Жаңаарқа ауданының жерлерін аймақтандыру сызбасын салықтар салу мақсатында бекіту туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жаңаарқа ауданының жерлерін аймақтандыру сызбасын салықтар салу мақсатында бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 13 тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442- II «Жер кодексінің» 8 бабының 3 тармағына, 11 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №210-II «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 338 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жаңаарқа ауданының жерлерін аймақтандыру сызбасы (салықтар салу мақсатында) №1, №2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуы аудандық Мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «Келісілді»: 22.11.2007 ж. Аудан әкімінің орынбасары Б.Қасенов Жаңаарқа ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы Р.Омаров Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімінің бастығы Ш.Хамзе
Басқа 4. Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы ЖАҢААРҚА АУДАНЫНЫҢ жерлерін салық салу мақсаттарында аймақтандыру СЫЗБАСЫ
Жаңаарқа аудандық мәслихатының IV сессиясының 2007 жылғы қараша № 4/38 шешімі №1 қосымша Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы ЖАҢААРҚА АУДАНЫНЫҢ жерлерін салық салу мақсаттарында аймақтандыру СЫЗБАСЫ
Басқа 5. Жаңаарқа ауданының жерлерін салық салу мақсатында аймақтандыру (селолық елді мекендер жерлерінен басқа)
Жаңаарқа аудандық мәслихатының IV сессиясының 2007 жылғы қараша № 4/38 шешімі №2 қосымша Жаңаарқа ауданының жерлерін салық салу мақсатында аймақтандыру (селолық елді мекендер жерлерінен басқа)