануға жұмсай алатын шығын деңгейі, отбасының табыс мөлшері, сондай-ақ тұрғын үй - коммуналдық қызмет көрсетулердің тарифтері өзгерген жағдайда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі уақытында есептелмеген табысын бұрын тағайындалған көмекті қайта есептейді.
Тармақ 1.14
1.14. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу кезінде туындаған дауды «Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы комиссиясы» шешеді.
Тармақ 1.15
1.15. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар тұрғын үй көмегін тағайындауға қатысы бар қандай да болмасын өзгерістер жөнінде 10 күн мерзім ішінде /отбасы құрамы, табысы, жылжымайтын мүлік алуы және пәтер жалдаушылар жіберуі т.б./, сондай-ақ көмекті қате есептеу жайттары жөнінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарлауға міндетті. Қасақана қате мәліметтер бергендігі салдарынан заңсыз көмек тағайындалып, тағайындалған көмек деңгейі заңсыз көтермелеген болса, меншік иесі /жалдаушы/ тұрғын үй көмегін алу құқығынан бір жыл мерзімге айрылады, ал заңсыз түрде алынған тұрғын үй жәрдемақысы түріндегі сомалар ерікті түрде, бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуы тиіс.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу
2. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу
Тармақ 2.1
2.1. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі шешім тұрғын жай иесінің /жалдаушы/ өтініші мен оған тіркелген жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, азаматтарды тіркеу куәлігінің көшірмесі /үй кітабы/, үйдің техникалық төлқұжаты, ҰОС қатысушысы немесе мүгедегі куәлігінің көшірмесі, мүгедектік күтімінде екенін куәландыратын құжат, жұмыспен қамту қызметіне жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама, оқу орнынан оқитыны жөніндегі анықтама, өтініш беру мерзіміне сәйкес отбасының жеке шаруашылығындағы малы туралы және өткен жартыжылдықтағы табыстары жөнінде мәлімет, тұрғын жай ұстау, коммуналдық қызмет ақысын төлеу бойынша төлем құжаттары /түбіртектер/ негізінде қабылданады. Отбасының жиынтық табысын есептеу барысында өтініш білдірген кездегі отбасы құрамының табысы ескеріледі.Отбасының орташа жиынтық табысы өтініш берілгенге дейінгі отбасының өткен мерзімге жиынтық табысын айларға бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2.2
2.2. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша отбасына тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметті пайдалану шығындары жөнінде мәлімет жасалады. Мәліметте көмек тағайындаудың толық есебі көрсетіледі.
Тармақ 2.3
2.3. Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына күмәнданған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысын тағайындайтын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, отбасының табыстары жөнінде қосымша ақпарат сұратуға, сонымен қатар қажет болған жағдайда өтініш иесінің материалдық - тұрмыстық жағдайына тексеру актсін жасауға құқылы.
Тармақ 2.4
2.4. Отбасының жиынтық табысы құрамына бала тууға берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мен жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақыны қоспағанда, кәсіпкерлік қызметтен алатын отбасының барлық мүшелерінің нақты еңбекақы түрінде алатын табыстары, мүліктік табысы, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы мен басқа да әлеуметтік көмек түрлері /жәрдемақы, өтемақы/, балалар мен асыруындағы басқа
тұлғаларға алынатын алименттер, стипендия, ақшалай және заттай түрінде алынған ұтыстар, жеке қосалқы шаруашылығынан түскен табыстары кіреді.
Тармақ 2.5
2.5. Алушының көмек сомасы төлем органының кінәсынан дер кезінде есептелмеген жағдайда, осы Ереженің 1.14 тармақшасына сәйкес «Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы комиссияның» шешімі бойынша төленеді.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй жәрдемақысын қаржыландыру көзі.
3. Тұрғын үй жәрдемақысын қаржыландыру көзі.
Тармақ 3.1
3.1. Барлық меншіктің нысанындағы тұрғын үйлердің тұрғындарына тұрғын үй жәрдемақысын төлеуді қаржыландыру аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 3.2
3.2. Жыл сайын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен тұрғын үй жәрдемақысын қаржыландыруға бюджеттік сұраным дайындалып, Теректі аудандық мәслихатының сессиясында бекітіледі. Аудандық қаржы бөлімі ақшалай қаржыны ай сайын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне аударады. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ай сайын тағайындалған және төленген сома жөнінде мәліметті аудандық қаржы бөліміне ұсынып отырады.
Тармақ 3.3
3.3. Қате рәсімделген құжаттар бойынша тұрғын үй жәрдемақысы заңсыз тағайындалған жағдайда кінәлі лауазым иелері ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.