Об отнесении отдельных населенных пунктов Шалкарского района к категории села Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шалқар ауданының жекелеген елді мекендерін ауыл санатына жатқызу туралы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес Шалқар ауданы өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округінің N 59 темір жол бекетіндегі елді мекен ауыл санатына жатқызылсын және Қарабұлақ ауылы болып аталсын.
Тармақ 2
2. Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінің N 60 темір жол бекетіндегі елді мекен ауыл санатына жатқызылсын және Қорғанжар ауылы болып аталсын.
Тармақ 3
3. Шалқар аудан әкiмі (Р. М. Сыдықов) осы бірлескен қаулы және шешімнен туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. "Ақтөбе облысының статистика басқармасы" ММ (А. Д. Мұқаев) жоғарыда көрсетілген елдi мекендерді есептi деректерге енгізсін.
Тармақ 5
5. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" ММ (М. Н. Жекеев) жер-кадастр құжаттарына тиісті өзгерістер енгізсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.