О предоставлении права на промысловый лов рыбы Күшін жойған
Басқа 0
Кәсiпшiлiк балық аулау құқығын беру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 27.04.2005 № 24 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Жануарлар әлемiн қорғау үдемелi өндiру
және пайдалану туралы"
Заңына сәйкес:
Тармақ 1
1. Балықты кәсiпшiлiк аулау құқығы мыналарға берiлсiн:
- "Шымкент-балық" акционерлiк қоғамына;
- "Киров" коллективтiк кәсiпорнына;
- "Шабылан" шаруа қожалығына;
- Шардара ауданы "Құнарлық" акционерлiк қоғамына;
- "Әбiшев және компания" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке;
- "Сафари" шағын кәсiпорнына;
- "Ақтау" шаруа қожалығына;
- "Жетi құдық" шаруа қожалығына;
- "Нұрсұлтан" шаруа қожалығына;
- "Әтенбаев және компания" толық серiктестiгiне;
- "Уәлиханов және компания" толық серiктестiгiне;
- "Күмiс-балық" акционерлiк қоғамына;
- Арыс-Түркiстан арнасының басқармасына;
- ИЧ 167/3 еңбекпен түзеу мекемесiне;
- облыстық аңшылар және балық аулаушылар қоғамына;
- Шардара ауданының тұтынушылар қоғамына;
- Мақтаарал ауданының дайындау кеңсесiне.
Тармақ 2
2. Кәсiпшiлiк балық аулау үшiн:
а/ Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгi
Қазақстан бас биоресурстары басқармасы тұжырымының негiзiнде Шардара су
қоймасындағы учаскелер бекiтiлсiн:
- N 1 кәсiпшiлiк балық аулау учаскесi "Шымкент-балық" АҚ;
- N 2 - "Киров" КК;
- N 3 -"Шаблан", N 4-Нұрсұлтан", N 7 -"Ақтау", N 10 -"Жанұя",
- N 10-"Жанұя",N 11-"Жетi құдық" шаруа қожалықтарына;
- N 8-Шардара ауданының "Құнарлық" АҚ;
- N 5-"Әбiшев және компания", N 12-"Уәлихан және компания"
серiктестiктерiне;
- N 6-"Сафари" шағын кәсiпорнына;
б/ Бөген су қоймасында: N 1 кәсiпшiлiк балық аулау учаскесi "Күмiсбалық" АҚ, N 2-Арыс-Түркiстан арнасының басқармасына, N 3 ИЧ 157/3 мекемесiне, N 4-облыстық аңшылар және балық аулаушылар қоғамына;
в/ кәсiпшiлiк балық аулау, сондай-ақ лицензиялық және спорттық-әуесқойлық балық аулау үшiн үшiн Бадам су қоймасы мен Шошқакөл көлдер жүйесi облыстық аңшылар және балық аулаушылар қоғамына бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi облыстық инспекциясы (Кетебаев) осы шешiмнiң негiзiнде балық дайындаушылармен балық қорларын анықтау және балықты үдемелi өндiру жөнiндегi ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруды есепке алып, балық шаруашылығы су айдындарын пайдалану туралы келiсiм-шарттар жасасын.
Тармақ 4
4. Ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргiзу және балық қорларын қайта өндiру жөнiндегi бас кәсiпорындар болып Шардара су қоймасында "Шымкент-балық" АҚ мен Шардара балық өсiру орны, Бадам су қоймасында-"Күмiс-балық" АҚ белгiленсiн.
Тармақ 5
5. Бекiтiлмеген балық шаруашылығы су айдындарын облыстық резервтiк қор табылсын.
Тармақ 6
6. Жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi облыстық инспекция облыстық экология және биоресурстар басқармасымен бiрiгiп, тендерлiк негiзде мүдделi заңды және жеке тұлғаларға балықты кәсiпшiлiк аулау құқығын беру және оларға балық шаруашылығы су айдындарын бекiту жөнiндегi ұсыныстарын енгiзсiн.
Тармақ 7
7. Жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi облыстық инспекциясы Қазақстан бас биоресурстары басқармасының келiсiмi бойынша бiр айлық мерзiм iшiнде облыс бойынша нақты ауланатын балықтың мөлшерiне енгiзу үшiн табиғатты пайдаланушылардың барлығына есеп және бақылау тәртiбiн белгiлесiн.
Тармақ 8
8. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
- облыс Әкiмiнiң 1995 жылғы 18 маусымдағы N 360 және 1995 жылғы 5 қыркүйектегi "Кәсiпшiлiк балық аулау құқығын беру және облыстық балық шаруашылық су айдындарын табиғатты пайдаланушыларға бекiту туралы" N 408 қаулылары;
- облыс Әкiмiнiң 1996 жылғы 4 сәуiрдегi "Оңтүстiк Қазақстан облысы Әкiмiнiң 1995 жылғы 13 маусымдағы N 306 және 1995 жылғы 6 қыркүйектегi N 408 қаулыларының күшiн уақытша тоқтатып тұру туралы шешiмi;
- облыс Әкiмiнiң 1996 жылғы 19 шiлдедегi "Оңтүстiк Қазақстан облысы Әкiмiнiң 1995 жылғы 13 маусымдағы N 360 және 1995 жылғы 5 қыркүйектегi N 408 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" N 146 шешiмi;
- облыс Әкiмшiлiк 1996 жылғы 14 қазандағы "Кәсiпшiлiк балық аулау құқығын беру және облыстың балық шаруашылығы су айдындарындағы учаскелердi табиғатты пайдаланушыларға бекiту туралы" N 208 шешiмi;
Тармақ 9
9. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары Р.С. Халмұрадовқа жүктелсiн.