Көше аттары туралы Қолданыста
Басқа 0
Көше аттары туралы
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6, 31 баптарының, “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Заңының 13 бабына, сәйкес Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Арыс қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Арыс қаласының Көктем тұрғын ауданындағы және №4 мөлтек ауданына қарасты:
Тармақша 1
1) Ворошилов көшесіне Совет Одағының батыры Рақымжан Қошкарбаев аты;
Тармақша 2
2) Кутузов, Ватутина, Школьный переулок көшелеріне халық күйшісі Құрманғазы Сағырбаев аты;
Тармақша 3
3) Карьерная көшесіне халық күйшісі Дина Нүрпейсованың аты;
Тармақша 4
4) Буденный көшесіне жазушы Ғабиден Мұстафин аты;
Тармақша 5
5) Кривой переулокке Бейбітшілік орамы атауы;
Тармақша 6
6) Тельмана көшесіне Ынтымақ атауы;
Тармақша 7
7) Пестель көшесіне Шаттық атауы;
Тармақша 8
8) Полтарацкий көшесіне Шапағат атауы;
Тармақша 9
9) Промышленная көшесіне жазушы Ғали Орманов;
Тармақша 10
10) Урицкий көшесіне Бірлік атауы;
Тармақша 11
11) Железнодорожная көшесіне Теміржолшы атауы;
Тармақ 2
2. Самал тұрғын ауданындағы жаңа көшеге Оспан Бекбауовтың аты берілсін.
Тармақ 3
3. Қаладағы жаңа ашылған алаңға Әбу Насыр Әл-Фараби аты берілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.