Изменения и дополнения в Инструкцию "О порядке представления, рассмотрения и утверждения проектов цен и тарифов на продукцию и услуги хозяйствующих субъектов - естественных монополистов" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң табиғи монополистердiң өнiмдерiне бағалар мен тарифтердiң жобаларын тапсырудың, қараудың және бекiтудiң тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгертулер мен толықтырулар 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің 1998.08.19. N 03-4 ОД бұйрығымен. 2.2.п. екiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi Мемлекеттiк комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздермен, үшiншi абзацтағы "комитеттермен" деген сөз "басқармалармен" деген сөзбен алмастырылсын. 2.3.п. мынадай түзетуде берiлсiн: "Бағалар жобасы Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Бағаларды реттеу жөнiндегi комиссиясында (алқасында) қаралып, Министрдiң бұйрығымен, территориялық басқармалардың бұйрығымен (қаулысымен) бекiтiледi". 2.5.п. бiрiншi және үшiншi абзацындағы "баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi" деген сөздер "бағаларды бекiтуге өкiлеттi" деген сөздерге алмастырылсын. 2.6.п. екiншi абзацындағы "Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi Мемлекеттiк комитет" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздермен; үшiншi абзацындағы "комитеттер" сөзi "басқармалар" сөзiмен; төртiншi абзацындағы "комитеттерiнiң" сөзi "басқармаларының" сөзiмен алмастырылсын. Төмендегi пункттер мынадай түзетуде берiлсiн: 2.5.п. "Бағалар мен тарифтердi бекiтуге өкiлеттi органдар олардың деңгейiне өзгерiстер енгiзгенде туындайтын тартысты жағдайлар бағалар мен тарифтердiң жобасын ұсынған министрлiктердiң, ведомстволардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қатысуымен қаралады. Бiр мезетте Өндiрiсшiлер одағы, Тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi қоғам сияқты өнiмдi тұтынушылардың және басқа да мүдделi тұлғалардың қатысуымен көпшiлiктi тыңдаулар өткiзiледi. Бағаларды бекiтуге өкiлеттi органдар бағалар деңгейi жөнiнде түпкiлiктi шешiм қабылдайды." 3.2.п., 5, 6, 7, 8 абзацтар: "- өнiм (қызмет) көлемiне және пайдаға (таза пайдаға) бағалардың өзгеруiнiң ықпалын есептеу (3-шi түрi); - ұйымның өткен мерзiмiнiң есептеушiлiк теңгермесi; - пайданы (таза пайданы) жұмсау туралы есеп; - өткен мерзiм (тоқсан) iшiндегi қаржы-шаруашылық жүргiзудiң нәтижелерi және алдағы есептi тоқсанда күтiлетiн нәтижелер туралы есеп." 3.3.п. үшiншi абзац: "- пайданы (таза пайданы) жұмсау туралы есеп." 4.1.п.: Бiрiншi абзац: "Баға жобаларын қарағанда Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясы бекiткен Бухгалтерлiк есеп стандарттарын және "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi Мемлекеттiк комитетi бекiткен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер табиғи монополистер өндiретiн және сататын өнiмдердiң (жұмыстардың, қызметтердiң) бағасын қалыптастырудың ерекше тәртiбiн басшылыққа алу қажет." Бесiншi абзац: "еңбек ақысын төлеу шығынын есептеу, басқару тобы қызметкерлерiнiң қызмет окладының сомасы, оның еңбек ақысын төлеу жөнiндегi ережеге сәйкестiгi тексерiлсiн, жобаланып отырған еңбек ақысын төлеу шығыны өткен (есептi) мерзiмде iс жүзiнде қанша болғанымен және сала бойынша орташа жалақымен салыстырылсын"; Мынадай абзацпен толықтырылсын: "Өндiрiс көлемi маусымдық толқулармен ерекшеленетiн салаларда бағаларды бекiту барысында жылдық есеп көрсеткiштерi қабылданады." 4.2.