Об упразднении некоторых населенных пунктов Байганинского района Қолданыста
Басқа 0
Байғанин ауданының жекелеген елді мекендерін тарату туралы
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес Байғанин ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Халқының саны 50 адамнан кем Байғанин ауданының Жаңажол ауылдық округінің Нұржау ауылы, Жарқамыс ауылдық округінің Қалдайбек ауылы таратылсын.
Тармақ 2
2. Байғанин ауданының әкімі таратылған ауылдардың жерлерін одан әрі пайдалануға байланысты мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. "Ақтөбе облысының статистика басқармасы" ММ (А. Д. Мұқаев) жоғарыда аталған елдi мекендерді есептi деректерден шығарсын.
Тармақ 4
4. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" ММ (М. Н. Жекеев) жер-кадастр құжаттарына тиісті өзгерістер енгізсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.