Об утверждении Меморандума между Таможенным комитетом Министерства государственных доходов Республики Казахстан и Таможенным управлением Исламской Республики Иран о сотрудничестве в борьбе с контрабандой и таможенными правонарушениями Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрлігінің Кеден комитеті мен Иран Ислам Республикасы Кеден басқармасының арасындағы Контрабандамен және кедендік құқық бұзушылықтармен күрестегі ынтымақтастық туралы меморандумды бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 1999 жылғы 11 сәуірде Тегеран қаласында жасалған, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті мен Иран Ислам Республикасы Кеден басқармасының арасындағы Контрабандамен және кедендік құқық бұзушылықтармен күрестегі ынтымақтастық туралы меморандум бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрліiнің Кеден комитетi мен Иран Ислам Республикасының Кеден басқармасы арасындағы контрабандаға және кедендiк құқық бұзушылыққа қарсы күрес жүргiзудегі ынтымақтастық туралы Меморандум Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi мен Иран Ислам Республикасының Кеден басқармасы, есiрткi құралдары мен жүйкеге әсер ететiн заттардың заңсыз айналымының, адамның денсаулығына зиянды дәрi-дәрмек препараттарының және мәдени құндылықтардың екi мемлекет азаматтарының өмiрiне, денсаулығына және әл-ауқатына едәуiр қауiп төндiретiн контрабандасы ауқымының ұлғайып келе жатқанын назарға ала отырып, нашақорлыққа жөне есiрткi құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына, адамның денсаулығына зиянды дәрi-дәрмек препараттарының және мәдени құндылықтардың контрабандасына қарсы әрекет ету жөнiндегi тиiмдi шаралар халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды талап ететiндiгiн ұғына отырып, есiрткi құралдары мен жүйкеге әсер ететiн заттардың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу; адамның денсаулығына зиянды дәрi-дәрмек препараттарының және мәдени құндылықтардың контрабандасына қарсы күрес жүргiзу жөнiндегi, сондай-ақ осындай айналымға қатысатын тұлғаларды анықтау жөнiндегі кеден органдарының рөлiн ескере отырып, төмендегілер туралы келiстi:
Бап 1. 1-бап
1-бап Осы Меморандумда пайдаланылатын терминдер мыналарды бiлдiредi:
Тармақша а
а) "есiрткi құралдары" - кейiнгi өзгерiстерiмен және толықтыруларымен 1961 жылғы Есiрткi құралдары туралы бiрыңғай конвенцияның тiзiмдерiне БҰҰ енгiзген заттар;
Тармақша ь
Ь) "жүйкеге әсер ететiн заттар" - кейiнгі өзгерiстерiмен және толықтыруларымен 1971 жылғы Жүйкеге әсер ететiн заттар туралы конвенцияның тiзiмдерiне БҰҰ енгiзген заттар;
Тармақша с
с) "прекурсорлар" - олардан немесе олардың көмегiмен есiрткi құралдарын немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды дайындау мүмкiн болатын негізгi немесе бастапқы заттар;
Тармақша d
d) "препараттар" - өз құрамында адам денсаулығына зиянды есiрткi құралдары, жүйкеге әсер ететiн заттар, прекурсорлар бар және Тараптар мемлекеттерiнiң аумағы арқылы әкелуге немесе транзитiне тыйым салынған дәрi-дәрмек препараттары;
Тармақша e
e) "мәдени құндылықтар" - көркем, тарихи археологиялық және этнографиялық мағынасы бар объектiлер;
Тармақша f
f) "мәдени құндылықтарды кайтару" - заңсыз орын ауысуына байланысты ұсталған мәдени құндылықтарды әкелiнген мемлекеттің немесе транзит мемлекетiнiң әкетiлген мемлекетке iс жүзiнде табыс етуi;
Тармақша g
g) "бақыланатын жеткiзiлiм әдiсi" - есiрткi құралдары мен жүйкеге әсер ететiн заттардың заңсыз айналымына қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарының рұқсатымен және бақылауымен есiрткi құралдары мен жүйкеге әсер ететiн заттар топтамасын Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына әкелуге, транзитiне немесе әкетiлуiне жол берілетiн әдiс.
Бап 2. 2-бап
2-бап Тараптар екi мемлекетте қолданылып жүрген ұлттық заңдарды сақтаған жағдайда, есiрткi құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымын анықтау, тергеу және жолын кесу дәрi-дәрмек препараттарының және мәдени құндылықтардың контрабандасына қарсы күрес жүргізу мақсатында осы Меморандумның шеңберiнде ынтымақтасады.
Бап 3. 3-бап
3-бап Тараптар:
Тармақша а
а) есiрткi құралдарының, жүйкеге әсер ететiн заттардың, препараттардың және мәдени құндылықтардың контрабандасына қарсы күрес жүргізу әдiстерi туралы ақпаратпен;
Тармақша ь
Ь) техникалық құралдарды пайдалану тәжiрибесiмен;
Тармақша с
с) есiрткi құралдарының, препараттардың және мәдени құндылықтардың контрабандасына қарсы күрес жүргізу әдiстерiн оқыту мақсатында сарапшылармен;
Тармақша d
d) есiрткi құралдары мен жүйкеге әсер ететiн заттардың, препараттардың және мәдени құндылықтардың контрабандасына қарсы күрес жүргізу жөнiндегi жарияланымдармен, ғылыми, кәсiби, оқу еңбектерiмен;
Тармақша е
е) есiрткi құралдарының, жүйкеге әсер ететін заттардың және препараттардың жаңа түрлерi мен өндiрiс орындары, оларды тасымалдау маршруты мен тәсiлдерi туралы ақпаратпен. Мұндай ақпарат тиiстi тұлғаларды, көлiк құралдарын, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн бiр iзге түсiруге мүмкiндiк беретін нақтылы мәлiметтердi қамтитын болады.