п.: "Пайда (таза пайда) деңгейiн анықтау барысында заңда көрсетiлген салық пен төлемдердi төлеуге, сол сияқты саланы (шаруашылық жүргiзушi субъектiнi, дамытуға арналған қажеттi сомалар есепке алынуы тиiс. Мұндайда пайданың (таза пайданың) iс жүзiндегi деңгейiнiң оның алдында бағалар мен тарифтердiң бекiтiлуi кезiндегi деңгейiнен алшақтау себептерiне және пайданың қандай бағыттарға жұмсалғанына назар аударған дұрыс." Бiрiншi және екiншi формалардың, үшiншi қосымшаның тақырыбы келтiрiлген бiрiншi формаға, қосымшаларға сай өзгертiлсiн. 1-шi нысан __________________________________ /министрлiк, ведомство/ __________________________________________________________ өнiм дайындаушы бiрлестiк /кәсiпорын/, қала, телефон N КАЛЬКУЛЯЦИЯ _______________________________________________________________ өнiмнiң /қызметтiң/ атауы Қолдану бағасы, теңге _________________________________________ Бекiтiлу уақыты 199__ "____"___________________________________ Калькуляция өлшемi ____________________________________________ /теңгемен және тиынмен/ ___________________________________________________________________ Шығындар мен басқа |Алдыңғы |Есеп берiп|Бағаны | көрсеткiштер |кезеңде |отырған |есептеу | баптарының атауы |/тоқсанда/|тоқсандағы|үшiн | |iс жүзiнде|жедел |жобаланатын | |жұмсалғаны|деректер |деректер | ________________________________|__________|__________|____________| 1 | 2 | 3 | 4 | ________________________________|__________|__________|____________| А. Тiкелей шығындар I. Материалдық шығындар
Тармақ 1
1. Шикiзат пен материалдар
Тармақ 2
2. Сатып алынатын бұйымдар мен жартылай фабрикаттар
Тармақ 3
3. Қосалқы материалдар
Тармақ 4
4. Технологиялық мақсаттарға арналған отын
Тармақ 5. II. Еңбек ақысын төлеу шығындары
5. Технологиялық мақсаттарға арналған энергия II. Еңбек ақысын төлеу шығындары
Тармақ 6
6. Өндiрiстегi жұмысшылардың негiзгi жалақысы, соның iшiнде қосымша ақылар /ақшалай сыйлықтар/
Тармақ 7
7. Өндiрiстегi жұмысшылардың қосымша жалақысы
Тармақ 8
8. Әлеуметтiк сақтандыруға арналған төлемдер
Тармақ 9
9. Жұмыспен қамтуға жәрдем. десу қорына төлемдер Б. Басқа өндiрiстiк шығындар
Тармақ 10
10. Белгiленген шығыстар (өнiмдi өндiруге тiкелей қатысты шығындар)
Тармақ 11
11. Нәтижеде өндiрiстiң өзiндiк құны В.  Маусымдық шығындар
Тармақ 12
12. Жалпы және әкiмшiлiк шығындар (өндiрiстi басқару мен ұйымдастыруға байланысты шығындар)
Тармақ 13
13. Жол қорына төлемдер
Тармақ 14
14. Өнiмдi сату (өткiзу) шығындары
Тармақ 15
15. Шығындар жиынтығы Г.  Пайда
Тармақ 16
16. Пайда
Тармақ 17
17. Кәсiпорынның бағасы Анықтама ретiнде: - өзiндiк құнға шаққанда рентабельдiлiк процент есебiмен; - заттай есептегенде өнiм /қызмет/ шығару; - белгiлi бiр өнiмнiң /қызметтiң/ кәсiпорынның жалпы көлемiндегi үлес салмағы. Жоспарлау бөлiмiнiң бастығы Бас бухгалтер Директор
Басқа 1
1-шi нысанды толтыруға қосымша Өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау заттай, еңбек және басқа шығындарды қосымшалай отырып Бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес жасалады. Салалық ерекшелiктер мен өнiм өндiру және қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып 1-шi нысан мен оған қосымшалар бағаны бекiтушi органдармен келiсiле отырып өзгертiле алады. Заттай, еңбек және басқа шығындарды кеңейтiп көрсету бағасы белгiленуге тиiс өнiмнiң өзiндiк құнын жобалық калькуляциялауға арналады. Өнiм (қызмет) бiрнеше кәсiпорында өндiрiлген жағдайда өзiндiк құнын калькуляциялау әр кәсiпорын бойынша жүргiзiледi. Жобаланған шығындар есептi (нормативтi) деректерден ерекшеленген жағдайда түсiндiрме хатта мұндай өзгерiстерге нелiктен жол берiлгендiгi көрсетiледi.
