Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Польша о культурном и научном сотрудничестве Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Поляк Республикасының Үкіметі арасындағы Мәдени және ғылыми ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 U952679_ заң күші бар Жарлығының 16-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 1997 жылғы 27 қарашада Варшава қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Поляк Республикасының Үкіметі арасындағы Мәдени және ғылыми ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Поляк Республикасының
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Поляк Республикасының Үкіметі арасындағы Мәдени және ғылыми ынтымақтастық туралы Келісім (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 4, 45-құжат) (1999 жылғы 4 тамызда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 84 бет) Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Поляк Республикасының Үкіметі, екі мемлекет арасындағы өзара көмекке, егемендік теңдікке және ішкі істерге араласпауға негізделген достық пен ынтымақтастық қарым-қатынастарын дамытуды және нығайтуды қалай отырып, білім, ғылым, мәдениет, өнер, спорт және туризм, жастармен алмасу, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысты басшылыққа ала отырып, Хельсинки Қорытынды актісінде, Жаңа Еуропа үшін Париж Хартиясында және Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық кеңестің және ЮНЕСКО-ның басқа да құжаттарында мазмұндалған, мәдени өлшемдерге қатысты ережелерді орындауға ұмтыла отырып, осы ынтымақтастықтан өзара пайданы жете түсіне отырып, төмендегілер жөнінде келісті:
Бап 1. 1 бап
1 бап Тараптар жеке адамды құрметтеудің, ар-ұждан және діни наным бостандығының, еркін автоэкспрессияның, рухани және мәдени құндылықтарды танудың, риясыздықтың, төзімділіктің, заң басымдығының негізінде мәдени және ғылыми байланыстарды дамытуға және тереңдетуге ерекше маңыз беретін болады.
Бап 2. 2 бап
2 бап Тараптар осы Келісімнің мақсаттарына қол жетізуге және екі ел халықтарының өзара жақындасуына ықпалын тигізетін бірлескен қазақстан-поляк ұйымдарын және қорларды құруға бағытталған, мемлекеттік, қоғамдық және жеке институттар, ұйымдар, бірлестіктер және жеке адамдар жүзеге асырып жатқан жан-жақты ынтымақтастықтың бастамалары мен нысандарын қолдайтын болады.
Бап 3. 3 бап
3 бап Тараптар екі мемлекеттің ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдарының, ғалымдары арасындағы тікелей ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге жан-жақты қолдау көрсететін болады.
Бап 4. 4 бап
4 бап Тараптар тендік пен өзара пайдаға негізделген ғылыми және техникалық ынтымақтастыққа көмектесетін болады. Ғылыми және техникалық ынтымақтастық жеке келісімдерге сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Бап 5. 5 бап
5 бап Тараптар білім саласындағы тәжірибемен алмасу үшін тікелей байланыстарды орнату, кадрларды оқыту және даярлаудың қазіргі заманғы әдістерін дамыту мақсаттарында өздерінің білімді басқару орталық органдарының, жетекші оқу орындарының ынтымақтастығын кеңейтуге және жетілдіруге жан-жақты қолдау көрсетеді.
Бап 6. 6 бап
6 бап Тараптар студенттермен, аспиранттармен, докторанттармен, стажерлармен алмасуды қолдайтын болады.
Бап 7. 7 бап
7 бап Тараптар екінші мемлекеттің тілін, әдебиетін, тарихын және географиясын зерттеуге, сондай-ақ оқулықтарды және басқа да оқу құралдарын әзірлеуге жәрдемдесетін болады.
Бап 8. 8 бап
8 бап Тараптар Қазақстан Республикасы мен Поляк Республикасы арасында орта мектептерді, орташа арнаулы және жоғары оқу орындарын бітіргені туралы теңдей бағалы құжаттарды өзара тану туралы келісімді жасауға келісті.
Бап 9. 9 бап
9 бап Тараптар әлеуметтік-мәдени және діни, атап айтқанда, Қазақстанда тұрып жатқан поляктардың және Польшада тұрып жатқан қазақтардың ана тілі мен ұлттық өзіндік ерекшелегін сақтау жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған іс-шараларды қолдайтын болады. Олар өз елдерінің ішкі заңдарына сәйкес еркін байланыстарға көмектесе отырып, қазақтар мен поляктардың тарихи отанымен этникалық және мәдени байланыстарының кеңеюіне жәрдемдесетін болады. Тараптар өздерінің ішкі заңдарына сәйкес қоғамдық-мәдени ұйымдар үшін өз тарихи Отанынан тиісті көмек алу үшін жағдай жасайтын болады.
