“Арыс қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына тұрғын жайды ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы” Күшін жойған
Басқа 0
“Арыс қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына тұрғын жайды ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы”
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан
Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының
2 және 4 тармақтарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған “Арыс қаласының аз қамтамасыз етілген
отбасыларына тұрғын жайды ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға
тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы” бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Арыс каласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына тұрғын жайды ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ҚАҒИДАСЫ
Арыс қалалық мәслихатының 2007
жылғы 2 қарашадағы № 2/13-IV
шешімімен бекітілген
Арыс каласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына тұрғын жайды ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ҚАҒИДАСЫ
Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы «Қазақстан Республикасында тұрғын үй коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» № 553 қаулысына сәйкес жасалды.
Тарау 1. 1. Негізгі ұғымдар.
1. Негізгі ұғымдар.
Тармақ 1
1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:
Тармақша 1
1) Тұрғын үй көмегі - халықты әлеуметтік қорғау түрінің бірі болып табылады. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау, коммуналды қызмет, байланыс қызметтеріне ақы төлеу және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарына өтемақы жүргізу үшін беріледі.
Тармақша 2
2) Отбасының жиынтық табысы - отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының тоқсандағы жалпы сомасы. Отбасының жиынтық табысын анықтау кезінде тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан ішінде Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларға берілетін (Атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы, тұрғын үй көмегі) бала туғанда және қайтыс болғанда берілетін біржолғы төлемдер, төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек.
Тармақша 3
3) Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әрбір мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламды.
Тармақша 4
4) уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті (аудандық қалалардағы аудандық, қалалық) атқарушы орган.
Тармақша 5
5) уәкілетті ұйым - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктермен банктік операцияларды жасайтын мекемелер.
Тармақша 6
6) өтініш беруші - өзі немесе өтініш беруші отбасының атынан өтініш беруші.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы.
2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі Арыс қаласында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға егер, тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтеріне төлем шығындары (тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормасы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері шегінде) нормасы отбасының жиынтық табысының 20 пайызынан жоғары болған жағдайда ақшалай өтем түрінде төленеді.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі қалада немесе ауылда тұрақты тұратын және меншік нысанына қарамастан тұрғын үйдің меншік иесі немесе пайдаланушы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
Тармақ 4
4. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйі) бар немесе тұрғын жайды жалдаушы немесе жалға берушілер, сондай-ақ, жалға алушы тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
Тармақ 5
5. Отбасында күтуді қажет етеді деп танылған I, II, топтары мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, 80-жастан асқан егде адамдарды күтіп бағып отырған немесе өзі-өздігімен жұмыспен камтылғандар, 3 жасқа дейінгі (бір және одан көп) баланы тәрбиелеумен шұғылданушы тұлғалардан басқа, жұмыс істемейтін, күндізгі оқыту бөлімінде оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін, және жұмыспен қамту орталығында тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, онда бұл отбасыларға тұрғын үй көмегі берілмейді.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй және коммуналдық қызметтерін, байланыс қызметтерін тұтынуға жеңілдіктері бар және осымен бір мезгілде тұрғын үй көмегін алу құқығы бар тұлғаларға әлеуметтік қорғау нысандарының бірін таңдау мүмкіндігі беріледі.
Тармақ 7
7. Жұмыссыз азаматтары бар отбасылар себепсіз ұсынылған жұмыстан бас тартса, өз еркімен қоғамдық жұмыстан, жүмыссыздарды даярлау немесе қайта даярлауынан бас тартқан жағдайда 6 ай тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Тұрғын үй көмегіне қажетті құжаттар толық тапсырмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегіне өтініш беру тәртібі.
3. Тұрғын үй көмегіне өтініш беру тәртібі.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтінішті Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанында құрылған комиссия тұрғын үйді ұстауға және коммуналды қызметтерді, байланыс қызметтерін пайдаланатын жеке тұлғалардың төмендегі құжаттарының негізінде қабылдайды:
Тармақша 1
1) тұрғын үй меншік иесінің (жалға алушының) өтініші
Тармақша 2
2) жеке меншігіндегі тұрғын жай (пәтер) саны туралы анықтама
Тармақша 3
3) отбасы кұрамы туралы анықтама немесе жаңа үлгідегі үй кітапшасы
Тармақша 4
4) тұрғын жайға құқылығын растайтын құжат (жекешелендіру шарты, сыйға тарту шарты, сату-сатып алу шарты, пәтер планы ж.б.)
Тармақша 5
5) табысы туралы анықтама (зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, алимент, еңбекақы, күндізгі бөлімде оқитындығы туралы анықтама), жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама (отбасында жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін еңбекке жарамды адамдары бар)
Тармақша 6
6) қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненттері екендігі растайтын келісім-шарт.
