Об утверждении Типовых правил деятельности Ученого совета высшего учебного заведения и порядок его избрания Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жоғары оқу орнының Ғылыми Кеңесі қызметінің үлгі ережесін және оны сайлау тәртібін бекіту туралы "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Жоғары оқу орнының Ғылыми Кеңесі қызметінің үлгі ережесі және оны сайлау тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. 0сы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін. "Келісілді" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2007 жыл
Басқа 0. Жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі қызметінің үлгі ережесі және оны сайлау тәртібі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қарашадағы N 574 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі қызметінің үлгі ережесі және оны сайлау тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жоғары оқу орнының (бұдан әрі - ЖОО) Ғылыми кеңесі (бұдан әрі - Ғылыми кеңес)»"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі жоғары оқу орнын алқалық басқарудың бір нысаны болып табылады.
Тармақ 3
3. Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңнамаларын, осы Ережені, сондай-ақ жоғары оқу орнының (бұдан әрі - ЖОО) жарғысын басшылыққа алады. Ғылыми кеңестің қызметі оның құзырына кіретін мәселелерді ұжымдық талқылаудың ашықтығына негізделеді.
Тарау 2. 2. Ғылыми кеңестің құрамы, құрылымы мен қызметі және оны сайлау тәртібі
2. Ғылыми кеңестің құрамы, құрылымы мен қызметі және оны сайлау тәртібі
Тармақ 4
4. Ғылыми кеңес ЖОО басшысының бұйрығымен құрылады.
Тармақ 5
5. Ғылыми кеңесінің құрамына ЖОО басшылары, басшының орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер басшылары, профессорлық құрам, ЖОО-ның студенттік қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіреді.
Тармақ 6
6. Ғылыми кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады және тақ санды мүшелерден тұрады. Қажетіне қарай жалпы жиналыстың шешімімен оның құрамына жеке өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Тармақ 7
7. Ғылыми кеңес Төрағасы ЖОО-ның басшысы болып табылады. Төраға төрағаның орынбасарын тағайындайды. Төраға болмаған жағдайда, оның міндетін орынбасары атқарады. Төраға Ғылыми кеңестің жұмысын ұйымдастырады және Қазақстан Республикасының заңнамаларына, осы Ережеге сәйкес оның жұмысын қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Ғылыми кеңестің басқа мүшелері ЖОО ұжымының жалпы жиналысында жасырын дауыспен сайланады.
Тармақ 9
9. Хатшыны Ғылыми кеңес сайлайды және ол Ғылыми кеңестің іс қағазын жүргізуге жауапты болады.
Тармақ 10
10. Ғылыми Кеңес өз жұмысын оқу жылына бекіткен жұмыс жоспары негізінде ұйымдастырады.
Тармақ 11
11. Ғылыми кеңестің отырысы оқу жылына жасалған бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес айына кемінде бір рет өтеді.
Тармақ 12
12. Ғылыми кеңестің отырысы егер оған Ғылыми кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса заңды күші бар болып табылады. Дәлелді себептер бойынша Ғылыми кеңестің мүшесі отырысқа қатыса алмайтын болса ол туралы алдын ала төрағаға хабарлауы керек.
Тармақ 13
13. Ғылыми кеңестің шешімі егер оған Ғылыми кеңес мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе қабылданған болып есептеледі.
Тармақ 14
14. Ғылыми кеңес қызметінің мақсаты:
Тармақша 1
1) кәсіби оқу бағдарламаларын табысты іске асыру мақсатында профессорлық-оқытушылық құрам және ЖОО-ның білім алушылары үшін қажетті жағдайларды жасау;
Тармақша 2
2) ЖОО-ның қаржы саласын реттеу, материалдық-техникалық базасын нығайту;
Тармақша 3
3) ЖОО-ның одан әрі дамуына ықпал ету болып табылады.
Тармақ 15
15. Ғылыми кеңестің құзырына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) жоғары оқу орындарының құрылымын бекіту;
Тармақша 2
2) жоғары оқу орнының Жарғысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу;
Тармақша 3
3) жоғары оқу орнының оқу және ғылыми бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату (зертханалар, кафедралар, институттар (факультеттер және тағы басқалар);
Тармақша 4
4) жоғары оқу орнының даму тұжырымдамасын айқындау;
Тармақша 5
5) жоғары оқу орнының оқу-тәрбиелік, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудағы барлық негізгі болып келетін мәселелерді шешу;
Тармақша 6
6) ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлімшелер басшыларының және оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржы, шаруашылық, ақпарат, халықаралық және басқа да қызмет түрлерін жүргізудегі бағыттары, нысандары және әдістері туралы жыл сайынғы есебін тыңдау;
Тармақша 7
7) оқу-әдістемелік әзірлемелерді және оқу құралдарын, оқулықтарды шығаруды ұсыну және қарастыру;
Тармақша 8
8) ақылы негізде оқитын студенттерді білім беру гранттарына және оқытудың экстернат нысанына ауыстыру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 9
9) докторанттардың диссертациялық зерттеулері бойынша және магистранттардың ғылыми жетекші-кеңесшілерін және тақырыптарын бекіту;
Тармақша 10
10) жоғары оқу орнының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) бюджеттен тыс қаражаттарды пайдалану тәртібін, сондай-ақ ЖОО-да ақылы білім беру және өндірілген өнімдерді тарату жолымен алынған реинвестициялық кірістердің бағыттарын анықтау;
Тармақша 12
12) атаулы степендиялар мен сыйақыларды, ғылыми және құрметті атақтарды тағайындау және бекіту;
Тармақша 13
13) ЖОО-ның қызметкерлерін, шығармашылық ұжымды үкіметтік наградаларға және құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселелерді қарау;
Тармақша 14
14) алқалық шешімді талап ететін ЖОО-ның ағымдық қызметінің өзге де мәселелерін қарау.
Тармақ 15
15. Ғылыми кеңес шешімі Ғылыми кеңес төрағасының және Ғылыми кеңес хатшысының қолдары қойылатын хаттамалармен ресімделеді.