Бап 10. 10 бап
10 бап Тараптар денсаулық сақтау мен медицина саласындағы ынтымақтастықты қолдайтын болады.
Бап 11. 11 бап
11 бап Тараптар мәдениет мен өнердің барлық салаларында алмасуға және ынтымақтастыққа жәрдемдеседі, сондай-ақ екі ел ұйымдарының, мекемелерінің және азаматтарының байланыстарын кеңейту үшін тиісті жағдайлар жасайды.
Бап 12. 12 бап
12 бап Тараптар өз елдерінің қолданыстағы заңдарына сәйкес мәдени жетістіктерге бір-біріне еркіндік жасайды. Осы мақсатпен олар өзара мүдделілік пен екі жақты пайда принципі бойынша төмендегілерді қолдайтын болады: - көрмелермен алмасу; - әртістермен және әртістік топтармен алмасу; - кітаптармен және мерзімдік басылымдармен алмасу, сондай-ақ көркем және ғылыми әдебиеттің аудармасын және баспадан шығаруды жүзеге асыру; - театрларда көркем шығармалардың қойылымы, сондай-ақ кинофильмдермен, теле- және радиохабарларды ұйымдастыруға жәрдемдесу; - мәдениет пен өнер саласында жекелеген азаматтардың бастамалары.
Бап 13. 13 бап
13 бап Тараптар интеллектуалдық және мәдени құндылықтарды тарату және танымал ету жөнінде жағдайлар жасау мақсатымен авторлық құқықтарды қорғау туралы келісім жасайды.
Бап 14. 14 бап
14 бап Әрбір Тарап оның елінің аумағында тұрған екінші елдің тарихы мен мәдениетінің ескертіштерін сақтау және қалпына келтіру туралы қамқорлық жасайды.
Бап 15. 15 бап
15 бап Тараптар архив ісін жүргізу, мұражай ісі саласындағы ынтымақтастықты жасаған келісімдерге сәйкес архивтерге, мұражай құндылықтарына еркіндік беру, тәжірибемен алмасу, микрофильмдердің жарияланымдары жолымен қолдайтын болады.
Бап 16. 16 бап
16 бап Тараптар поляк тілінде берілетін радио және телебағдарламаларды жасауға және дамытуға байланысты мәселелерді жеке келісімде реттейді.
Бап 17. 17 бап
17 бап Тараптар Қазақстан Республикасы мен Поляк Республикасының журналистік ұйымдарының, сондай-ақ екі елдің редакциялары мен баспасөз агенттіктерінің арасындағы ынтымақтастықтың дамыуына және алмасуға жәрдемдеседі.
Бап 18. 18 бап
18 бап Тараптар жастармен алмасуды және осы саладағы байланыстарға жәрдемді қолдайтын болады.
Бап 19. 19 бап
19 бап Тараптар ЮНЕСКО-ның құзырына қатысы бар саладағы ынтымақтастыққа жәрдемдесетін болады.
Бап 20. 20 бап
20 бап Тараптар өз араларында осы Келісімнің ережелерін нақты жүзеге асыру үшін қажетті қаржы және ұйымдастыру шарттарын белгілейтін Хаттамалар мен Бағдарламаларды жасайды.
Бап 21. 21 бап
21 бап Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды орындағаны туралы соңғы хабар алынған күні күшіне енеді.
Бап 22. 22 бап
22 бап Осы Келісім 5 жыл мерзімге жасалады және, егер Тараптардың бірде бірі оны аталған мерзімнің аяқталуына дейін алты ай бұрын нота жіберу жолымен бұзбайтын болса, кезекті бесжылдық мерзімге өздігінен ұзартылады. Варшавада 1997 жылғы 27 қарашада екі дана болып, әрқайсысы қазақ, поляк және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге қатысты пікір алшақтықтары туған жағдайда орыс тіліндегі мәтін анықтаушы болады. Қазақстан Поляк Республикасының Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Мамандар: Омарбекова А. Нарбаев Е.