Об организации и обеспечении приписки граждан к призывному участку Денисовского района Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтарды Денисов ауданының
шақыру учаскесіне тіркеуді
ұйымдастыру мен қамтамасыз ету
туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Әсекри міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабы 3-тармағына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Тіркеу жүргізу кезеңіне қарағанда он жеті жасқа толған еркек жынысты азаматтарды, 2008 жылдың қаңтар мен наурызға дейінгі кезеңде Денисов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне (бұдан былай - қорғаныс істері жөніндегі бөлім) тіркелуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Селолар мен селолық округтердің әкімдері жасөспірімдердің шақыру учаскеге тіркелуден өтуі үшін Денисов ауданының қорғаныс істері жөніндегі әліміне ұйымдасқан турде келулері бойынша шаралар қабылдансын.
Тармақ 3
3. «Денисов ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджетте қарастырылған қаражат есебінен қаржыландыру жүргізсін.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Денисов аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркеуге тұрудан бой асалап жүргендерді іздестіру және тіркеу учаскелеріне жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша) «Денисов ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірге әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі нарядты оқу орындарына жеткізсін, алғашқы әскери даярлау жөніндегі оқытушыларын әскери-оқу мекемелері туралы анықтамалық материалмен қамтамасыз етсін, олардың жұмысын ұйымдастырсын, бұкаралық ақпарат құралдары арқылы әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу туралы хабарландыру берсін. Әскери-оку орындарына түсуіне кәсіптік бағыттау мақсатымен тіркеу жүргізу мерзімінде әр әскер жасына дейінгі жастармен жеке әңгімелер жүргізсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімін орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Шешім орындау жөніндегі атқарылған жұмыс туралы ақпарат 2008 жылғы 1 сәуірге дейін Денисов ауданының әкіміне берілсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.