Об определении объектов и вида работ для отбывания наказания лицами осужденными к общественным работам Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сотталған тұлғаларды қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаларын өтеу нысаны мен объектілерін анықтау туралы 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42 бабы, 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық – атқару кодексінің 30 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сәтбаев қаласы бойынша сотталған тұлғаларды қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаларын өтеу объектілері анықталсын:
Тармақша 1
1) «Сәт-Сәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 2
2) «Изумруд» пәтер иелерінің кооперативі;
Тармақша 3
3) «Болашақ» пәтер иелерінің кооперативі;
Тармақша 4
4) «Қуаныш» пәтер иелерінің кооперативі;
Тармақша 5
5) «Қайсар» пәтер иелерінің кооперативі;
Тармақша 6
6) «Көмек» пәтер иелерінің кооперативі.
Тармақ 2
2. Анықталған объектілердің әкімшілігіне, қаланы көгалдандыру, жайластыру және санитарлық тазалау нысанындағы қоғамдық жұмыстарды атқаруға сотталған тұлғаларды жүктеу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік тәулік өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары С.Ғ. Ғабдулуахитовке жүктелсін. «КЕЛІСІЛГЕН»: Қарағанды облысы бойынша Әділет министірлігі Қылмысты-Атқару жүйесінің Комитеті басқармасының бастығы Т.Б. Ахметов «19» 12 2007 ж. «Сәтбаев қаласының қаржы бөлімі» ММ бастығы Е.Х. Сакеев «19» 12 2007 ж.