Вопросы Комитета по делам строительства Министерства экономики и торговли Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің мәселелері Ескерту Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.01.26. N 126 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті туралы ереже; <*>
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің құрылымы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1778 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 55, 499-құжат); 2) "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 8 желтоқсандағы N 1256 P981256_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 46, 418-құжат).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын жарық көрген актілерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде бір айлық мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 8. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегі комитетi туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 21 шiлдедегi N 1022 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегі комитетi туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгінiң Құрылыс iстерi жөнiндегі комитеті (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде есепшоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынасқа өзiнiң атынан түседi. Комитеттiң мемлекет атынан, егер оған заңдарға сәйкес уәкiлеттiлiк берiлген болса, азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы ретiнде болуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.
Тармақ 5
5. Комитеттiң құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақ 6
6. Комитеттiң заңды мекен жайы: 473000, Астана қаласы, Районный тұйығы, 15/1. 📌 Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.04. N 1198 қаулысымен. 7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiнің Құрылыс істерi жөнiндегi комитетi" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек қана республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау үшiн кәсiпкерлiк субъектілерiмен келiсiм-шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заң актiлерiмен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен түскен кiрiс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
Тарау 2. 2. Комитеттiң негiзгі міндеттерi, функциялары мен құқықтары
2. Комитеттiң негiзгі міндеттерi, функциялары мен құқықтары 10. Комитеттiң негізгі мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) елдегi тұрғын үй проблемасын кезең-кезеңiмен шешу; 2) тұрғын үй құрылысын қаржыландыру және несиелендiру схемасын жасауға қатысу; 3) салаға инвестицияларды тарту үшiн жағдайларды жақсартуға атсалысу және тұрғын үй рыногын дамытуға; 4) аумақтар құрылыстарын тиiмдi жүргiзу және елдi мекендердi дамыту; 5) өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлiк және көлiктік инфрақұрылым объектiлерiн жобалау, салу және пайдалану үшiн нормативтiк-техникалық құжаттамалардың базасын дамыту;
Тармақша 6
6) әлеуметтiк, инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылымды, коммуналдық шаруашылықтың басты құрылыс жайларын дамытуға қатысу;
Тармақша 7
7) құрылыс өнiмдерiн тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысу, объектiлер салу мен пайдаланудың сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) отандық жобалау және құрылыс өнімдерінің сапасы мен бәсекелiк қабiлетiн, жаңа құрылыста инвестицияларды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыруға ынталандыратын жағдайларды қалыптастыру;
Тармақша 9
9) iшкi еңбек рыногы мен құрылыс өнiмдерiн қорғауға қатысу;
Тармақша 10
10) құрылыс жұмысындағы интеграциялық процестердi тереңдету.
Тармақ 11
11. Комитет заңда белгiленген тәртiппен мына функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) құрылыс, сәулет, қала салу саласындағы мемлекеттiк саясатты, тұрғын үй құрылысын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң өндiрiстiк базасын, құрылыс индустриясын дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және олардың iске асырылу барысын бақылайды;
Тармақша 2
2) сәулет-құрылыс аясындағы субъектiлердiң қызметiн салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады және мемлекеттiк құрылыс саясатын iске асырады;
Тармақша 3
3) сәулет-құрылыс қызметi аясындағы мемлекеттік реттеудiң қазiргi экономикалық жағдайларға лайық әдiстерінiң жүйесiн әзiрлейдi және нарықтық қатынастарды жетiлдiруге, әлеуметтiк әрiптестiктi дамытуға ықпал етедi;
Тармақша 4
4) салалық ғылыми-техникалық саясатты әзiрлейдi және iске асырады;
Тармақша 5
5) инженерлiк iздестiру, объектілер мен кешендердi жобалау, салу, қайта жаңарту, қалпына келтiру, жаңғырту, күрделi жөндеу және абаттандыру, көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымды қалыптастыру саласында, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiн пайдалану саласында нормативтiк актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк тұрғын үй саясатын, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде тұрғын үй салу, сондай-ақ құрылыс материалдары өндiрiсiнде жаңа материалдарды дамыту және құрылыс индустриясының өндiрiстiк базасын құрылымдық қайта құру бағдарламаларын iске асыру процесiн үйлестiредi;
Тармақша 7
7) халықтың өмiр сүруi үшiн толыққанды орта жасау мақсатында қоныстандыру жүйесiн жетiлдiру, қалаларды және басқа да елдi мекендердi салу кезiнде ғимараттар мен құрылыстар жобалық сенiмдiлiгi мен сәулеттiк-көркемдiк шешімдерiнiң сапасын арттыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) тұрғын үй саясаты, құрылыс, сәулет, қала салу, құрылыстың материалдық-техникалық базасын дамытудың басым бағыттары, құрылыс материалдары өндiрiсi, құрылыс индустриясы мен тұрғын үй-шаруашылық мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, әзiрлеуге қатысады, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде бекiтедi;
Тармақша 9
9) құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндiруге арналған техникалық жағдайлардың құрылыс саласындағы мемлекетаралық және мемлекеттiк нормалар мен стандарттарға сәйкестiгі туралы қорытындыларды қарайды және мемлекеттiк стандарттау, метрология және сертификаттау органына бередi;
Тармақша 10
10) инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн жетiлдiру жөнiндегі ұсыныстарды әзiрлейдi және енгiзедi;
Тармақша 11
11) республикалық бюджет, Қазақстан Республикасының үкiметтiк кепiлдiгi арқылы берiлетiн сыртқы қарыздар есебiнен қаржыландырылатын объектiлердi жобалау мен салуға арналған мердiгерлiк тендерлердi ұйымдастыруға және өткiзуге қатысады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиясын iске асыру жөнiндегi инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды, сондай-ақ жылдық жоспарларды әзiрлеуге атсалысады;
Тармақша 13
13) құрылыс, сәулет, қала салу, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының жағдайын талдауға және болжамдарын әзiрлеуге қатысады:
Тармақша 14
14) жергiлiктi органдарымен бiрлесiп қалалардың және басқа да елдi мекендердiң сәулет және қала салу жоспарлануы және салуының нормалары мен ережелерiнiң сақталуына, қала салуды реттеудiң ерекше режимi бар аумақтардың пайдаланылуына, тарихи қала салу мұраларының қорғалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Мемлекеттiк қала салу кадастрын жүргiзедi;
Тармақша 16
16) өз құзыретінiң шегiнде басқа да мемлекеттiк органдар мен құрылыс ұйымдарының құрылыс саласындағы инвестициялық бағдарламаларды орындау жөнiндегi қызметін үйлестiредi;
Тармақша 17
17) өз құзыретiнiң шегiнде құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарының қызметiн үйлестiрудi және әдiстемелiк қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) құрылыста бағаның қалыптасуына, құрылыс-монтаж жұмыстарының өзiндiк құнына талдау жасайды, мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын құрылыстың сметалық құнын есептеу тәртiбiн айқындайды;
Тармақша 19
19) құрылыс саласының республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын мемлекеттiк басқару органының функцияларын, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) құрылыс өнiмдерiн сертификаттауға атсалысады;
Тармақша 21
21) өзінiң құзыретiне жатқызылған қызмет түрлерi бойынша лицензия берушi болады;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының аумағында сәулет-қала салу құжаттамаларын әзірлеу, аумақтарды қала құрылысына игеру, объектiлер мен кешендердi салу, қайта жаңарту, қалпына келтiру, жаңғырту, күрделi жөндеу және абаттандыру, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiру кезiнде сәулет-қала құрылысы қызметi аясындағы заң актiлерiнiң, мемлекеттiк нормативтердің талаптары сақталуын, мемлекеттiк сәулет-құрылыстық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 23
23) өз құзыретiнiң шегiнде инвестициялардың, құрылысқа арналған жобалардың, сондай-ақ қала құрылысы құжаттамаларының техникалық экономикалық негiздемелерiне мемлекеттiк сараптаманы қамтамасыз етедi;
Тармақша 24
24) республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын объектiлердi, олардың мақсаттарына қарамастан, салудың, кеңейтудiң және қайта жаңартудың техникалық-экономикалық негiздемелерi мен жобаларын бекiтудiң ережелерiн әзiрлейдi және, заңдарда көзделген жағдайларда Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына енгiзу үшiн ұсынылатын инвестициялық жобалар жөнiнде қорытындылар бередi;
Тармақша 25
25) күрделi құрылыстың және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың мұқтаждары үшін озық технологияларды әзiрлеу жөнінде ұсыныстар дайындайды, өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектiлердi салуға арналған тәжiрибелiк, үлгiлiк және базалық жобалық шешiмдердiң әзiрленуiн ұйымдастырады және бекітедi;
Тармақша 26
26) шағын кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеуге, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын жобалауға, салуға, өндiруге, тұрғын үй-коммуналдық қызметтердi өндiруге және көрсетуге қатысады;
Тармақша 27
27) еңбектi ұйымдастыру мен нормалауды жетiлдiру мәселелерi бойынша әдiстемелiк қамтамасыз етуге сондай-ақ қолданылып жүрген тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына енбеген жұмысшылардың мамандықтары мен қызметкерлердiң лауазымдары бойынша тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларды әзiрлеуге қатысады;
Тармақша 28
