Об областной комиссии по делам семьи и женщин при акиме области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімі жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі облыстық комиссия туралы 📌 Ескерту. Мемлекеттік тіркеу бұзылды - Қарағанды облыстық әділет Департаментінің 2004 жылғы 1 қазандағы НҚА мемлекеттік тіркеуін бұзу жөніндегі қорытындысымен, мемлекеттік тіркелуге тиіс еместіктен (38 бап ҚР Заңы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213) және қолданыстағы заңдарға қайшы келгендіктен (ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 Қаулы, 22 тармақ). Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 4176 Жарлығын және осы мәселе жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 194 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Облыс әкімі жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі облыстық комиссия құрылсын (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыс әкімі жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі облыстық комиссия туралы ереже бекітілсін (№2 қосымша).
Тармақ 3
3. Қалалар және аудандар әкімдер жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссиялар құрсын, сәйкес ережелерді бекітсін.
Басқа 4. Қарағанды облысы әкімі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі облыстық комиссия ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің 1999 жылғы 25,06, № 122 шешіміне № 1 қосымша Қарағанды облысы әкімі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі облыстық комиссия ҚҰРАМЫ Хайролла Бірәұлы Қабжанов – облыс әкімінің орынбасары, облыстық комиссия төрағасы Рымбала Кенжебалақызы Омарбекова – мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім департаментінің бастығы, төраға орынбасары; Сәлима Нұрмағанбетқызы Нұрмағанбетова – Қазақстан халықтары кіші Ассамблея атқарушы хатшылығыгың меңгерушісі, комиссия хатшысы, Гүлнар Аманжолқызы Әбдіқалиева – облыстық әділет басқармасы бастығының орынбасары; Аманбек Түсіпханұлы Әбдіханов – облыстық көші-қон және демография басқармасының бастығы; Әнуар Ерғазыұлы Әбілаев – облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әліуметтік қорғау басқармасынң бастығы; Әлия Балташқызы Әлкеева – «Валют-Транзит» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы; Надежда Ивановна Барановская – облыстық солдат аналары комитетінің төрайымы Евегений Петрович Бекметов – облыстық білім беру департаментінің бастығы Жәкен Оқасқызы Бердінова – ҚарГРЭС бас директоры, отбасы және әйелдер ұлттық комиссиясының мүшесі; Бағдат Мұхамедәліқызы Бекшенова – облыстық қоғамдық «Қарағанды» балалар қорының атқарушы директоры; Нүрсулу Ыбрайқызы Бөкетова – «Лингва» тілдер және аударма университетінің ректоры, филология ғылымының докторы, облыстық іскер әйелдер Ассоцияциясының төрайымы Дәрия Аешқызы Бұрқанова – Қарағанды қаласы неке Сарайының директоры Софья Алексеевна Гонцова – ҚарМТУ-дің орыс және шет тілдері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымының докторы, профессор Әдиша Конекбакқызы Есмағамбетова – Нұра ауданы әкімінің орынбасары; Раиса Сейиқалиқызы Елеусізова – облыстық мұсылман әйелдері Лигасының төрайымы Гүлнәр Сәлкейқызы Ермекова – «Әлует-инвест» ЖШС директоры Бахытгүл Ахметқызы Жанабековна – «Бахытгүл» ресторанының директоры Любовь Степановна Краскова – облыс әкімі жанындағы аз қамтылған аөаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қайырымдылық қордың атқарушы директоры Гүлнәр Төретайқызы Құрбанбаева – Облыстық кәсіпкерлер Ассоциясының атқарушы директоры; Ғазират Смағұлқызы Медеубаева – облыс әкімі аппаратының жалпы бөлім меңгерушісі; Зәуреш Меңдігерейқызы Молдаевна – мемлекеттік зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі қалалық бөлімшенің бастығы; Татьяна Филипповна Самойлюк – білім және ғылым қызметкерлері облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы; Несіп Мұсатайқызы Сейітова – Қарағанды облыстық сауда- өнеркәсіп палатасының төрағасы Алмагүл Тайманқызы Өсерова – Жезқазған қалалық Мәслихатының хатшысы; Алма Қамашқызы Шамова – облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас акушер- гинекологы
Басқа 5. Қарағанды облысы жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі облыстық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Облыс әкімінің 1999 жылғы 25.06. № 122 шешіміне № 2 қосымша Қарағанды облысы жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі облыстық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы әкімі жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия (бұдан былай- Комиссия) облыс әкімі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативті құқықтық актілері, әкім, шешімдері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымдарды және ұсыныстары, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Тарау ii. II. Комиссияның негізгі міндеттері
II. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссиясының айқындалған басымдықтары және ұсынынмдарына сәйкес отбасы және әйелдер істері жөніндегі облыстық аймақтық кешенді бағдарламар жасау;
Тармақша 2
2) Отбасын, әйелдер мен балалрды әлеуметтік, экономикалық, заңдық және психологиялық тұрғыда қолдау жөніндегі басқа да шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 3
3) халықтың өсіп- өну процестері мен денсаулығының жай-күйіне, аналар мен балаларды қорғауда, отбасылардың әлеуметтік және экономикалық тұрмыс жағдайларына кешенді талдау жасау;
