Об упразднении некоторых населенных пунктов Хромтауского и Шалкарского районов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Хромтау және Шалқар аудандарының жекелеген елді мекендерін тарату туралы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес Хромтау және Шалқар аудандарының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Халқының саны 50 адамнан кем Хромтау ауданының Құдықсай ауылдық округінің Кеной ауылы, Шалқар ауданының Айшуақ ауылдық округінің Қосқақ ауылы, Қауылжар ауылдық округінің Сарышоқы ауылы, Мөңке би ауылдық округінің Әбді және Алгелді ауылдары; Шалқар ауданының Ақтоғай ауылдық округінің Шахты ауылы, Шалқар ауылдық округінің Көктымақты ауылы тұрғындары көшіп кетуіне байланысты таратылсын.
Тармақ 2
2. Хромтау және Шалқар аудандарының әкімдері таратылған ауылдардың жерлерін одан әрі пайдалануға байланысты мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. "Ақтөбе облысының статистика басқармасы" ММ (А. Д. Мұқаев) жоғарыда аталған елдi мекендерді есептi деректерден шығарсын.
Тармақ 4
4. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" ММ (М. Н. Жекеев) жер-кадастр құжаттарына тиісті өзгерістер енгізсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.