Тармақша f
f) мүмкiндiгiнше әр түрлi мемлекеттер мен аймақтардағы есiрткi құралдарына, жүйкеге әсер ететiн заттар мен препараттарға бағаның өзгеруi туралы ақпаратпен;
Тармақша g
g) есiрткi құралдары мен жүйкеге әсер ететiн заттарға, препараттарға және мәдени құндылықтарға кедендiк бақылауды ұйымдастыру принциптерi туралы, оларды жасыру тәсілдерi мен ашу әдiстерi туралы ақпаратпен;
Тармақша h
h) есiрткi құралдарын жүйкеге әсер ететiн заттарды, препараттарды бiркелкiлендiру және лабораториялық сараптау мен синтездеу саласындағы ақпаратпен;
Тармақша i
i) есiрткi құралдарының, жүйкеге әсер ететiн заттардың, препараттардың және мәдени құндылықтардың контрабандасымен айналысады деп күдiк туғызатын немесе белгiлi тұлғалар туралы мәлiметтермен алмасатын болады.
Бап 4. 4-бап
4-бап Тараптардың ауызша болсын, сол сияқты жазбаша түрде болсын берген ақпараты құпия болып саналады және тек қана осы Меморандумның ережелерiн орындау мақсатында пайдаланылады. Тараптар осы Меморандумның ережелерiнен туындайтын мәлiметтердi бұқаралық ақпарат құралдарына екiншi Тараптың келiсiмiнсiз, егер оларды тарату екiншi Тарап мемлекетiнiң мүддесiне немесе Тараптардың бiрлескен iс-қимылы мүддесiне зиян келтiретiн болса, бермейдi.
Бап 5. 5-бап
5-бап Тараптар сұрау салу бойынша және өз құзыретi мен техникалық мүмкiндiктерi шектерінде:
Тармақша а
а) есiрткi құралдарымен, жүйкеге әсер ететiн заттармен, препараттармен және мәдени құндылықтармен контрабандада күдiк тудыратын адамдардың келуi мен кетуiне;
Тармақша ь
Ь) заңсыз айналымда пайдаланылады деп күдiк туғызатын жүктерге, көлiк құралдарына және почта жөнелтiлiмдерiне бақылауды жүзеге асырады. Бақылаудың нәтижелерi екiншi Тарапқа дереу хабарланады.
Бап 6. 6-бап
6-бап Егер жәрдем көрсету туралы сұрау салуға өтініш жасау сұрау салынған Тарап мемлекетiнiң егемендiгiне, ұлттық қауiпсiздiгiне, жүргiзiп отырған саясатына немесе өмiрлiк мүдделерiне зиян келтiретiндей болса, өтінiш қабылданбауы мүмкiн. Сұрау салуды орындау мүмкiн болмаған немесе iшiнара орындалған жағдайда Тараптар бiр-бiрiне дереу хабарлайды.
Бап 7. 7-бап
7-бап Тараптар ұлттық заңдарға сәйкес бақыланатын жеткiзiлiм әдiсiн өзара қолдану мүмкiндiгiн қарастырады. Бақыланатын жеткiзiлiм әдiсiн пайдалану туралы шешiмдер әрбiр жеке жағдайда Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарында көзделген тәртiппен қабылданады.
Бап 8. 8-бап
8-бап Осы Меморандумның шеңберiнде қаржылық шығыстар туралы мәселелер Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Иран Ислам Республикасының Yкiметi арасындағы кеден iстерiндегi ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келiсiмнiң ережелерiне сәйкес немесе Тараптардың каржылық мүмкiндiктерiн негiзге ала отырып, жеке хаттамамен реттелетiн болады.
Бап 9. 9-бап
9-бап Тараптар:
Тармақша а
а) Тараптар мемлекеттерiнiң сот және тергеу органдарына материалдар, сараптамалық қорытындылар мен кедендiк бақылау барысында өздерi анықтаған басқа да фактілер жөнiнде мәлiметтер беруге;
Тармақша б
б) Тараптар мемлекеттерiнiң заңдарымен белгіленген тәртiпте мәдени құндылықтарды қайтаруға көмек көрсетедi.
Бап 10. 10-бап
10-бап Тараптар осы Меморандумның ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде даулар пайда болған жағдайда оларды келiссөздер және консультациялар арқылы шешетін болады.
Бап 11. 11-бап
11-бап Осы Меморандумға Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн. Өзгерiстер мен толықтырулар Меморандумның ажырамас бөлiгі болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделедi.
Бап 12. 12-бап
12-бап Осы Меморандум Тараптардың бiрiнiң оның күшiне енуi қажетті мемлекетiшiлiк тиiсті рәсiмдердiң орындалғанын растайтын соңғы жазбаша хабарламасы алынған соң отызыншы күнi күшiне енедi. Осы Меморандум белгiсiз мерзiмге жасалды және Тараптардың бiрi екiншi Тарапқа оның қолданысын тоқтататын ниетi туралы қолданысы осындай хабар алынған күннен бастап он екі айдан соң тоқтатылады. Тегеран қаласында 1378 к.қ.ж. фарвардинге сәйкес келетін 1999 жылғы 11 сәуірде екі данада қазақ, фарси, ағылшын және орыс тілдерінде жасалды және де барлық мәтіннің күші бірдей. Осы Меморандумның ережелерін түсіндіру барысында пікір алшақтығы туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алады. Қазақстан Республикасы Иран Ислам Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден басқармасы Кеден комитеті үшін үшін