Қолданыстағы ред. 27.11.2007 - 01.11.2007

Аз қамтылған азаматтарға нан бағасының қымбаттауына байланысты өтемақы беру туралы от 27.11.2007 г. № 1/281 (Аз қамтылған азаматтарға нан бағасының қымбаттауына байланысты өтемақы беру туралы)

0

Аз қамтылған азаматтарға нан бағасының қымбаттауына байланысты өтемақы беру туралы.
Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 24 сәуіріндегі Бюджеттік Кодексіне, Қазақстан Республикасындағы 2001 жылдың 23 қантарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және облыстық Мәслихаттың 2007 жылдың 16 қазанындағы 2-сессиясының «2006 жылғы 13 желтоқсандағы 24-сессиясының «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» № 364 шешіміне өзгерістер мен толықтырылулар енгізу туралы» және Қарқаралы аудандық Мәслихаттың 2007 жылдың 22 қазандағы «Аудандық Мәслихаттың 2006 жылдың 21 желтоқсанындағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет турал» № 29/164 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 3/23 шешіміне (Қарқаралы ауданы Әділет басқармасында 2007 жылдың 1 қарашасында мемлекеттік тіркеуден өткен, тіркеу № 8-13-34, №87-88 «Қарқаралы» газетінде 2007 жылдың 3 қарашасында ресми жарияланған) сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.М.Жұманбаев) аз қамтылған азаматтардың топтарына әлеуметтік атаулы көмектің қарастырылған 400,0 мың теңге бойынша 2007 жылдың қараша, желтоқсан айларына әр аз қамтылған азаматқа 115 теңге ай сайын және аудандық аз қамтылғандардың 2007 жылдың 01 қараша күніне базалық мәліметі бойынша тізімен төленсін.

2

2. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған аз қамтылған азаматтар атаулы көмек алу құқығын пайдалана алатыны еске алынсын.

3

3. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы аз қамтылған азаматтардың базалық мәліметіне сәйкес, банк операцияларын жүзеге асыру лицензиясы бар ұйымдарда ашылған жәрдемақы алушының жеке шотының нөмірі көрсетіліп, аударылсын.

4

4. «Аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.К.Ахметжанов) «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек» 007 бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржы есебінен материалдық көмек көрсету төлемдерін уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

5

5. Осы қаулы 2007 жылдың 1 қарашадан бастап қолданысқа енеді.

6

6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.С.Дюсетаевқа жүктелсін.

7

7. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
«27 » 11 2007 жыл
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
меңгерушісі
Жұманбаев Бейбіт Мақыщұлы
_________________________ (қолы)
«КЕЛІСІЛДІ»
«27 » 11 2007 жыл
Аудандық қаржы бөлімінің
меңгерушісі
Ахметжанов Бекболат Канайулы
___________________________ (қолы)