Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Негізгі азық-түліктің қымбаттауына байланысты жан басына шаққандағы айлық табысы 2007 жылдың төртінші тоқсанына облыста белгіленген кедейлік шегінен төмен, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек мөлшері әр адамға бір айға 1092 (бір мың тоқсан екі) теңгі көлімінде белгіленсін.
Тармақ 3
3. 2007 жылға арналған қалалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Біріңғай бюджеттік сыныптамасының «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» 6.02.451.007 бағдарламасы бойынша 674,0 мың теңге көлемінде қаржы бөлу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткең соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қоғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы).