Ұн, нан және нан өнімдерінін қымбаттауына байланысты күн көріс деңгейі кедейшілік шегінен төмен адамдарға (отбасыларға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемін беру Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазакстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазакстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік корғау министрлігінің 2007 жылдың 21 қыркүйегіндегі №09-01- 17/5871 санды хатына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ұн, нан және нан өнімдерінің қымбаттауына байланысты күн көріс деңгейі кедейшілік шегінен төмен адамдарға (отбасыларға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемін беру Ережесін бекіту туралы от 26.11.2007 г. № 220 (Ұн, нан және нан өнімдерінің қымбаттауына байланысты күн көріс деңгейі кедейшілік шегінен төмен адамдарға (отбасыларға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемін беру Ережесін бекіту туралы)
1. Қоса беріліп отырған «Ұн, нан және нан өнімдерінің қымбаттауына байланысты күнкөріс деңгейі кедейшілік шегінен төмен адамдарға (отбасыларға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемін беру» Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Ақжігітовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазалы ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 26 қарашадағы
№ 220 каулысымен бекітілген
Ұн, нан және нан өнімдерінің қымбаттауына байланысты күнкөріс деңгейі кедейшілік шегінен төмен адамдарға (отбасыларға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемін беру Ережесі
1. Жалпы ереже
1. Осы Ереже «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазакстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылдың 21 қыркүйегіндегі №09-02-11/5925 хатына сәйкес ұн, нан және нан өнімдерінің кымбаттауына байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы адамдарға (отбасыларға) аудан бюджеті есебінен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемін беру тәртібін белгілейді.
2. Қаржыландыру көзі
2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемі каражаты аудан бюджетінен қарастырылады.
3. Бағдарлама әкімшісі «Аудандық жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
3. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемін беру және төлем тәртібі
4. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы адамның (отбасының) ұн, нан және нан өнімдерінің қымбаттауына байланысты әлеуметтік көмек төлемін беру жөнінде берген өтінішіне сәйкес, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы» комиссияның шешімі негізінде беріледі.
5. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеміне арналған қаражат ай сайын отбасы атынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемін алуға өтініш білдірген адамның жеке есеп-шотына Қазалы аудандық пошта байланыс торабы арқылы аударылады.
6. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемі 2007 жылдың караша, желтоқсан айына төленеді.
4. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемін алуға кажетті кұжаттардың тізбесі
7. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемін алуға өтініш беруші адам (отбасы) «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мына құжаттарды ұсынады:
1) әлеуметтік көмек төлемін алушының арызы;
2) әлеуметтік көмек төлемін алушының төлқұжаты немесе жеке куәлігі, (көшірмесі);
3) салық төлемгерінің тіркеу нөмірі (СТН), (көшірмесі).
5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
8. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемі аудандық бюджетте қаралған қаржы көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы адамға және отбасының әрбір мүшесіне 600 теңгеден есептелінеді.