Тармақша 7
7) балалардың туу туралы, неке туралы немесе бұзылғандығы туралы №4 үлгі, әкелігін анықтайтын куәліктері, еңбек кітапшасы-көшірмелері
Тармақша 8
8) жекеменшік иесімен бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің жеке бастарын растайтын құжаттары
Тармақша 9
9) СТК (түпнұсқа, көшірмесі)
Тармақша 10
10) ӘЖК (түпнұсқа, көшірмесі)
Тармақша 11
11) жинақ кітапшасы - көшірмесі.
9. Кұжаттарды көшірмесімен бірге түпнұсқасын алып келеді. Көшірмесін салыстырып түпнұсқасын қайтарады.
10. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап ағымдағы жылдың соңына дейін (31 желтоқсанға дейін) тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу рәсімдеудің алғашқы процедурасы секілді жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі.
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегі акшалай тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтеріне төлем шығындарына өтемақы жүргізу үшін бюджеттен бөлінген қаржы көлемінде көрсетіледі.
Кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығынына өтемақыға тұрғын үй көмегінің мөлшері толық көлемде өтеледі.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтынуға, кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу үшін бекітілген әлеуметтік нормаларға сәйкес шығындардың 60 пайыз көлемінде тағайындалады.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Тармақ 14
14. Тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтынуға, кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарының белгіленген шектен жоғары болуы тұрғындардың ортақ негізінде жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдағаннан кейін 10 күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау (бас тарту) туралы шешім шығарады.
Тұрғын үй көмегінен бас тартылған жағдайда, тұрғын үй көмегін бас тарту себебін көрсетіп жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанына, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғын үй көмегіне әсер ететін жағдайларды тұрғын үй көмегі бөліміне 15 күн ішінде хабардар етуге тиіс.
Отбасының тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтынуға төлемнің жұмсалуына жолу беруге болатын шекті шығындар үлесі, отбасының табыстары, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызметтер ставкалары мен тарифтері өзгерген кезден тұрғын үй көмегін тағайындау бөлімі бұрын тағайындалған көмекке қайта есептеулер жүргізеді.
Артық төленген соманы өз еркімен қайтаруға тиіс. Өз еркімен қайтармаған жағдайда, сот тәртібімен қайтарылады.
Тарау 5. 5. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі.
5. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші негізінде, таңдаған уәкілетті ұйымының есеп-шотына уәкілетті орган арқылы бюджет есебінен төленеді.
Тармақ 18
18. Тұрғын үй көмегі ай сайын өткен айға төленеді.
Тармақ 19
19. Тағайындалған тұрғын үй көмегі бюджеттен бөлінген қаржы көлеміне тұрғын үй көмегін алушының есеп-шотына аударылады.
Тарау 6. 6. Тұрғын үй көмегін көрсетудегі жауаптылық.
6. Тұрғын үй көмегін көрсетудегі жауаптылық.
Тармақ 20
20. Уәкілетті орган және уәкілетгі ұйым тұрғын үй көмегінің дұрыстығына, уақыттылы тағайындалуына, төленуіне және берілуіне заңды түрде жауап береді.
№
р/с
Коммуналдық
қызметтердің
өлшем
бірлігі
1-айға 1 -адамға мөлшері
1-айға бекітілген шегі
Көп қабатты тұрғын үй
1
Жылу жүйесі
м2
18 м2
90 м2
2
Газбен қамтамасыз ету
м3
31,5 м3 1 отбасыға
3
Сумен қамтамасыз ету
м3
10,6 м3 1 отбасыға
4
Электрмен жабдықтау
квт/саг
45 квт/сағ
180 квт/сағ
5
Компенсация төлеу үшін тұрғын-үй алаңы
м2
30 м2 - 1 отбасыға 1 адамнан 18 м2- 1 /отбасыға 1 адамнан
Жеке тұрғын үй
1
Жылу жүйесі
м2
18 м2
90 м2
2
Қатты отын
Тонна
1 тонна 1 отбасыға
3
Газбен қамтамасыз ету
м3
Сығымдалған 1 үлкен газ баллоны 1 отбасыға
Сығымдалған 1 үлкен газ баллоны 1 отбасыға
4
Сумен қамтамасыз ету
м3
6,1 м3 1 отбасыға
5
Электрмен жабдықтау
квт/саг
45 квт/сағ
180 квт/час
6
Компенсация төлеу үшін тұрғын-үй алаңы
м2
30 м 2 - 1 отбасыға 1 адамнан 18 м2 - 1 отбасыға 1 адамнан