Басқа 2
1-нысанға N 3 қосымша Қосымша шығындардың кеңейтiлген кестесi ___________________________________________________________________ |       Кәсiпорын бойынша тұтас алғанда |_____________________________________________ Шығын          |Алдыңғы     |Есеп берiлiп   |Бағаны есептеу баптары         |кезеңде     |отырған тоқсан.|үшiн |(тоқсанда)  |дағы шұғыл     |жобаланатын |iс жүзiнде  |деректер       |мәлiметтер |жұмсалғаны  |               | _____________________|____________|_______________|________________ 1          |     2      |        3      |        4 _____________________|____________|_______________|________________ Қосымша шығындар ................ ................ ................ ................ Барлығы: Өнiм бiрлiгiне есептеу үшiн алынған бөлiп-тарату негiзi ---------------------------- Қосымша шығындар бөлiп- таратуға процентпен Жоспарлау бөлiмiнiң бастығы Бас бухгалтер
Басқа 3
1-шi нысанға 4-шi қосымша ___________________________________________________________________ Шығын         |       Кәсiпорын бойынша тұтас алғанда _____________________|_____________________________________________ |Алдыңғы     |Есептi         |Бағаны есептеу |кезеңде     |тоқсандағы     |үшiн |            |шұғыл          |жобаланатын |iс жүзiнде  |деректер       |деректер |жұмсалғаны  |               | _____________________|____________|_______________|________________ Жалпы және әкiмшiлiк шығындар ..................... ..................... ..................... ..................... Барлығы: Өнiм бiрлiгiне есептеу үшiн алынған бөлiп-тарату негiзi ---------------------------- Жалпы және әкiмшiлiк шығындар бөлiп-таратуға процентпен Жоспарлау бөлiмiнiң бастығы Бас бухгалтер 2-нысан ----------------------------- /министрлiк, ведомство/ ----------------------------- /кәсiпорын, ұйым/ Өндiрiске арналған шығыс сметасы /мың теңге/ ___________________________________________________________________ |       Кәсiпорын бойынша тұтас алғанда Шығыс         |_____________________________________________ баптары *)     |Алдыңғы     |Есеп берiлiп   |Бағаны есептеу мен басқа      |кезеңде     |тоқсандағы     |үшiн көрсеткiштердiң   |(тоқсанда)  |жедел          |жобаланатын атауы         |iс жүзiнде  |мәлiметтер     |мәлiметтер |жұмсалғаны  |               | _____________________|____________|_______________|________________ 1          |     2      |        3      |        4 _____________________|____________|_______________|________________
Тармақ 1
1. Шикiзат пен материалдар
Тармақ 2
2. Отын
Тармақ 3
3. Энергия
Тармақ 4
4. Жалақы
Тармақ 5
5. Әлеуметтiк сақтандыруға арналған төлемдер
Тармақ 6
6. Негiзгi қорларды амортизациялау
Тармақ 7
7. Басқа шығындар ** Өндiрiс шығындарының жиынтығы Анықтама түрiнде: - қолданымдағы бағамен сатылған өнiмнiң құны - пайда - еңбек ақы қоры соның iшiнде өндiрiстегi жұмысшыларға арналғаны - жалпы саны, адам соның iшiнде өндiрiстегi жұмысшылардың саны - негiзгi өндiрiс қорларының құны - рентабельдiлiк - өзiндiк құнға шаққанда өндiрiс қорларының құнына шаққанда ------------------------------------ Баптардың атауы салалық ерекшелiктер ескерiлiп көрсетiледi; Осы бапқа кiргiзiлген шығындардың толық кестесi жасалады. Жоспарлау бөлiмiнiң бастығы Бас бухгалтер ___________________________________________________________________