Об изменении границ села Знаменское Светлопольского сельского округа Күшін жойған
Басқа 0
Светлопольск селолық округінің Знаменское селосының әкімшілік аумақтық құрылымын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы №2572-ХІІ «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» Заңының 6 бабының 3 тармағын, 12 бабының 3 тармағын басшылыққа алып, аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Светлопольск селолық округінің Янцево селосы Светлопольск селолық округінің Знаменское селосының құрамына енгізілсін.
Тармақ 2
2. «Жер қатынастары бөлімі бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірлесе Знаменское селосының шекараларын өзгерту бойынша қажетті құжаттарды дайындасын.
Тармақ 3
3. «Құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қызылжар ауданының елді мекендерінің есепке алу мәліметтерінен Светлопольск селолық округі Янцево селосын алып тастасын.