Об установлении платы за регистрацию, перерегистрацию и определение при этом технического состояния огнестрельного охотничьего, газового оружия, принадлежащего гражданам Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтардың иелiгiндегi оқпен ататын аңшылық және газды қаруды тiркеу, қайта тiркеу үшiн төлемақыны белгiлеу кезiнде оның техникалық жағдайын анықтау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 05.10.2001 № 211 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 ақпандағы № 110 "Қазақстан Республикасының "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымын мемлекеттiк бақылау туралы" Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралары туралы" Қаулысын орындау үшiн:
Тармақ 1
1. Азаматтардың иелiгiндегi оқпен ататын аңшылық және газды қаруды
тiркеу, қайта тiркеу кезiнде оның техникалық жағдайын анықтап, Қазақстан
Республикасының заңымен белгiленген бiр есеп айырысу мөлшерiндегi төлемақы
белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Азаматтардың иелiгiндегi газды қаруды тiркеу үшiн Қазақстан
Республикасы заңымен белгiленген жарты есеп айырысу мөлшерiндегi алым
белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Аталған төлемақы мен алым жергiлiктi бюджеттердiң пайдасына
аударылады.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмшiлiгiнiң қаржы
басқармасына /Жылқышиев/ жүктелсiн.