Қолданыстағы ред. 22.11.2007

Жаңаарқа ауданындағы елді мекендерде сыртқы жарнамаларды орналастыруға төленетін төлем ставкаларын белгілеу туралы от 22.11.2007 г. № 4/37 (Жаңаарқа ауданындағы елді мекендерде сыртқы жарнамаларды орналастыруға төленетін төлем ставкаларын белгілеу туралы)

0

«Жаңаарқа ауданындағы елді мекендерде сыртқы жарнамаларды орналастыруға төленетін төлем ставкаларын белгілеу туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №210 – II «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 491 бабының 2 тармағына сәйкес, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Жаңаарқа ауданындағы елді мекендерде сыртқы жарнама орналастыруға төленетін төлем ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. Осы шешімнің орнындалуы аудандық Мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3

3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
22.11.2007 ж.
Жаңаарқа ауданы бойынша
салық комитетінің төрағасы
Р.Омаров

4. Жаңаарқа ауданындағы елді мекендерінде сыртқы жарнама объектілерін орналастырғаны үшін ай сайын төленетін төлемақы ставкалары

Аудандық Мәслихатының
2007 жылғы 22 қарашадағы
IY-ші сессиясының №4/37 шешіміне
қосымша
Жаңаарқа ауданындағы елді мекендерінде сыртқы жарнама объектілерін орналастырғаны үшін ай сайын төленетін төлемақы ставкалары

Мазмұны
Айлық есептік көрсеткішке пайызбен есептегендегі төлемақы ставкасы
1
Сыртқы жарнама объектілері – 1 шаршы метрге дейінгі (үндеулер, А1, А2; А3, А4 шағын көлемдегі плакаттар, афишалар, транспаранттар)
30
2
Сыртқы жарнама объектілері – 1 шаршы метрден 5 шаршы метрге дейінгі (жерге, қабырғаға, шатырға, дүңгіршіктер мен уақытша павильондарға және шағын сәулет нысандарына орнатылған, жарық таблолары)
50
3
Сыртқы жарнама объектілері – 5,0 шаршы метрден 20 шаршы метрге дейінгі (жерге, қабырғаға, шатырға, дүңгіршіктер мен уақытша павильондарға және шағын сәулет нысандарына орнатылған, жарық таблолары
100