Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне атаулы көмек көрсету туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне атаулы көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 24 сәуіріндегі Бюджеттік Кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 28 сәуіріндегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 28 сәуіріндегі №2247 Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және Қарқаралы аудандык Мәслихаттың 2007 жылдың 22 қазандағы «Аудандык Мәслихаттың 2006 жылдың 21 желтоқсанындағы «2007 жылға арналған бюджет туралы» № 29/164 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №3/23 шешіміне (Қарқаралы ауданы Әділет басқармасында 2007 жылдың 1 қарашасында мемлекетік тіркеуден өткен, тіркеу №8-13-34, №87-88 «Қарқаралы» газетінде 2007 жылдың 3 қарашасында ресми жарияланған) сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне атаулы көмек көрсету туралы» Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2006 жылдың 20 қарашасындағы №451 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 2
2. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі » мемлекетік мекемесі (Б.М.Жұманбаев) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соғыстан қайтпаған жауынгерлер жесірлеріне тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары бойынша атаулы көмектің қарастырылған 328,0 мың теңге бойынша 2007 жылдың 1 қаңтардаң бастап айлық есеп көрсеткіші бойынша және аудандық Зейнетақы төлеу орталығының 2007 жылдың 1 қарашасына базалық мәліметі бойынша тізімен төленсін.
Тармақ 3
3. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекетік мекемесінде есепте тұрған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері болып табылатын Қазақстан азаматтары тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары бойынша атаулы көмек алу құқығын пайдалана алатыны еске алынсын.
Тармақ 4
4. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекетік мекемесінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының аудандық бөлімшесінің анықтамасына сәйкес, банк операцияларын жүзеге асыру лицензиясы бар ұйымдарды ашылған зейнетақы немесе жәрдемақы алушының жеке шотының нөмірі көрсетіліп, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары атаулы көмек тағайындау туралы өтініш беріледі. Коммуналдық қызметтерге (су, жылу, электр, жүйесі) төленетін шығындар 1092 теңге айлық есептік көрсеткішті 12 коэффицентіне көбейтіліп, азаматтардың жеке шоттарына аударылсын.
Тармақ 5
5. Өтініш жазған азаматтар ұсынылған ақпараттардың дұрыстығына толық жауап береді. Қандай болса да заңбұзушылық анықталған жағдайда, төленген соммалар кінәлі адамдардан сот арқылы өндіріледі.
Тармақ 6
6. «Аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.Қ.Ахметжанов) «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек» 007 бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржы есебінен материалдық көмек көрсету төлемдерін уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.С.Дюсетаевқа жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы 2007 жылдың 1 қантарынан бастап қолданысқа енеді. «КЕЛІСІЛДІ» 27.11. 2007 жыл Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Жұманбаев Бейбіт Мақышұлы ____________________________ (қолы) «КЕЛІСІЛДІ» 27.11. 2007 жыл Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі Ахметжанов Бекболат Қанайұлы ____________________________ (қолы)