Об утверждении Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям нуждающихся граждан Күшін жойған
Басқа 0
«Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлем төлеуді іске асыру Ережесін» бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді төлеуді іске асыру Ережесі» (қоса берілді) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Көкшетау қалалық мәслихатының 2005 жылғы ақпандағы № С-19/9 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлем төлеуді іске асыру Ережесін бекіту туралы» (Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 15 ақпанда № 3030 болып тіркелген, 2005 жылғы 3 наурызда «Көкшетау» № 10 және 2005 жылғы 10 наурызда «Степной маяк» № 11 газеттерінде жарияланған, Көкшетау қалалық мәслихатының шешіміне енгізілген өзгерістермен: Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 30 наурыздағы № С-39/7 «Көкшетау қалалық мәслихатының 2005 жылғы 15 ақпандағы № С-19/9 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлем төлеуді іске асыру Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі, Көкшетау қаласының әділет басқармасында 2007 жылғы 3 сәуірде № 1-1-57 болып тіркелген, 2007 жылғы 19 сәуірде «Көкшетау» № 16 және 2007 жылғы 19 сәуірде «Степной маяк» № 16 газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Көкшетау қалалық мәслихатының
2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-6/15
шешімімен бекітілген
Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүзеге асыру ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырады, «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеу» 451-007 бюджеттік бағдарламасы бойынша төлем төлеуді ұйымдастыру тәртібін реттейді (бұдан әрі - Ереже).
Тармақ 2
2. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
жергілікті өкілетті органның шешімімен құрылған арнайы комиссия;
жергілікті өкілетті орган белгілеген азаматтардың өтініштерін есепке алу және тіркеу бойынша уәкілетті орган.
Тармақ 3
3. Ережені қабылдау үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 4
4. Ереженің әрекеті Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттелетін қатынастарға таратылмайды.
Тарау 2. 2. Төлемдерді алу құқығы
2. Төлемдерді алу құқығы
Тармақ 5
5. Әлеуметтік төлемдерді алу құқығы барлар:
Тармақша 1
1) қалада тұратын отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар (азаматтар);
Тармақша 2
2) белгілі жағдай бойынша жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылар (азаматтар);
Тармақша 3
3) мерекелік күндерге қарсы жекелеген санаттағы азаматтар;
Тармақша 4
4) өмірдегі қиын жағдайға ұшыраған отбасылар (азаматтар): отбасының бір мүшесінің өлімі, онкологиялық және туберкулез ауруларынан ұзақ емделу, операция жасау қажеттілігі, Қазақстан Республикасының аумағында ауруханаға бару үшін жолақы төлеу;
Тармақша 5
5) аз қамсыздандырылған отбасылардың студенттерінің қала бойынша жүру жолақысы;
Тармақша 6
6) халықтың әлеуметтік осал жіктерінің отбасылары (азаматтар);
Тармақша 7
7) балаларға сауықтыру жолдамасын сатып алатын отбасылар;
Тармақша 8
8) 1, 2, 3 топ мүгедектері, Ұлы Отан соғысының мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар санаторлық-курорттық емделу үшін соғысқа қатысушылардың жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген басқа санаттағы тұлғалар; 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында тылда ең кем дегенде 6 ай жұмыс істеген өтілі анықталған тұлғаларға және еңбек ардагерлеріне;
Тармақша 9
9) жан басына шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары отбасыларға (азаматтарға) жекелеген жағдайларда: өрт, денсаулық жағдайы нашарлағанда, авариялар және басқа да күтпеген жағдайларда;
Тармақ 6
6. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына коммуналдық қызметтер үшін өтемақы төлеу.
Тармақ 7
7. Жан басына шаққандағы табыстары ай сайын 0,5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде кедейшілік шегінен аспайтын аз қамсыздандырылған отбасыларға тоқсанына бір рет төлем төлеу.
Тарау 3. 3. Төлемдер бойынша ұйымдастыру жұмыстары
3. Төлемдер бойынша ұйымдастыру жұмыстары
Тармақ 8
8. Төлемдер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында қалалық мәслихаттың депутаттары, қаржы бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатарынан (келісім бойынша) комиссия құрылады. Құрамында он бір адам бар комиссияның жеке құрамын қалалық мәслихаттың шешімімен бекітіледі.
