Об утверждении Правил «О предоставлении малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома), потребления коммунальных услуг и телефонной абонентской связи» Қолданыста
Басқа 0
«Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерге төлемақы жасау үшін әл-ауқаты төмен азаматтарға тұрғын үй және телефон абоненттерінің байланысына жәрдемақы беру» Ережелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі «Телефон абоненттеріне тарифтің өсуіне байланысты айырмашылығын кері қайтару» туралы Қаулысына сәйкес әзірленді Щучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерге төлемақы жасау үшін әл-ауқаты төмен азаматтарға тұрғын үй және телефон абоненттерінің байланысына жәрдемақы беру» (ұсынылған қосымшаға сәйкес) туралы Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Щучье аудандық мәслихатының 2002 жылғы 7 мамырдағы № С-16/5 «Әл-ауқаты төмен азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру туралы» шешімі (тіркеу № 1102, 16 мамыр 2002 жыл), 2002 жылғы 14 тамызындағы № 65 «Луч», 2002 жылғы 7 маусымдағы № 23 «Бурабай» газеттерінде жарияланған, 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № С-10/3 «Щучье аудандық мәслихатының 2002 жылғы 7 мамырдағы № С-16/5 «Әл-ауқаты төмен азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (тіркеу № 2840, 15 қазан 2004 жыл), 2004 жылғы 11 қарашадағы № 90 «Луч», 2004 жылғы 28 қазандағы № 46 «Бурабай» газеттерінде жарияланған, 2005 жылғы 20 қазандағы № С-21/3 «Щучье аудандық мәслихатының 2002 жылғы 7 мамырдағы № С-16/5 «Әл-ауқаты төмен азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (тіркеу № 1-19-50,4 қа2005 жыл), 2005 жылғы 21 қарашадағы № 93 «Луч», 2005 жылғы 17 қарашадағы № 46 «Бурабай» газеттерінде жарияланған, «Щучье аудандық мәслихатының 2002 жылғы 7 мамырдағы № С-16/5 «Әл-ауқаты төмен азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру туралы» шешімі (мемлекеттік тіркеу номері 1-19-92, 31 қаңтар 2007 жыл), 2007 жылғы 26 ақпандағы № 16 «Луч», 2007 жылғы 22 ақпанда № 8 «Бурабай» газеттерінде жарияланған, 2007 жылғы 28 наурызындағы № С-37/4 «Щучье аудандық мәслихатының 2002 жылғы 7 мамырдағы № С-16/5 «Әл-ауқаты төмен азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру туралы» шешімі (мемлекеттік тіркеу номері 1-19-101, 13 сәуір 2007 жыл), 2007 жылғы 3 мамырдағы № 35 «Луч», 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 18 «Бурабай» газеттерінде жарияланған шешімдері өз күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің ықпалы 2007 жылдың 1 қаңтарынын басталған құқықтық қатынасқа жайылады.
Тармақ 4
4. Осы шешім Ақмола облысы Щучье аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен уақыттан бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
№ С-4/9 2007 жылғы 13 желтоқсанда
Щучье аудандық мәслихаты бекіткен
Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерге төлемақы жасау үшін әл-ауқаты төмен азаматтарға тұрғын үй және телефон абоненттерінің байланысына жәрдемақы беру ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі «Телефон абоненттеріне тарифтің өсуіне байланысты айырмашылығын кері қайтару» туралы Қаулысына сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі тұрмысы төмен отбасына (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну, сондай-ақ мемелекеттік тұрғын үй қорынан үй жалдауға (арендалау) төлемақы жасау үшін беріледі және әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып саналады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемақысы Щучье ауданының қала мен ауылдық жерлерде тұрақты тұратын азаматтарға, тұрғын үйді күтіп ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің төлемақы шығыны үй алаңы мен тұрғын үй-коммуналдық қызметін тұтынудың шектеулі нормативтері шеңберінде отбасы бюджетінде осы мақсаттардағы үлес шегінен асып түскен жағдайда берілуге тиіс.
Тармақ 3
3. Шығын шегінің үлесі отбасының барлық табысының 11 пайызын құрайды.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй жәрдемақысы ауданда тұрақты тұратын және үй иелері болып табылатын (жалдаушы) (жеке тұрғын үйден басқа) жеке тұлғаларға тағайындалады.
Тармақ 5
5. Төлем қамсыздандыратын шегі тұрғын үй ауданы нормасы, он сегіз шаршы метр пайдалы алаң көлемінен адам басына аспайтын, бірақ бір бөлмелі пәтер шамасынан кем болмаған жағдайда беріледі. Тұрғын үй алаңы мөлшерден асқан жағдайда артық болып есептеледі.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй жәрдемақысы жалдаушыға (меншік иесіне) есептеу сомасымен салыстырғанда төлемнің азайтылуы ретінде тұрғын үйді күтіп ұстау және тұрғын үй-коммуналдық қызметі тұтынуға төлем аударуы арқылы беріледі. Тұрмыстық көмектің көлемі тұрғын үйді күтіп ұстау және тұрғын үй-коммуналдық қызметі тұтынуға төлемнің нақты сомасынан аспауы тиіс.
Тармақ 7
7. Жеке иелігінде бірнеше үйлері бар немесе үйін жалға (арендаға) беретіндер тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады.
