О проведении приписки граждан к призывному участку отдела по делам обороны Жамбылского района Қолданыста
Басқа 0
Жамбыл ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақырту учаскесінде азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі Заңының 17- бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) 1991 жылы туған, сонымен қатар, қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақырту учаскесінде тіркелмеген, жасы үлкен азаматтарды тіркеу 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. 1 қосымшаға сәйкес аудандық тіркеу жөніндегі комиссия құрылсын.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Жамбыл аудандық емханасы» коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) аудандық комиссияны қажетті көлемде орта буынды медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) шақыртылған азаматтарды стационарлық тексерістен өткізу үшін аудандық ауруханадан орын бөлсін, шақырту пункітін қажетінше медициналық құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен жабдықтасын.
Тармақ 5
5. Жас өспірімдерді шақырту учаскесінде тіркеу Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің ғимаратында жүргізілсін.
Тармақ 6
6. Селолық округ әкімдеріне, ауданның білім бөліміне 1991 жылы туған, сонымен қатар, жасы үлкен, тіркеуден өтпеген барлық азаматтарды шақырту қағазында көрсетілген қажетті құжаттарымен тіркеуге келуін ұйымды және уақытында қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. «Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне:
2 қосымшаға сәйкес, Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақырту учаскесіне 1990 жылы туған, сонымен қатар жасы үлкен азаматтардың тіркелуін қамтамасыз ету үшін техникалық қызметшілер жұмысқа тартылсын;
әскери міндетінен жалтарғандардың және әскери бөлімдерін өз еріктерімен тастап кеткендердің жауапкершіліктері жөнінде шақырылушылардың алдында баяндама циклдарымен қамтамасыз етілсін;
аудан әкіміне тіркеуді жүргізудің қорытындысы жөнінде 2007 жылдың 1 сәуіріне ақпарат тапсырсын.
Тармақ 8
8. «Жамбыл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44 - бабының негізінде көрсетілген шаралардың орындалуына байланысты шығындар жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 10
10. «Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақырту учаскесінде азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы» аудан әкімдігінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 296 қаулысының (Мемлекеттік тіркеу нөмірі № 13-7-44, «Ауыл -Арайы - Сельская новь» 2006 жылғы 22 желтоқсандағы 44 нөмірі, 2006 жылғы 5 ақпандағы 5 нөмірі) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 11
11. Аудан әкімінің қаулысы ресми жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Келісілген:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау Министрлігінің Солтүстік
Қазақстан облысы Жамбыл аудандық
емханасы» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
А.Высоцкий
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау Министрлігінің Солтүстік
Қазақстан облысы Жамбыл аудандық
орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
Н.Мүсетаев
«Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі»
Мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ж.Кеженев
«Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі»
Мемлекеттік мекемесінің бастығы
А.Құтұшев
Басқа 12. Шақырту комиссияның құрамы
Аудан әкімідігінің
2007 жылғы 19 қарашадағы
№ 302 қаулысына
1 қосымша
Шақырту комиссияның құрамы
Кеженев Жамбыл Маратұлы - Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы;
Асаинов Руслан Бижанұлы - бас маман, аудан әкімі орынбасарының көмекшісі, комиссия төрағасының орынбасары.
Жамбылов Нұрлан Қайроллаұлы - Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі бастығының тәрбилеу жұмысы жөніндегі орынбасары (келісім бойьшша);
Житенко Людмила Васильевна - Жамбыл аудандық емхананың бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша);
Нұртазина Гүлнәр Баймолдақызы - аудандық орталық аурухананың салауатты өмір сүру салты жөніндегі медициналық бибі комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Аудандық шақырту комиссияның резервтегі кұрамы
Радченко Юрий Иванович - Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі Бөлімінің келісім-шарт және шақырту бойынша әскери қызметшілерді қабылдау бөлімшесінің бастығы, комиссияның төрағасы (келісім бойынша);
Омаров Ақжайық Төлегенүлы- құқық мәселелері жөніндегі аудан әкімінің кеңесшісі, комиссия төрағасының орынбасары.
Темірбеков Қайрат Сабырұлы - Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет бойынша орынбасары;
Высоцкая Лидия Федоровна - аудандық орталық аурухананың дәрігер-фтизиатры, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша);
Карпенко Светлана Сергеевна - аудандық орталық аурухананың медициналық бибісі, хатшы (келісім бойынша)
Басқа 13. Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақырту учаскесіне 1991 жылы туған, сонымен қатар тіркелмеген, жасы үлкен азаматтарды тіркеуді қамтамасыз ету үшін жұмысқа тартылатын техникалық қызметшілердің ТІЗІМІ
Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 19 қарашадағы
№302 қаулысына
2 қосымша
Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақырту учаскесіне 1991 жылы туған, сонымен қатар тіркелмеген, жасы үлкен азаматтарды тіркеуді қамтамасыз ету үшін жұмысқа тартылатын техникалық қызметшілердің ТІЗІМІ
Р№
Атаулары
Адамдар саны
Кәсіпорындардың атаулары
1
Техникалық қызметшілер
2
Еңбек рыногі
2
Автобус жүргізушісі
1
Еңбек рыногі