О наложении ограничений в связи с массовым выделением бруцеллеза крупного рогатого скота в Олентинском сельском округе Қолданыста
Басқа 0
Өлеңті ауылдық округінде
ірі қара мал бруцеллезінің жаппай
байқалуына байланысты шектеу қою туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2002 жылдың 15 қарашасындағы "Ветеринария саласындағы нормативтік-қүқықтық актілерді бекіту туралы" № 372 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2002 жылдың 14 қарашасындағы "Заңды және жеке түлғалардың ветеринариялық шараларды ұйымдастыруда және іске асыруда міндетті түрде орындауға тиісті Ережелерін бекіту туралы" № 367 бұйрығына Және мемлекеттік бас ветеринарлық инспекторының 2007 жылдың 8 қазанындағы ұсынысы негізінде және Өлеңті ауылдық округінде Ірі қара малдың бруцеллез ауруының алдын алу және жою мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өлеңті ауылдық округінде ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша
шектеу қойылсын.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес ірі қара малдың бруцеллез ауруының алдын алу
рис жою бойынша ұйымдастыру - шаруашылық және арнайы іс- шаралар
бүдан әрі-Шаралар) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі
агроонеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Екібастұз
қалалық аумақтық инспекциясы (С.М. Баймағамбетов) (келісім бойынша), Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Балтабай), Өлеңті ауылдық округінің әкімі (Қ.Б. Мусин) желгілінген мерзім ішінде іс-шаралардың орындалуына шаралар қолдансын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің
орынбасары Н.М. Күлжанға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Келісілді:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешеніндегі
Мемлекеттік инспекция комитетінің
Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясының бастығы
2007 жылғы "12" қараша С. Баймагамбетов
С.Баймағамбетов