Тармақ 8
8. Егер отбасы құрамында жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және еңбекпен қамту бөлімінде тіркелмеген жұмысқа жарамды адамдар болса, тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жойылады.Бұған мүгедектерге күтім жасап отырған адамдар, немесе 3 жасқа дейінгі (бір немесе одан да көп) баланы тәрбиелеумен айналысатын адамдар және зейнеткерлікке шығуға жақын қалғандар (3 ай қалғандар) жатпайды.
Тармақ 9
9. Үйге коммуналдық көмек пәтерді жылыту мезгілінде орталық жылу және ыстық су жүйесіне қосылмаған, бірақ пәтер жеке жылыту жүйесімен жұмыс істейтін жағдайда төленеді.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй жәрдемақысы бір тоқсанға тағайындалады.
Тармақ 11
11. Тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызмет көрсету ақысының тарифі өзгерген жағдайда, мемлекеттік мекеме «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» бұрын есептелген тұрғын-үй көмегіне қайта есептеу жүргізеді.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй жәрдемақысын алушы өз үйінің меншік нысанының түрлі өзгеріске түсуі, отбасы құрамы және оның жалпы табысы, сондай-ақ көмек дұрыс есептелінбегенде, осы жағдайлар туралы мемлекеттік мекеме «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» 10 күн ішінде хабарлауға міндетті. Жәрдемақы көмегі қызметіне жалған мәліметтер беріп көтеріңкі немесе заңсыз тұрғын үй көмегін алған меншік иелері 1 жыл бойына жәрдемақы алу құқығынан айырылады.Ал заңсыз тұрғын үй көмегі түрінде алынған ақша заң жолымен қайтарылады.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау.
2. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі шешім меншік иесінің (жалдаушының) өтінішіне құжаттарын қосып тапсырған күннен бастап он күн ішінде қабылданады.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй жәрдемақысын алу үшін өтінішке қосып төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:
Тармақша 1
1) меншіктендіру шарты (егер пәтер меншіктендірілмесе, ордер), сату-сатып алу шарты, айырбас шарты (бірінші рет өтініш берушілерге ксерокөшірмесі);
Тармақша 2
2) жеке бас куәлігі, немесе пәтер иесінің төлқұжаты (бірінші рет өтініш берушілерге ксерокөшірмесі);
Тармақша 3
3) отбасының құрамы (азаматтарды тіркеу кітабінан ксерокөшірме);
Тармақша 4
4) жарық пен газдың есеп кітапшалары (өткен тоқсандағы төлем жасағаны туралы түбіртектер);
Тармақша 5
5) еңбек ақы, зейнетақы, жәрдемақы, алимент туралы анықтамалар;
Тармақша 6
6) жұмыссыздарға-еңбекпен қамту бөлімінен анықтама;
Тармақша 7
7) жылжымайтын мүлік туралы анықтама (жылына бір рет);
Тармақша 8
8) абонент-қалалық телекоммуникация абоненті екені жөніндегі анықтама (келісім шарт, немесе телекоммуникацияға төлеген түбіртек-шот ксерокөшірмесі) тапсырады.
Тармақ 15
15. Күдік туған жағдайда мемлекеттік мекеме «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» тұрғын-үй көмегін алушы үміткер жеке тұлғалардан табысы туралы мәліметтерге сұрау салуға құқылы.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй жәрдемақысының көлемі тұрғын үйді күтіп ұстау және тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне нақтылы төлемдермен жалға алушы (меншік иесі) өтемақымен қамтымасыз ету мөлшері шегінде берілген отбасының осы мақсатқа рұқсат етілетін шектелген деңгейі айырмасы ретінде есептеледі.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй жәрдемақысының төлемі аудандық бюджеттің қаржысы есебінен жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік мекеме «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» өтінушінің жеке арызына сәйкес бөлінген қаражатты тұрмыстық көмек көрсетуші коммуналдық кызметтермен жабдықтаушыларға аударады.
Тармақ 19
19. Қызметкерлер тарапынан тұрғын үй көмегі заңсыз тағайындалса, оған кінәлі лауазымды адамдар заң жүзінде жауапқа тартылады.
Тарау 3. 3. Телефон абоненттеріне тарифтің өсуіне байланысты айырмашылығын кері қайтару.
3. Телефон абоненттеріне тарифтің өсуіне байланысты айырмашылығын кері қайтару.
Тармақ 20
20. Телекоммуникацияның қалалық торабының абоненті (әріқарай-абонент)-жеке адам, телекоммуникацияның торабынан келісім шарт арқылы телефонның абоненттік номерін, немесе индентификациялық код иесі.
Тармақ 21
21. Қалалық телекоммуникацияда телефоны бар әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін төленетін абоненттік төлем тұрғын-үй және коммуналдық көмек арқылы тек телефон үшін белгіленген қаржы.
Тармақ 22
22. Абоненттерге абоненттік тарифтың телефонға өсуіне байланысты бұрынғы төлеммен айырмашылығы тұрғын үй-коммуналдық төлемақы мөлшеріне қосылады.
Тармақ 23
23. Телефон иесіне төленетін абоненттік жәрдем екінші деңгейдегі банк арқылы, осы жасаған қызметіне тұрғын үй жәрдемақысына жасалған шарт негізінде төленеді.