Тармақша 4
4) қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өміріндегі отбасының, әйелдер мен балалардың ақиқат жағдайын анықтау жөніндегі ақпараттық базаны түзуге жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) жергілікті өкілдік және атқарушы органдарда әйелдер өкілдіктерінің кеңеюіне жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) әйелдердің қатысуымен шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 7
7) Отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған кергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің (келісім бойынша) ұсыныстары мен шешімдері жобарларын қарауға қатысу;
Тармақша 8
8) көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларының әлеуметтік қорғалуын жүзеге асыруға және жалпы міндетті оқумен қамтамасыз етуге, жетім балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға, отбасы, әйелдер мен балалардың мәселелері жөніндегі өзге әлеуметтік шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 9
9) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті өкілетті және атқарушы органдарға ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 10
10) аймақтағы отбасы, әйелдер мен балалар жағдайының қарларын неғұрлым толық және жан-жақты бейнелеу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасу;
Тармақша 11
11) өз құзыретіне қарай барлық ынталы ұйымдармен ықпалдастық, аймақтық деңгейде өткізілетін отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері жөніндегі конференцифлар, кеңестер мен семинарлар өткізу;
Тармақша 12
12) қызметтері бойынша төмен тұрған Комиссияларды әдістемелік қамтамасыз ету және қызметін үйлестіру.
Тарау iii. III. Комиссияның өкілеттігі
III. Комиссияның өкілеттігі
Тармақ 4
4. Комиссия өз құзыреті шегінде мыналарға:
Тармақша 1
1) өз отырыстырында әкімге тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшыларын шақыруға жзәне тындауға;
Тармақша 2
2) өз қызметін жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіп бойынша қажетті құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратып алуға;
Тармақша 3
3) тиісті жергілікті мемлекеттік органдар басшыларына отбасы, әйелдер мен балалар мәселелеріне қатысты жіберілген заңдарды бұзу фактілері бойынша тексерулер мен қызметтік тексерістер жүргізу туралы ұсыныс беруге;
Тармақша 4
4) комиссияның отырыстарын даярлауға, бағдарламалар әзірлеуге және тексерулер жүргізуге қатысу үшін беделді әрі кәсіби даярланған жұртшылық өкілдерін белгіленген тәртіп бойынша штаттан тыс сарапшылар ретінде тартуға;
Тармақша 5
5) қызметтері бойынша ұқсас төмен тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіруге және бақылауға;
Тармақша 6
6) басшы қызметтерге әйелдер кандидатуралардың ұсынылуына жәрдемдесуге;
Тармақша 7
7) отбасы, әйелдер мен балалр жағдайларын жақсарту мақсатында статистикалық талдау, әдістемелік және өзге де ақпаратық материаларды, жергілікті мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерге ұсыныстар жолдауға хақылы;
Тармақша 8
8) Комиссия азаматтардың келіп түскен өтініш-арыздарын, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қараудың нәтижесі бойынша материалдарды мәселенің мәні бойынша шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның қарауына жолдай алады.
Тарау iv. IV. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
IV. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақша 5
5) Комиссия өз қызметін облыс әкімімен бекітілген осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Комиссияны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының келісімі бойынша әкіммен тағайындалған төраға басқарады. Комиссия төрағасының орынбасары болуы мүмкін.
Тармақша 7
7) Комиссия құрамына жергілікті мемлекеттік органдар және өзге ұйымдар өкілдері кіреді. Комиссияның сандық және жеке құрамын комиссия төрағасының ұсынысы бойынша әкім анықтайды.
Тармақша 8
8) Комиссияның отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ тоқсанына бір мәртеден сиретілмей өткізіледі;
Тармақша 9
9) Комиссия отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері санының жай көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады. Егер комиссия мүшелерінің жалпы санының 2/3 бөлігі қатысса, Комиссия отырыстары құқылы болып саналады. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді.
Тармақша 10
10) Комиссия Төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссия қызметін ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Комиссия отырыстарының күн тәртібін анықтайды;
Тармақша 3
3) Комиссияның отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді. Комиссия Төрайымы орнында болмаған жағдайда, оның тапсырмасы бойынша орынбасары немесе Комиссия мүшелерінің бірі төрағалық етеді;
Тармақша 4
4) Комиссия мүшелерінің ішінен Комиссия отырысының күн тәртібіне еңгізілген мәселе бойынша баяндамашыны анықтайды;
Тармақша 5
5) Тоқсан сайын әкім және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасы алдында Комиссия жұмысының қорытындылары туралы есеп береді.
Тармақша 6
6) Әкім шешімімен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау v. V. Комиссия қызметтін қамтамасыз ету
V. Комиссия қызметтін қамтамасыз ету Комиссия қызметінің ақпараттық-талдау және ұйымдық қамтамасыз етілуін комиссия хатшылығы жүзеге асырады.