Комиссия отырысы кемінде айына бір рет өткізіледі.
Тармақ 9
9. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Әлеуметтік көмек көрсету туралы азаматтардың өтініштерін қарау;
Тармақша 2
2) көмек сұрап келген отбасылардың (азаматтардың) қамсыздандыру деңгейіне және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына тексеріс жүргізу;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек тағайындалғандығы немесе бас тартылғандығы туралы шешім қабылдау.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік төлем төлеу тәртібі мен мөлшері
4. Әлеуметтік төлем төлеу тәртібі мен мөлшері
Тармақ 10
10. Әлеуметтік төлем жылына бір рет отбасының мүшелеріне немесе бір мүшесіне ақшалай түрде коммисияның қорытындысы бойынша беріледі.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлға өкілетті органға өтінішпен бірге келесі құжаттарды қоса ұсынады:
Тармақша 1
1) жеке басының куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 2
2) СТН (салық төлеушінің нөмірі);
Тармақша 3
3) үй кітабының көшірмесі;
Тармақша 4
4) отбасының кәмелеттік жасқа толған барлық мүшесінің өткен тоқсандағы табыстары туралы анықтама;
Тармақша 5
5) мұқтаждығын растайтын құжаттар (дәрігерлік- консультациялық комиссияның (бұдан әрі-ДКК) анықтамасы, емдеуші дәрігердің рецепті, өрт инспекциясының анықтамасы, қайтыс болғандығы туралы куәліктің көшірмесі және т.б.)
Тармақ 12
12. Осы Ереженің 5 тармағының 8 тармақшасында көрсетілген санаттардың тұлғалары санаторлық-курорттық жолдама алу үшін келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) жеке басының куәлігінің көшірмесін;
Тармақша 2
2) мәртебесін немесе мүгедектігін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
Тармақша 3
3) санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы жөніндегі ДКК анықтамасы;
Тармақша 4
4) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі.
1,2,3 топтың мүгедектері үшін жоғарыда аталған құжаттардан басқа мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндісінің көшірмесін ұсыну қажет.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік төлем қаражаты өтініш берушінің есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік төлемнің мөлшерін әрбір нақты жағдайда комиссия белгілейді.
Көмектің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленген 30 айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиісті.
Тармақ 15
15. Мерекелік күндерге байланысты берілетін әлеуметтік төлем аталған тарауда көрсетілген тұлғалардың есепшоттарына жиынтық тізбенің негізінде өтініш берілмей аударылады:
Тармақша 1
1) Жеңіс күніне орай, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне - 5000 теңге; тыл еңбеккерлеріне - 1000 теңге;
Тармақша 2
2) «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» алқаларымен жаңадан марапатталған көп балалы аналар - 5000 теңге;
Тармақша 3
3) Балаларды қорғау күніне орай, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 2000 теңге.
Тармақ 16
16. Оқушыларды жазғы сауықтыру демалыстарына, санаторлық-курорттық жолдамаға төлемдер осы мәселемен айналысуға құқығы бар ұйымдардың есеп шоттарына жіберіледі.
Тармақ 17
17. Өкілетті орган зейнетақы төлеу Орталығының деректерінің негізінде қалалық бюджет осы мақсатқа бөлген қаражатының шегінде әлеуметтік төлемдер төлеу үшін азаматтардың тізімін құрады және ұсынады, тізімнің сенімділігіне жауап береді
Тарау 5. 5. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру
5. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру
Тармақ 18
18. Әлеуметтік төлемдер бойынша шығындарды қаржыландыру қалалық бюджеттен 451-007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлем төлеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік төлемдердің іске асырылуын бақылау
6. Әлеуметтік төлемдердің іске асырылуын бақылау
Тармақ 19
19. Әлеуметтік төлемдер төлеу бойынша бақылау мен есептілік Қазақстан Республикасының «Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау туралы» Заңына сәйкес іске асырылады.