О проведении приписки граждан к призывному участку на территории Кызылжарского района Северо-Казахстанской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтустік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында шақыру учаскесіне тіркеуге алуды жүргізу туралы Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери қызмет және әскери қызмет туралы» Заңының 17,18-баптарына және Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы №371 «Қазақстан Республикасы аумағында шақыру учаскесінде азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1991 жылы туған және бұрын тіркеуге алынбаған жасы үлкен азаматтарды шақыру учаскесінде 2008 жылғы қаңтар-наурызда тіркеуге алу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Тіркеуге алу жөніндегі комиссияның құрамын мына құрамда бекітсін: комиссиясының төрағасы - Қанатбек Өмірбекұлы Мұсаев Қызылжар ауданының «Қорғаныс істері жөніндегі Бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы комиссиясы төрағасының орынбасары - Ермек Қадырұлы Қадыров Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Комиссия мүшелері: - Рахымжан Ғабдолұлы Әбденов «Қызылжар ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекекттік мекемесі бастығының орынбасары - Кама Ашуқызы Сәдуақасова Медициналық комиссияның бас дәрігері жасөспірімдер дәрігер-терапевті Шақыру комиссиясыньщ хатшысы - жасөспірімдер кабинетінің медициналық бибісі Любовь Николаевна Мамбетова
Тармақ 3
3. Қажет болған жағдайда шақырту жөніндегі комиссияның резервтік кұрамынан келесі мамандар пайдаланылсын: Комиссиясының төрағасы - Берік Өмірзакұлы Өмірзақ Қызылжар ауданының «Қорғаныс істері жөніндегі Бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары Комиссиясы төрағасының орынбасары - Александр Викторович Бодуновский Қызылжар аудандық «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Комиссия мүшелері: - Қайрат Темірғалиұлы Мейманов «Қызылжар ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекекттік мекемесі бастығының орынбасары - Мәруар Тұрсынқызы Қапенова Медициналық комиссияның бас дәрігері жасөспірімдер дәрігер-терапевті Шақыру комиссиясының хатшысы - жасөспірімдер кабинетінің медициналық бибісі Галина Павловна Степанова
Тармақ 4
4. Селолық округ әкімдеріне азаматтардың ұйымдастырылған түрде, уақтылы комиссияға келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Әскер қатарына әскерге шақыртылатындарды медициналық куәландырудан сапалы өткізу «Қызылжар аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Анатлоий Яковлевич Коға және «Қызылжар аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Құрманбек Жұмабекұлы Бұрғымбаевқа: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы №226 «Қарулы күштердегі медициналық куәландыру туралы Ережесінің» талаптарына сәйкес медициналық комиссияны қажетті медициналық-санитарлық мүліктермен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін; анықталған сырқат әскер қатарына шақырылушыларды олардың стационарлық тексеріс үшін қажетті төсек-орын бөлумен кезектен тыс медициналық байқау және емдеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының «Жалпыға ортақ әскери міндет пен әскери қызмет туралы» Заңының 44 бабының 1 тармағына сәйкес «Қызылжар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Әлия Мұратқызы Айтқожанова: шұғыл әскери қызметке азаматтарды шақыртуды жүргізу үшін шығыс сметаға сәйкес уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Шақырту учаскесіне азаматтарды тіркеуді өткізу уақтысына, шақырту учаскесіне азаматтарды тіркеуді материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін жұмысқа іс қағаздарын жүргізушілер 4 дана, автобус жүргізушісі 1 дана бірлігімен, шақырту учаскесін еден сыпырушысы-1 дана. осы мақсаттар үшін Қызылжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі Бөлімнің берген автобусын ауданның елді мекендерінен азаматтарды жеткізу үшін пайдалансын.
Тармақ 8
8. Шақырту учаскесіне азаматтарды тіркеуді жүргізуге берілген қосымша бекітілсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ермек Қадырұлы Қадыровқа жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. «Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.А.Мизамбаев «Қызылжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі Бөлімінің бастығы Қ.Ө.Мұсаев Қызылжар аудандық орталық емхананың бас дәрігері А. Ко