28) ғылыми зерттеудiң бағыттарын айқындауға қатысады, өз құзыретiнiң шегiнде республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын салалық ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру жұмыстарын орындауды ұйымдастырады;
Тармақша 29
29) халықаралық ынтымақтастықтың жалпы жүйесi шеңберiнде шетелдермен және халықаралық ұйымдармен құрылыс саласындағы ғылыми-техникалық және экономикалық байланыстарды жүзеге асырады, ТМД елдерiнiң Құрылыс қызметiндегi ынтымақтастық жөнiндегi Yкiметаралық кеңесiнiң жұмысына қатысады;
Тармақша 30
30) құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаласында әлеуметтік, экономикалық және техникалық саясатты әзiрлеу мақсатында қоғамдық бiрлестiктермен және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;
Тармақша 31
31) төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөнiнде бүлiнген құрылысты қалпына келтiру немесе бұзу жөнiнде шешiм қабылдау жөнiнде кешендi шараларды әзiрлеуге қатысады;
Тармақша 32
32) өзiне заңмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Комитет негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) өз құзыретiнiң шегінде құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында нормативтiк және нормативтiк-құқықтық актiлер қабылдауға;
Тармақша 2
2) орталық және жергiліктi атқарушы органдардың сәулет-қала құрылысы қызметi аясындағы нормативтiк және нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келетiн шешiмдерiнiң қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге, құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, жылжымайтын мүлiктi бағалау салаласындағы нормаларды, ережелердi, нұсқаулықтарды және әдiстемелiк құжаттарды қолдану мәселелерi жөнiнде шешiмдер қабылдауға;
Тармақша 3
3) басқа орталық атқарушы органдар әзiрлеген заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары жөнiнде құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 4
4) құрылыс өнiмдерiн сертификаттау жөніндегi сынақ лабораторияларын тiркеуге атсалысуға;
Тармақша 5
5) өзiнiң құзыретiне кiретiн қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) қажеттi жағдайларда сарапшылар ретiнде өндiрiстiң басқа салаларының, ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық ұйымдардың мамандарын тартуға;
Тармақша 7
7) сәулеттiк-қала құрылысы қызметiне бақылау жасауға;
Тармақша 8
8) құрылыс, сәулет, қала құрылысы, аумақтарда құрылыс салу және мемлекеттiк қала салу кадастры жергілiктi басқару органдарының қызметiне әдiстемелiк басшылық пен үйлестiрудi жүзеге асыруға;
Тармақша 9
9) ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды құру, қайта құру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 10
10) өз құзыретiнiң шегiнде заңды және жеке тұлғалардан ақпарат сұратуға және алуға;
Тармақша 11
11) заңдарға сәйкес басқа да өкiлеттiктердi пайдалануға құқығы бар.
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Комитеттің мүлкі
3. Комитеттің мүлкі
Тармақ 13
13. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
Тармақ 14
14. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 15
15. Комитеттің оған бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе басқа тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңдармен белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билік ету құқығы берiлуi мүмкiн.
Тарау 4. 4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитеттi Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары болады.
Тармақ 17
17. Комитеттiң төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауапкершiлiкте болады.
Тармақ 18
18. Осы мақсатта Төраға:
Тармақша 1
1) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттіктерiн белгілейдi; 2) заңдарға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) қызметкерлердiң белгiленген саны мен еңбек ақысы қорының шегiнде Комитеттiң штаттық кестесiн, бөлiнген қаржы шегiнде аппаратты ұстауға кететiн шығыс сметасын бекiтедi; 4) заңда белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады; 5) Комитет актiлерiне қол қояды; 6) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 7) өз өкiлеттiгiнiң шегiнде мемлекеттiк органдарда, басқа ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi; 8) заңдарға сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 19. Құрылыс, сәулет, қала құрылысы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы проблемаларды талдау, бағдарламаларды, жобалар мен ғылыми-техникалық құжаттарды қарау және бекiту үшiн Комитетте сәулет, құрылыс, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерi бойынша консультациялық-кеңесушi орган ретiнде Ғылыми-техникалық кеңес құрылады. Ғылыми-техникалық кеңестiң сандық және жеке құрамын, ол туралы Ереженi Комитеттiң төрағасы бекiтедi. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы "21" шiлдедегi N 1022 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің Құрылымы Басшылық Сәулет және қала құрылысы басқармасы Экономикалық талдау және жоспарлау басқармасы Құрылыстағы техникалық нормалау мен жаңа технологиялар басқармасы Тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық реформалар бөлімі 📌 Ескерту. 6-абзац алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.08.04. N 1198 қаулысымен.